Жұмыс бағдарламасы пән, пән коды Фармацевтикалық гигиена негізі, ofg 3213 Мамандық 051103- фармация



бет96/96
Дата17.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#117316
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96
Байланысты:
Фарм-гиг-Фарм.-3-курс-каз

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ


«Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология» кафедрасы
ПӘН БОЙЫНША БІЛІМІН ІСКЕРЛІГІН ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН БАҚЫЛАУШЫ - ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАР

Пән – Фармацевтикалық гигиена негізі, OFG 3213




Мамандық - 051103- Фармация


Курс: 3

2014-15 жыл
Пән бойнша тест сұрақтары кафедра мәжілісінде талқыланды.


Хаттама 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент____________ Долтаева Б.З.



3 курс Фармация мамандығы студенттеріне «Фармацевтикалық гигиена негізі» пәнінен емтихан тест сұрақтары
~ Статикалық жұмыс- бұл ...
| кеңістікте денені немесе дене бөліктерін бірқалыпты ұстауға бағытталған бұлшық ет жиырылу үдерісі.+
| жүктің, сонымен қатар адамның денесінің кеңістікте қозғалуына алып келетін бұлшық еттің жиырылу үдерісі.
| есте сақтау және ойлау, көңіл қою сенсорлық аппараттың күштемесін талап ететін ақпаратты қабылдау және өңдеумен байланысты жұмыс.
| бұлшық ет белсенділігін талап ететін жұмыс.
| есте сақтау мен ойлау, көңіл қою, сенсорлық аппараттық күштемесін талап ететін жұмыс.
~ Динамикалық жұмыс – бұл ...
| жүктің, сонымен қатар адамның денесінің кеңістікте қозғалуына алып келетін бұлшық еттің жиырылу үдерісі.+
| ойдың, жадының, ықыластың сенсорлық мүшенің аса кернеулігін талап ететін ақпараттарды қабылдау мен өңдеумен байланысты жұмыс
| бұлшық еттің белсенділігін талап ететін жұмыс
| ойдың, жадының , ықылас сенсорлық мүшенің аса кернеулігін талап ететін жұмыс
| кеңестікте денені немесе оның бөлшегін ұстап тұру қажетті бұлшық еттің жиырылу үдерісі.
~ Дене еңбегі- ...
| бұлшық ет жүйесін дамытады, әрі зат алмасу үдерісін үдетеді. +
| ой мен жадыны дамытады.
| сенсорлық мүшені дамытады.
| үлкен ақпаратты өңдеуді қажет етед.
| зат алмасу үдерісін баяулатады.
~ Микроклимат көрсеткіштерін санитарлық дәрігер ... бағалайды.
| санитарлық нормасы мен ережесіне сәйкес+
| стандартқа сәйкес
| тәулік мезгілін ескере отырып
| жұмысшылардың санына байланысты
| климаттық жағдайларды ескере отырып
~ Температураның динамикадағы өзгерісін зерттеу үшін ... қолданылады.
| термограф+
| термометр
| гигрограф
| аспирациялық термометр
| сулы термометр
~ Өндірістегі жылулық сәулелену көздерінің жиілігін өлшеу үшін ... қолданылады.
| актинометр мен радиометр +
| термометр мен гигрометр
| барометр мен динамометр
| актинометр мен спирометр
| радиометр мен аспиратор
~ Беткейлік температураны ... өлшейді.
| электрлі термометрмен+
| термографпен
| радиометрмен
| актинометрмен
| электрлі гигрометрмен
~ Микроклиматты интегралды бағалау үшін ... қолданылады.
| ортаның жылулық жүктеме индексін+
| денсаулық индексін
| орта индексін
| зертханалық зерттеу көрсеткіштерін
| жылулық тепе-теңдік индексін
~ Микроклиматты ... өлшеу қажет.
| технологиялық үдерістің біркелкі жағдайында жұмыс ауысымының басында,ортасында,соңында+
| жұмыс ауысымының басында
| жұмыс ауысымынң соңында
| түскі үзіліс кезінде
| демалыс күндері
~ Жұмысты отырып атқарғанда температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығының өлшемдері еденнен ... биіктікте жүргізіледі.
| 1м+
| 2,5м
| 1,5м
| 2,5м
| 3,0 м
~ Жұмысты тұрып атқарғанда температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығының өлшемдері еденнен ... биіктікте жүргізіледі.
| 1,5м+
| 2,0м
| 2,5м
| 1,0м
| 0,5м
~ Инфрақызыл радиациасының интенсивтілігін ... өлшейді.
| адам денесінің сәулеленуге ұшырайтын беткейінің деңгейінде+
| жұмыс аусымының басында адам денесінің сәулелену денгейін есепке алмағанда
| жұмыс аусымының соңында адам денесінің сәулелену денгейін есепке алмағанда
| жұмыс орнында адам денесінің сәулелену денгейін есепке алмағанда
| түскі үзіліс кезінде адам денесінің сәулелену денгейін есепке алмағанда
~ Микроклиматты тексеру нәтижесі бойынша ... толтырылады.
| хаттама+
| акт
| ұйғарым
| қорытынды
| түйіндеме
~ Жұмыс орнындағы микорклиматтың тиімді көрсеткішін қамтамасыз ету үшін температура аутқуы ... аспауы тиіс.
| 2 С +
| 3 С
| 4 С
| 5 С
| 6 С
~ Егер жұмыс орнындағы температура қалыпты жағдайдан төмен болса, ондай ... микроклиматқа жатады.
| салқындатқыш +
| қыздырғыш
| әмбебапты
| бейтарапты
| жоғарғы
~ Атмосфералық қысым өзгерісін үздіксіз тіркейтін құралға ... жатады.
| барограф+
| термограф
| гигрограф
| кардиограф
| барометр
~ Ауаның ылғалдылығы ... байланысты.
| ауадағы су буларының мөлшеріне+
| ауадағы шаң мөлшеріне
| технологиялық үдерістерге
| жұмысшылар санына
| тәулік уақытына
~ Ылғалдылықты сипаттау үшін қолданылатын түсініктер:
| абсолютті, максимальды, салыстырмалы ылғалдылық, қанығу тапшылығы, шық нүктесі+
| абсолютті, максимальды, салыстырмалы, минимальды ылғалдылық, шық нүктесі
| абсолютті, салыстырмалы, ылғалдылық тапшылық ылғалдылығы
| максимальды және минимальды ылғалдылық
| қанығу тапшылығы мен жылдамдығымен
~ Өндірістік микроклиматтың түрлеріне... микроклимат жатады.
| бейтарап, ыстық, салқын+
| тиімді және бейтарап
| оң және теріс
| жылытатын және салқындататын
| біріншілік және екіншілік
~ Ауадан сынама алу үшін ... қолданады.
| аспираторды+
| барометрді
| люксметрді
| гигрометрді
| метеометрді
~ Ауадан 1 сынама алудың ұзақтығы ... байланысты.
| жұмыс аумағындағы ауаның құрамындағы заттарға+
| 1 аусымдағы жұмысшылар санына
| жыл мезгіліне
| тәулік мезгіліне
| технологиялық үдерістің ерекшелігіне
~ Қауіптілігі 1 классқа жататын ауаны бақылау ... жүргізіледі.
| кем дегенде 10 күнде 1 рет+
| күн сайын
| апта сайын
| ай сайын
| 3 айда 1 рет
~ Қауіптілігі 2 класқа жататын ауаны бақылау ... жургізіледі.
| 1 айда 1 рет+
| 3 айда 1рет
| апта сайын
| 6 айда 1 рет
| күн сайын
~ Қауіптілігі 3 класқа жататын ауаны бақылау кезеңдігі ... 1 ретті құрайды.
| айына+
| 6 айда
| жылына
| маусымда
| 5 айда
~ Қауіптілігі 4 классқа жататын ауаны бақылау кезеңділігі ... 1 ретті құрайды.
| 6 айда+
| айына
| маусымда
| жылына
| 10 күнде
~Шуды өлшеген кезде ...
| шу көздерінің барлығы қосылып тұруы тиіс.+
| шу көздерінің барлығын өшіріп қойған жөн.
| жұмысшылар құлақтарын тығындауы қажет.
| жұмысшылар бөлмеден шығып кетуі қажет.
| жасанды жарық көзін өшіру қажет.
~ Шуды әр нүктеде ... өлшеу қажет.
| кем дегенде 3 реттен+
| 2 реттен
| кем дегенде 1 рет
| 5 реттен
| бірнеше реттен
~ Шуды өлшеген кезде микрофонды жұмыс орнындағы еденнен ... биіктікте ұстау қажет.
| 1,5м+
| 0,5 м
| 1,0 м
| 3,0 м
| 2,0 м
~ Уақыт сипаттамасына байланысты діріл ... болып бөлінеді.
| тұрақты және тұрақты емес +
| бір мезеттік және тұрақты
| импульсті және ағымды
| интегралды және координирленген
| өзгергіш және аусымды
~ Бөлмедегі жасанды жарық деңгейін ... өлшейді.
| түнде+
| күндіз
| кешке
| таңертең
| қыстың күні
~ Табиғи жарық деңгейін бағалау үшін ... есептейді.
| табиғи жарық коэффициенті+
| шағылысу коэффициентін
| сіңірілу коэффициентін
| жарық көрсеткішін
| жарықтың табиғи көрсеткішін
~ Табиғи жарыққа баға бергенде ... ескерілмейді.
| жылтырау көрсеткіші+
| қабырғаның түсі
| ТЖК
| терезе әйнектерін тазарту кезеңдігі
| жарықтың түсуі( жанынан,төбеден)
~ Жасанды жарыққа баға бергенде ... ескерілмейді.
| терезе әйнектерін тазарту кезеңдігі+
| жарық көздері
| жарықтану жүйесі
| шамдардың түрі
| жарықтану қондырғыларының жағдайы
~ Нүктелік әдісті ... үшін қолданады.
| қыздыру шамының жарықтануын бағалау+
| қыздыру шамының қуатын есептеу
| люминесценттік шамның қуатын есептеу
| барлық жарық көздерінің қуатын қосып есептеу
| минимальды жарықтануды құрастыру
~ Терезелердің орналасуына байланысты табиғи жарық бөлінеді:
| жаны, жоғарғы+
| жоғарғы, төменгі
| қосарланған, аралас
| вертикалды, горизонталды
| жергілікті, жалпы
~Табиғи жарық ... көлемі нормаланады.
| салыстырмалы+
| абсолютті
| шынайы
| геометриялық
| арифметикалық
~ Тұрғын бөлмелердегі ТЖК ... аралығында болады.
| 0,5-1%+
| 5-10%
| 1-2%
| 2-3%
| 0-1%
~ Геометриялық әдістің көмегімен ... анықтайды.
| жарық және тереңдеу коэффициенттерін, түсу және саңылау бұрыштарын+
| табиғи жарық коэффициенті, түсу бұрышын
| нысанның өлшемін, саңылау бұрышын
| шамның қуатын, тереңдей коэффициентік
| есік пен терезенің бағытталуын, жарық коэффициентік
~ Жарық коэффициентін анықтау үшін ...
| терезенің әйнектелген ауданын өлшейді+
| терезенің ауданын өлшейді.
| қабырғаның ауданын өлшейді
| шамның қуатын анықтайды.
| жұмысшылардың санын анықтайды.
~ Жарықтанудың сандық көрсеткішіне ... жатады.
| жарық+
| ТЖК
| ЖК
| шамның қуаты
| жарық ағыны
~ Өндірістік бөлмелердегі табиғи жарық ... байланысты.
| жыл және тәулік мезгіліне+
| шамдардың санына
| шамдардың қуатына
| шамдардың тазалығына
| шамдардың жарықтануына
~ Люминесценттік шамдардың кемшілігіне ... жатады.
| түсті өзгертуі+
| қолданудағы тиімділігі
| шу шығармауы
| қымбат болуы
| қолдану барысындағы қиындылық
~ Кез келген ЭМӨ айналасы ... аймаққа бөлінеді.
| 3+
| 5
| 6
| 4
| 7
~ Мекемедегі ЭМӨ көздеріне бақылауды ... жүргізеді.
| мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары+
| стандарттау және сертификаттау мекемесі
| ішкі істер бөлімі
| ЕПМ
| прокуратура
~ ЭМӨ деңгейін бақылайтын негізгі әдіске ... әдіс жатады.
| аспаптық+
| статистикалық
| санитарлық-химиялық
| органолептикалық
| физиологиялық
~ Электромагниттік толқын диапазондары ... байланысты.
| толқынның жиілігі мен ұзындығына+
| толқынның қуатына
| шығу көздеріне
| тәулік мерзіміне
| ағынның тығыздығына
~ ЭМӨ бақылауға арналған әрбір нүктелерде өлшемді ... жүргізеді.
| әртүрлі биіктікте 3 реттен+
| 2 рет
| 1 рет
| 0,5 және 1м биіктікте бірнеше рет
| 6 рет
~ ЭМӨ өлшеу барысында барлық қондырғыларды ... қажет.
| жұмыс тәртібіне сай қосу+
| апатты тәртіп жағдайына сай қосу
| өшіру
| максималды тәртіпке сай қосу
| минимальды тәртіпке сай қосу
~ЭМӨ-ті шағылыстыратын экрандар ... жасалады.
| металдардан+
| синтетикалық талшықтардан
| пластмассадан
| алюминий қоспаларынан
| полимерден
~ Қорғаныш киімдеріне ... жатады.
| комбинзон, капюшоны бар күртке, жилет, алжапқыш, бетті қорғайтын заттар, қолғап, аяқ киім+
| зарарсыздандырылған халат, қалпақ, резеңке қолғап, аяқ киім
| қорғасындалған алжапқыш, қолғап, теріден тігілген аяқ киім
| жилет, көзілдірік, 4 қабатты маска, қолғап
| комбинезон, көзілдірік, респиратор, резеңке қолғап, аяқ киім
~Жұмыс орнындағы ұжымдық қорғаныс заттарының тиімділігін ... тексереді.
| кем дегенде 2 жылда 1 рет+
| жыл сайын
| жылына 2 рет
| ай сайын
| 5 жылда 1 рет
~Жұмыс орнындағы жеке қорғаныс заттарының тиімділігін ... тексереді.
| кем дегенде жылына 1 рет+
| 2 жылда 1 рет
| жылына 2 рет
| ай сайын
| 5 жылда 1 рет
~ Радиожиіліктегі электромагниттік сәуле әсер етпейтін жұмысқа ... ауыстырылады.
| жүкті әйелдер+
| климакс кезеңіндегі әйелдер
| созылмалы ауруы бар адамдар
| асқазан –ішек трактысында патологиясы бар адамдар
| артық салмағы бар жұмысшылар
~ Радиожиіліктегі ЭМӨ әсеріне ... сезімтал.
| ОЖЖ, көру мүшесі, жыныс бездері+
| асқазан-ішек трактысы, жүрек-қан-тамыр жүйесі
| паренхиматозды мүшелер
| өкпе, бауыр, тері
| дененің ашық жерлері
~Электромагниттік сәуле жағдайында жұмыс істейтін жұмысшыларға кезеңді медициналық тексеру ... жүргізіледі.
| 12 айда 1 рет+
| 6 айда 1 рет
| 24 айда 1 рет
| ай сайын
| маусым сайын
~ Электромагниттік сәуле жағдайында жұмыс істейтін жұмысшыларды медициналық тесеруге ... қатысады.
| терапевт, невропотолог, офтальмолог+
| травматолог, гастроэнтеролог, гинеколог
| терапевт, хирург, рентгенолог
| кардиолог, стоматолог, нейрохирург
| невропотолог, эндокринолог, пульмонолог
~ Шуды санитарлық бағалау … әдісімен жүргізіледі.
| инструменталдық құралмен тексеру жене есептеу+
| есептеу және графикалық
| физикалық,физико-математикалық
| химиялық,статистикалық
| эксперименталдық және зертханалық
~ Санитарлық қадағалаудың … түрлері болады.
| ескертпелі, ағымды+
| айлық, жылдық
| жаппай, жекелеген
| ағымды, маусымдық
| маусымдық, күнделікті
~ Шу деңгейін өлшеу үшін … аспаптары қолданылады.
| шу өлшегіш, ШИВ-1+
| діріл өлшегіш, актиномер
| люкметр, радиометр
| термограф, термометр
| бутирометр, ТУФ-200
~ Шуды өлшеу мәліметтін өнделінген соң … алынады.
| 3 нүктенің орташа шамасы+
| 2 нүктенің орташа шамасы
| 3 нүктенің бастапқы шамасы
| 3 нүктенің соңғы шамасы
| 4 нүктенің үшінші шамасы
~ Нысанды шудан қорғау шараларына ... кіреді.
| қорғаушы конструкцияның дыбыс оқшаулауын арттыру+
| сәулеттік -жоспарлау шаралары
| қаланы салу және құрылыстық- акустикалық әдістер
| санитарлық- техникалық жабдықтардыарттыру әдістері
| инженерлік- техникалық ұйымдастыру тәсілдері
~ Тұрақсыз шуды өлшеу уақыты ... қажет.
| 30 минуттан кем болмауы +
| 30 минуттан артпауы
| 20 минуттан аспауы
| 25 минуттан аспауы
| 15 минуттан кем болмауы
~ Тұрақты шуды өлшеу әр нүктеде ... жүргізіледі.
| 3 реттен кем емес, 3-5 минут бойы+
| 3 реттен көп емес, 3-5 минут бойы
| 2 реттен кем емес, 3 минут бойы
| 2 реттен кем емес, 3 минут бойы
| 3 реттен кем емес, 5 минут бойы
~ Шудың денгейін өлшегенде негізінде ... толтырылады.
| хаттама+
| акт
| нұсқама
| мәлімдеме
| баянат
~ Көлік шуын ... аралықта өлшейді
| сағат 8-ден 10-ға дейін және 16-дан 19-ға дейінгі+
| сағат 9-дан 10-ға дейін және 17-ден 20-ға дейінгі
| сағат 7-ден 9- ға және 18-ден 21-ге дейінгі
| сағат 6-дан 9-ға дейін және 17-ден 19-ға дейінгі
| сағат 10-нан 12-ге дейін және 19-дан 22-ге дейінгі
~ Шудың әсерінен пайда болған арнайы емес өзгерістеріне ...
| ОЖЖ қызметінің бұзылысы+
| құрақ пердесінің керіліуі
| есту мүшелері қызметінің бұзылуы
| есті мүшелерінің ақаулары
| кереңдіктің дамуы
~ Шудың ағзаға кері әсері ... түрінде байқалады.
| арнайы және арнай емес өзгерістер+
| морфологиялық және функционалдық өзгерістер
| қалпына келетін және қалпына келмейтін өзгерістер
| есту мүшелерінің қызметінің жақсаруы
| қан элементтері пішінінің бұзылуы
~ Пайда болу кезінде инфрадыбысты төмендетудің конструктивті шараларына ... жатады.
| оқшаулау және жұту+
| жоспарлы орналастырулар
| санитарлық тексерулер
| жеке бас қорғаныштық заттары
| еңбек пен демалу тәртібін ұйымдастыру
~ Өндірістік жағдайда инфрадыбыс әсер еткенде еңбек пен демалудың ... тәртібіне енгізу қолданылады.
| әр 2 сағат сайын 20-минуттың үзілісті+
| әр 1,5 сағат сайын 10 минуттың үзілісті
| әр 2,5 сағат сайын 15 минуттың үзілісті
| әр 1 сағат сайын 5 минуттың үзілісті
| әр 3 сағат сайын 30 минуттың үзілісті
~ Инфрадыбыстың әсер ету жағдайында есту мүшесін қорғау үшін ... қолдану ұсынылады.
| құлақ қап (наушники)+
| арнайы белдеулер
| комбинизондар
| дәрумендер
| қолқаптар
~ Инфрадыбыстың әсер ету жағдайында жұмыс істейтіндер медициналық тексеруді ... өтулері қажет.
| 24 айда 1 рет+
| 6 айда 1 рет
| жылына 2 рет
| кварталаны 1 рет
| 24 айда 2 рет
~ Инфрадыбыс әсер ететін жағдайда жұмыс істейтін жұмысшылардың медициналық тексеруін өткізу кезінде ... қатысуы қажет
| ориноларинголог+
| гинеколог
| стоматолог
| фтизиатр
| кардиолог
~ Ағзаға инфрадыбыстың әсер етуінің скринингтік тест ретінде ... шағымы пайдаланылады.
| есту жолында қышу мен жағымсыз сезіміне +
| әлсіздік пен бастың айналуына
| жүрек айну және ауызда сілекейдің бөлінуіне
| іштің аймағының күрт ауырсынуына
| есту жолында шудың және күю сезіміне
~ Жанаспалы ультрадыбыстың жоғары жиіліктегі көздерімен жұмыс істейтіндерге ... пайдалану ұсынылады.
| мақтадан жасалған қолқаптарды+
| бір реттік қолқаптарды
| целофаннан жасалған қолқаптарды
| медициналық қолқаптарды
| стерильденген қолқаптарды
~ Жұмысқа қабылдау кезінде медициналық- биологиялық скрининг ... кезеңде жүргізіледі.
| 2+
| 3
| 4
| 5
| 6
~ Инфрадыбысты тербеліске өте сезімтал болып ... саналады.
| жүрек-қан тамыр, жүйке және вестибулярлы жүйелері+
| қанқа- буын, тыныс алу, жүрек – қан тамырлар жүйелері
| жүйке, тыныс алу жүйелерінің және асқазан ішек жолдарының мүшелері
| зәр шығару, иммундық, эндокриндік жүйелері
| вестибулярлы, эндокриндік, тныс алу жүйелері
~ Инфрадыбыс - бұл ... диапозонындағы төменгі жиілікті акустикалық тербелістер аясы.
| 20 Гц төмен+
| 20МГц
| 30 Гц
| 100 Гц жоғары
| 40 МГц
~ ... адамдарды шуы қарқынды цехтарға жұмысқа қабылдауға болмайды.
| Жасы 35-тен жоғары+
| 18-23 жастағы
| 25-35 жастағы
| 20-30 жастағы
| Жасы 20-дан жоғары
~ Шудың есту мүшесіне әсері ... дамуына алып келеді.
| кохлеарлы невриттің+
| кондуктивті кереңдіктің
| шуға бейімделудің
| нейросенсорлық кереңдіктің
| отосклероздыңдың
~ Шудың әсер ету кезінде еңбекке жарамдылыққа сараптама жүргізгенде ... ескертіледі.
