Жұмыс бағдарламасы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2210 Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»



бет213/224
Дата02.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#46944
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   224
Байланысты:
Микробиология-ҚДС-2-курс-каз

Электронды ресурстар:
1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).
2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
6. Қорытынды сұрақтар (кері байланысы):
1.Ортамиксовирустарға жататын вирустарды атаңыз?
2.Парамиксовирустардың ортомиксовирустардан айырмашылығы?


Дәріс №25.
1.Тақырыбы: Асқазан ішек жолдарының вирустық ауруларының қоздырғыштары (энтеровирустар, ротовирустар, гепатит вирустары, паротит, цитомегаловирустар).
2.Мақсаты: Студенттерге респираторлы вирустық инфекцияға вирусологиялық диагноз қою әдістерін, энтеровирустар мен гепатит вирустарының морфологиялық және химиялық құрылымын ,дақылдылық қасиетін, антигендік құрылымын, сыртқы ортаға тұрақтылығын эпидемиялогиясымен патогенезін, клиникасын, иммунитетін микробиологиялық диагностикасы емдеу және алдын- алу әдістерін талдап үйрету.
3.Дәріс тезисі.
Энтеровирустар –майда және қарапайым құрылымды вирус, дөңгелек пішінді 20-30 нм. Вирустың суперкапсидті қабықшасы жоқ. Оның құрамында көмірсутек және липидтер жоқ, сондықтан майды ерітуші ертінділерге эфирге сезімтал емес. Көпшілік энтеровирустар Коксаки А вирусынан басқасы адам ұлпасынан алынған біріншілік және өндірілген дақылдарда цитопатогендік әсер мен байқалады. Энтеровирустар жалпы топқа және типке тән антиген түзеді. Э.В.И –ның инкубациялық кезеңі 2-4 күнге дейін болады 10- күнге дейін ұзаруы мүмкін. Ауру жедел басталады, дене қызуы бірден 38-39 С -40 С - қа дейін көтеріледі бас ауруы, айналуы, әлсіздік мазасыздық байқалады.
Аурудан кейін тұрақты типке тән иммунитет қалыптасады. Вирусологиялық және серологиялық аурудың жұп сарысуы мен қойылады. Вирусты мұрын жұтқыншақ кілегейден аурудың бірінші күні алынады, нәжіс, цереброспинальді сұйықтық алынады. Мәйіттен вирус зақымдалған ағзалардан алынады. Серодиагностика әдісінде энтеровирустарға титрдің жоғарылауы 4 есе байқалады.
Емдеу және алдын-алу әдістері. Патогенетикалық терапия. Аурудың бірінші күндері интерферон және басқа да вирусқа қарсы препараттар қолданылады. Арнайы алдын-алу әдістері жоқ.
2. КОКСАКИ вирусы –РНҚ түзуші вирустар Picornoviridae әулетіне Enterovirus кіреді. Вирустың аты АҚШ-тағы вирус табылған жергілікті аймақтың аты. Коксаки А вирусы диффузды миозитті және көлденең жолақ бұлшық еттердің ошақты өліктенуіне алып келеді. Коксаки В –ОНЖ зақымдайды, салдылықтың дамуына, скелет бұлшық еттердің өліктенуіне және миокардтың да өліктенуіне алып келеді. Коксаки В вирусы энцефалитті, миокардитті, полиомиелит тәрізді ауруды шақырады.
Микробиологиялық диагностикасы. Вирусологиялық әдісті қолданады: вирусты нәжістен, мұрын–жұтқыншақтан бөліп алады. НеLa жасушаларын зақымдайды. Вирусты КБР, РН, ИФА, РТГА идентификациялайды.
ЕСНО –вирусы РНҚ- түзуші 30 –дан аса типі бар.ЕСНО –вирусы адамдардағы цитопатогенді ішек вирусы.Вирус асептикалық менингитті, тыныс жолдары вирусты инфекциясын шақырады.
Микробиологиялық диагностикасы. 1.Вирусологиялық әдіс: вирусты цереброспинальді сұйықтықтан, нәжістен, мұрын жұтқыншақ сұйықтығынан бөліп алып маймылдың бүйрек жасушаларын зақымдайды. 2. Серодиагностика. Қан сарысуында антидене титрінің жоғарылауын КБР, ИФА, РН, РТГА, жәрдемімен анықтаймыз.
3.Полиомиелит- сал ауруы жедел, антропанозды, қоздырғышы негізінен нәжіс –ауыз механизмімен берілетін, жұлынның қоңыр затының алдыңғы мүйізінің, мидың әр түрлі бөлімдерінің зақымдалуымен, бұлшық еттің атрофиялық сылбыр параличімен сипатталатын ауру. Вирустың мөлшері 28 нм.
Полиомиелит қоздырғышы Picarnoviridae әулетіне Enterovirus тұқымына Poliovirus түріне кіреді.
Антиген құрылымы. 3 серотипі бар түрдің ішінде 1,2,3, қиылысатын иммунитетті шақырмайтын түрге бөлінеді.Барлық серотиптері маймылдар үшін патогенді.
Иммунитеті. Аурудан кейін мәңгілік типке тән иммунитет қалыптасады.
Микробиологиялық диагностикасы.Лабораториялық зерттеу үшін мұрын жұтқыншақ жұғындысы, нәжіс, жұлын суы , қан алынады.
Вирусологиялық және серологиялық зерттеу жүргізіледі. Серологиялық зерттеу нәтижесі вирус нейтралдаушы қарсы денелер титрі 4 есеге артқанда ғана диагностикалық маңызды саналады.
Алдын-алу. Сал ауруына қарсы ауызға тамызатын тірі вакцина қолданылады. Вакцина африкалық жасыл маймылдардың бүйрек жасушаларында өсірілген. Вакцина сұйық түрде шығарылады.
Емдеу әдістері. Патогенетикалық терапия. Сал формасын алдын алу үшін иммуноглобулин қолданылады.
4.Иллюстрациялық материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет