2.2 Пәннің мақсаты: студенттерде экожүйедегі микроорганизмдердің ролі, микробтық табиғаты бар аурулардың этиологиялық диагностика негіздері, қоршаған орта обьектілерінің биологиялық ластану деңгейінің индикациясы және тұрғындардың денсаулық сақтауына қолдануы туралы заманауи білім қалыптастыру.
2.3 Міндеттері:
патогенді және шартты- патогенді микроорганизмдердің биологиялық ерекшеліктерін зерттеу (морфологиялық, физиологиялық, молекулярлы- генетикалық);
табиғатта (макроэкология) микроорганизмдердің таралуы және олардың жұқпалы аурулар тудыруындағы маңызды ролі туралы білім қалыптастыру;
жүйелі білім қалыптастыру: микроорганизм мен макроорганизмнің өзара қарым-қатынасы және қоршаған ортамен. Нормафлора (микроэкология) және оның дисбактериоз дамуына маңызы;
заманауи микробиологиялық, иммунологиялық және молекулярлы-генетикалық зерттеу әдістерін емдеу-профилактикалық мекемелер тәжірибесінде қолдануы туралы білім қалыптастыру;
кең таралған микробты табиғаты бар аурулардың типті зертханалық диагностика әдістерін, қоршаған орта обьектілерінен микробты анықтау әдістерін үйрету;
қоршаған орта обьектілерін микробиологиялық бақылау әдістерін үйрету;