| еңбек жағдайы +
| еңбек өтіліне
| есту қызметін жоғалту дәрежесі
| маманды
| жұмысшының жасы
~ Шудың ағзаға тигізетін қолайсыз әсерін дәлелдейтін функционалдық диагностиканың оңтайлы әдісі болып ... жатады.
| тоналды шекті аудиометрия+
| реоэнцефалография
| электроэнцефалография
| ультра дыбысты допплерография
| тетрополярлы реография
~ Шу тудыратын арнайы емес өзгерістеріне - ... жатады.
| ОЖЖ қызметінің бұзылысы+
| жарғанша тінінің керілуі
| есту мүшесі қызметінің бұзылысы
| есту мүшесінің ақауы
| кереңдіктің дамуы
~ Микроклимат – бұл ...
| жекелеген территориядағы немесе жабық бөлмедегі метеожағдай жиынтығы. +
| белгілі бір территориядағы көп жылдық тәртіп.
| атмосфералық ауаның физикалық қасиеті мен химиялық құрамы.
| ауаның және қоршаған беткейлердің температурасы.
| атмосфералық ауадағы әртүрлі газдар қоспасының жиынтығы.
~ Қыздыратын микроклимат ... сипатталады.
| жұмыс орындағы микроклимат көрсеткіштері комфорт аймағының жоғарғы шегінің артыумен+
| ауаның және қоршаған беткейлердің температурасы
| ағзаның жылу реттеу үрдістерінің күштенуін тудырмайтын микроклимат көрсеткіштерінің жиынтығымен
| ағзада дискомфорттық жылу сезінуді тудырмауымен
| тіндерде алмасу, тотықсыздану үрдістерінің артуына және жылуды өндірудің азаюына алып келуімен
~ Ультрадыбыс тербелісінің шығу көзінің типі бойынша ... көздерді бөледі.
| стационарлық+
| автоматтандырылған
| жылжымалы
| ауалық
| жанасатын
~ Ультрадыбысты тербелісінің спектралды сипаттамасына қарай ультрадыбыс ... болып бөлінеді.
| жиілігі төмен, орташа жиіліктегі, жоғары жиіліктегі+
| өте жоғары жиіліктегі, жоғары жиіліктегі, орташа жиіліктегі
| микротолқынды, ультрақысқа толқынды, ультрамикротолқынды
| орташа жиіліктегі, жоғары жиіліктнгі, ультрамиеротолқынды
| инфрадыбыс, ультрамикродыбысты, микродыбысты
~ 16-дан 63кГц ультрадыбыстық ауытқұлар ... деп аталады.
| төмен жиіліктегі+
| орташа жиіліктегі
| жоғары жиіліктегі
| өте жоғары жиіліктегі
| ультрамикро жиіліетегі
~ Ультрадыбыс- бұл ...
| диапазоны 20 кГц- 1000мГц аралығындағы акустикалық тербелістердің аясы+
| диапазоны 16-20000 Гц аралығындағы механикалық тербелістердің аясы
| диапазоны 20 Гц жиіліктен төмен механикалық тербелістер
| қарқындылығы мен жиілігі әртүрлі, уақыт бойынша ретсіз өзгеретін дыбыстардың жиынтығы
| құралдардың күрделі механикалық тербелмелі қозғалыстары
~ Инфрадыбыс- бұл:
| диапазоны 20 Гц жиіліктен төмен механикалық тербелістер+
| диапазоны 16- 20000 Гц аралығындағы механикалық тербелістердің аясы
| диапазоны 20 кГц- 1000мГц аралығындағы акустикалық тербелістердің аясы
| қарқындылығы мен жиілігі әртүрлі, уақыт байынша ретсіз өзгеретін дыбыстардың жиынтығы
| құралдардың күрделі механикалық тербелмелі қозғалыстары
~ Инфрадыбыс уақыттық сипатына қарай деп бөлінеді
| тұрақты және тұрақсыз+
| үзілмелі және тұрақты
| кең жолақты және тоналды
| ауысымды және орташа тәуліктік
| сағаттық және минуттық
~ Инфрадыбыс өлшеу ... аспабын қолдану арқылы жүргізіледі.
| шу өлшегіш+
| виброметр
| радиометр
| термометр
| актинометр
~ Цехтарда инфрадыбысты өлшейтін нүктелерді бір- бірінен ... қашықтықта таңдайды.
| 20 м артық болмайтын+
| 20 м кем болмайтын
| 10 м артық болмайтын
| 5 м кем болмайтын
| 15 м кем болмайтын
~ Жалпы діріл жиілік спектріне қарай ... болып бөлінеді.
| төмен жиілікті, орташа жиілікті, жоғары жиілікті+
| ультражиілікті, микрожиілікті, микротолқынды
| өте жоғары жиілікті, жоғары жиілікті, төмен жиілікті
| орташа толқынды, қысчқа толқынды, ультрақысқа толқынды
| ұзын толқынды, орташа толқынды, микротолқынды
~ Діріл дегеніміз ...
| энергиясы басқа денелердің қасындағы бөлшектеріне берілетін серпімді денелердің қажетсіз механикалық тербелісі+
| энергиясы бір дененің басқа бөлшектеріне берілетін қатты денелердің қажетсіз механикалық тербелісі
| серпімді ортаның бөлшектерінің механикалық тербелісі
| қандай да бір күштің әсерінен бөлшектердің толқын тәріздес тербелісі
| серпімді денелердің әртүрлі бөлшектерінің механикалық тербелісінің жиынтығы.
~ Діріл ... фаторға жатады.
| физикалық+
| химиялық
| биологиялық
| экологиялық
| экономикалық
~ Дірілдің қарқыны ... өлшенеді.
| дБ+
| В/м
| м/с
| Гц
| км/сағ
~ Оператор адамға берілуі бойынша ... дірілді береді.
| жергілікті және жалпы+
| спектральды және уақыттық
| жергілікті және аймақтық
| тұрақты және тұрақсыз
| жанасатын және конвекциялық
~ Діріл ... белгілері бойынша жіктеледі.
| берілу тәсілі, уақыттық және спектралды+
| берілу бағыты
| сипаты, механиклық және физикалық
| виброжылдамдық, тербелмелі және қозғалмалы
~ Жергілікті дірілдің көздері ... болып табылады.
| қол машинасы, механикаландырылған құралдар+
| ауылшаруашылық және өндірістік тракторлары
| өздігінен жүретін және тіркемелі машиналар
| металл және ағаш өңдейтін станоктар
| қоғамдық көліктер және жеңіл көліктер
~ Ағымды санитарлық тексеру кезінде жарықтану жағдайын бақылау ... жүргізілу керек.
| жылына бір рет+
| 2 жылда 1 рет
| жылына 2 рет
| 3 жылда 1 рет
| 5 жылда 1 рет
~ Өндірісте кезеңді медициналық тексеру жүргізілгенде еңбек гигиенасы дәрігері:
| медициналық тексеруге жататын контингенттерді анықтауды +
| тексерілетін адамдардың аты-жөні тізімін құру
| медсан бөлім дәрігерлері өндірісте еңбек жағдайымен таныстыру
| медициналық тексерудің жоспарын құру
| медициналық тексеру жүргізуге қатысу
~ Дәрігер –профконсультант еңбек жағдайымен танысу үшін ... білуі керек.
| кәсіптің санитарлық сипатын+
| аталған кәсіптің жалпы санитарлық бағасын
| өндірістік ортаның жағымсыз факторларын
| кәсіптік факторлар
| еңбек үрдісінің сипатын
~ Алдын ала медициналық тексерулер ... мақсатында жүргізіледі.
| денсаулық жағдайы бойынша адамның негізгі жұмысқа жарамдылығын анықтау +
| білгілі бір жұмысшы контингентін кезеңдік тексеру
| кейбір ауруларды ерте сатысында анықтау
| мүгедектік топты анықтау
| емдік-санитарлық-кураторлық мекемелерге жолдау
~ Кезеңдік медициналық тексерулер ... мақсатында жүргізіледі.
| кәсіби іс әрекетпен байланысты ауруларды алдынала анықтау +
| жұмысқа қабылдау кезінде белгілі бір жұмысшы контингентін тексеру
| кейбір жұқпалы ауруларды ерте сатысында анықтау
| МСЭҚ-ке жіберу
| диспансерлік бақылау үшін контингенттерді анықтау және құру
~ Өндірістік медико-санитарлық бөлімінің негізгі мақсаттары:
| өндірістік жарақатты төмендету және алдын алу+
| профориентациялық жұмысты жүргізу
| психотерапевтік көмекті қамтамасыз ету
| дәстүрлі емес емдеу шараларын қолдану
| реабилитациялық шараларды жүргізу
~ Өндірістік медико-санитарлық бөлімінің негізгі мақсаттары:
| тұрмыс пен өндіріс жағдайын сауықтандыру шараларын құру және жүргізу+
| профориентациялық жұмысты жүргізу
| психотерапевтік көмекті қамтамасыз ету
| дәстүрлі емес емдеу шараларын қолдану
| реабилитациялық шараларды жүргізу
~ Ингаляциялық жолмен түсетін зиянды заттардың токсикалық әсерінің дәрежесін ұлғайтатын өндірістік орта факторлары:
| дозасы, концентрациясы, сапасы мен ерігіштігі.+
| салмағы, сапасы, ерігіштігі.
| дозасы, концентрациясы, тұрақты және иісі.
| салмағы, концентрация және ерігіштігі.
| дисперстілігі, концентрациясы және сапасы.
~ Адам ағзасына зиянды заттардың токсикалық әсерінің дәрежесін ұлғайтатын өндірістік орта факторы:
| жұмыстың аса ауырлығы+
| атмосфералық қысымның төмендеуі
| табиғи жарықтанудың жеткіліксіз мөлшері
| атмосфералық ауаның жоғары электр өткізгіштігі
| жағымсыз климат ауа райы жағдайы
~ ... өндірісте медициналық тексеруді жүргізуге жауапты адам.
| Цехтың ординаторы+
| Аймақтың СЭС бас дәрігері
| Коммуналды гигиена бөлімінің меңгерушісі
| Цехтың аймақтық дәрігер хирургы
| Цехтың аймақтық фельдшері
~ Қауіпті дәрежесі бойынша ағзаға әсер ететін зиянды химиялық заттар ... бөлінеді.
| 4+
| 3
| 2
| 5
| 6
~ Тазалау өндіріс орнында жарықтау дәрежесі ... лк.
| 50-ден кем емес+
| 35-тен кем емес
| 80-нен кем емес
| 35-тен жоғары емес
| 65-тен жоғары емес
~ Токсикалық дәрежесі бойынша өндірістік уларға ... жатпайды.
| токсикалық емес+
| аса токсикалық
| шектеулі токсикалық
| аз токсикалық
| жоғары токсикалық
~ Химиялық зиянды және қауіпті өндіністік факторлар (газдар, булар, аэрозольдер) ... әсер көрсетпейді.
| фиброгенді+
| жалпы токсикалық
| канцерогенді
| сенибилиздеуші
| тітіркендіргіш
~ Жедел кәсіптік улануларды ... тексереді.
| СЭС дәрігері+
| цех дәрігері
| токсиколог
| қауіпсіздік техникасы және инженер
| бөлім бастығы
~ Жедел кәсіптік улануды тексеру ... жүргізілуі тиіс.
| 1 тәулік ішінде+
| 1 аптада
| 3 тәулікте
| 5 тәулікту
| 1 айда
~ Созылмалы кәсіптік ауруларды тексеру ... жүргізілуі керек.
| 1 аптада+
| 3 тәулікте
| 6 айда
| 7 айда
| 10 айда
~ Ағзаға зиянды факторлардың кешенді әсері ... болып табылады.
| бірнеше химиялық қосылыстардың ағзаға әртүрлі жолдармен бір мезгілде
немесе біртіндеп түсуі+
| бір химиялық қосылыстың әртүрлі концентрацияда әсер етуі
| шу мен дірілдің әсер етуі
| бірнеше химиялық қосылыстардың ағзаға бір жолмен бір мезгілде түсуі
| жылытатын микроклимат және ауыр физикалық еңбек
118~ Радиациялық температураны анықтау үшін ... қолданылады.
| қара шарлы термометр+
| кататермометр
| термограф
| шарлы катостермометр
| резервууарлы термометр
~ Өндірістік микроклимат –бұл ...
| адам қоршаған орта арасында жылу алмасуды қамтамасыз ететін жұмыс орнындағы метеофакторлар кешені.+
| жұмыс орнындағы метеорологиялық жағдай.
| адам ағзасына әсер ететін метеофакторлар кешені
| адам мен сыртқы орта арасында жылу алмасуды қамтамасыз ететін метеофакторлар
| жұмыс орнындағы метеофакторлар кешені
~ Кәсіптік аурулар - бұл ...
| еңбек жағдайының зиянды әсер етуінен пайда болатын аурулар.+
| еңбек тәртібі мен демалыстың бұзылуынан пайда болған аурулар.
| еңбек жағдайының зиянды әсер етуінен және тамақтану тәртібінің бұзылуынан пайда борлған аурулар.
| демалу мен тамақтану тәртібінің бұзылуы нәтижесінде пайда болған аурулар.
| қоршаған орта факторларынан көбірек және ұзақ әсер етуден пайда болған аурулар.
~ Жедел кәсіптік улану - бұл ...
| бір күндік жұмыс ауысымында зиянды өндірістік факторлардың бір реттік әсерінен пайда болған ауру.+
| өндірістік факторлардан көбірек және ұзақ уақыт әсер етуден пайда болған ауру.
| демалу мен тамақтану тәртібінің бұзылуынан пайда болатын ауру.
| еңбек жағдайының зиянды әсер етуінен пайда болатын ауру.
| демалу мен тамақтану тәртібінің бұзылуы нәтижесінде пайда болған ауру.
~ Кәсіптік уланудың алдын алу шараларына ... жатады.
| жұмыс орнындағы ауа құрамындағы зиянды заттардың мөлшерін жүйелі бақылау+
| жеке қорғаныс әдістері
| өндіріс орнының ауасын ультракүлгін сәулелендіру
| өндіріс орны ауасын жасанды иондау
| жұмыс орнына жіңішке талшықты синтетикалық сүзгіден тазалтылған ауа жіберу
~ Кәсіптік уланудың жалпы іс- шараларына ... жатады.
| жұмыс орнындағы ауа құрамындағы зиянды заттардың мөлшерін жүйелі бақылау+
| өндіріс ғимаратының ауасын жасанды иондау
| жұмыс орнына жіңішке талшықты синтетикалық сүзгіден тазартылған ауа жіберу
| өндіріс орнындағы ауаны ультракүлгін сәулелендіру
| жеке қорғаныс заттары
~ Шаңды бөлшектердің көлем пішіні ... әсер етеді.
| тыныс алу жолдарына ену тереңдігіне+
| бөлшектердің электрлік зарядталу жылдамдығының өзгеруіне
| бауырлық барьердің қызметіне
| седиментация жылдамдығына
| органикалық ерітінділерде еру жылдамдығына
~ Шаңның ерігіштігі оң қасиеті болып саналады, егер ... болса.
| нейтралды+
| минералды
| орташа токсикалық
| ірі дисперсті
| органикалық
~ Ауаның шаңдануын бағалауда қолданылатын әдіс:
| аспирациялық-таразылы +
| физиометриялық
| химиялық
| капилляроскопиялық
| биологиялық
~ ... өлшем бірлігімен ауаның шаңдануын аспирациялық-таразы әдіспен өлшенеді.
| мг/куб м+
| г/кв см
| 1 кв см-де шаңның мөлшері
| кг/кв м
| мг/кв м
~ Түзілуіне байланысты шаңдар ... бөлінеді.
| конденсация және дезинтеграция аэрозолі+
| органикалық, бейорганикалық, аралас
| токсикалық, консерогендік
| микроскопиялық және ультрамикроскопиялық
| еритін және ерімейтін
~ Кәсіптік уланулар –бұл ...
| өндірістік улардың әсерінен пайда болатын жедел немесе созылмалы аурулар+
| жағымсыз өндірістік факторлардың әсерінен пайда болатын аурулар
| апаттық жағдайларда кәсіптік зиянды заттардың көп мөлшерде әсер етуінен туындаған аурулар
| тағамға зиянды заттарды қолданудан пайда болған аурулар
| құрамында көп мөлшерде кремний диоксиді бар өндірістік шаңды көп мөлшерде жұтқанда пайда болатын ауру.
~ ... улардың ағзаға түсуінің негізгі жолы.
| Тыныс алу+
| Сілекей бездері
| Көз жасы
| Бүйрек
| Ішкі секреция бездері
~ Кәсіптік уланудың алдын алуының жалпы шаралары-бұл ...
| жеке қорғаныс заттары+
| жұмыс орнындағы ауа құрамындағы зиянды заттардың мөлшерін жүйелі
бақылау
| өндіріс орнының ауасын ультракүлгін сәулелендіру
| өндіріс орны ауасын жасанды иондау
| жұмыс орнына жіңішке талшықты синтетикалық сүзгіден тазартылған ауа жіберу
~ Өндіріс бөлмелеріндегі микроклиматты сипаттайтын көрсеткіштерге ... жатады.
| ауа температурасы, салыстырмалы ылғалдылығы, ауаның қозғалыс жыламдығы+
| беткейлер температурасы, ультракүлгін сәулелену
| инфрақызыл сәулелену қарқындылығы, ауа температурасы
| ультракүлгін сәулелену, салыстырмалы ылғалдылық
| беткейлер температурасы, ультракүлгін сәулелену және ауаның қозғалыс жылдамдығы
~ Енбелі желдету дегеніміз ...
| ауаны күштеп енгізу және бөлмеден ауаны табиғи жолмен шығаруды қамтамасыз ететін желдету жүйесі.+
| бөлмедегі ауаны желдету каналдары арқылы желдетуді қамтамасыз ететін желдету жүйесі.
| бөлмедегі ауаны күштеп енгізу және шығаруды қамтамасыз ететін желдету жүйесі.
| саңылаулардан, қабырғалардан, есіктерден және т.б. ауаның сырттан енуі.
| бөлмеге ауаны механикалық енгізу және шығаруды қамтамасыз ететін желдету жүйесі.
~ Атмосфералық ауаны санитарлық қорғау бойынша санитарлық-техникалық шараларға ... жатады.
| желдету жүйесін жақсарту+
| гигиеналық нормативтерді қолдану
| қала территорияларын аудандарға бөлу
| жаңа технологиялық үрдістерді енгізу
| атмосфераға улы-заттардың бөлінуін анықтау
~ Жұмыс беткейлеріндегі жарықтандыру ... өлшенеді.
| люксметрмен+
| бутиометрмен
| кататермометрмен
| термоэлектроанемометрмен
| актинометрмен
~ Сормалы желдету дегеніміз ...
| сормалы желдету каналдары арқылы ауаны табиғи немесе күштеп сорылуын қамтамасыз ететін желдету жүйесі.+
| бөлмеге ауаның күштеп енуін қамтамасыз ететін желдету жүйесі.
| бөлмеге ауаның күштеп енуі мен шығарылуын қамтамасыз ететін желдету жүйесі.
| тек қана улы заттардың жойылуын қамтамасыз ететін желдету жүйесі.
| ластанған ауаның желкөздер арқылы шығарылуы.
~ Желдету жүйесіне қойылатын негізгі гигиеналық талаптар - ...
| ауаның тазалығын ұстап тұруды қамтамасыз ету.+
| қосымша шуларды шығармау.
| қолданыста қарапайым және қолжетімді болуы.
| микроклимат параметрлерінің сақтауын қамтамасыз ету.
| жұмыс істеуде үнемелі болуы.
~ Шаңнан жеке басты қорғану заттарына ... жатады.
| феспираторлар+
| шектеуші газға қарсы заттар
| қорғаныс пасталары мен майлары
| сүзгіш противогаз
| ингаляторлар
~ Атмосфералық ауаны санитарлық қорғау бойынша технологиялық шаралар дегеніміз ...
| қалдықсыз өндірісті енгізу.+
| тұрғылықты жерді аудандарға бөлу.
| елді-мекенді жаппай көгалдандыру.
| ластаушы көздерді герметизациялау.
| гигиеналық нормативтерді өңдеу.
~ Шудың қолайсыз әсерінің алдын алу шараларына ... жатады.
| шу агрегаттарын дыбыстық шектеу+
| микроклиматтық жағдайларды оңтайландыру
| бөлмені жақсылап желдету
| дірілді шектеуші заттарды қолдану
| қабырғаларды кафельді плиткалармен қаптау
~ Ағзаға шаңның арнайы әсері … алып келеді.
| пневмокониоздардың дамуына.+
| блефариттердің дамуына.
| созылмалы гастриттердің өршуіне.
| пиодермиттердің дамуын.
| созылмалы трохеобронхиттердің өршуіне.
~ Жұмыс орнындағы жарықтануға баға беруде қолданылатын негiзгi көрсеткiш ... болып табылады.
| табиғи жарық коэффицентi+
| жарық коэффицентi
| түсу бұрышы
| саңылау бұрышы
| тереңдену коэффицентi
~ Жұмысқа қабілеттілік қисығының негізгі компоненті:
| еңбек өнімділігінің жоғарғы кезеңі+
| еңбекке қабілеттілікке селқос кезеңі
| шектен тыс қажу кезеңі
| толық компенсация аймағы
| толық емес компенсация аймағы
~ Балалар қажуының алғашқы белгілері:
| еңбек өнімділігінің төмендеуі+
| оқуға зейін қоюының артуы
| физиологиялық қызметті реттеудің жақсаруы
| селқостық пен ұйқышылдықтың байқалуы
| физикалық еңбекке қабілеттіліктің күрт төмендеуі
~ Дiрiл дегенiмiз -
| адам ағзасына берiлiп, арнайы өзгерiс туғызатын қатты дененiң механикалық тербелiсi.+
| тығыз орта арқылы адам ағзасына берiлетiн инфрадыбысты және дыбысты жиiлiктегi аймақтың электромагниттi тербелiсi.
| адам ағзасына әсер ететiн ультра жоғары жиiлiктi электромеханикалық тербелiс.
| адам ағзасына әсер ететiн инфрадыбысты жиiлiктегi электромеханикалық тербелiс.
| жоғары жиiлiктегі ауаның адам ағзасына әсерi.
~ Шектен тыс қажудың физиологиялық мәнi -
| ми қыртысы жасушаларының тежелуi әсерiнен болатын жұмысқа
қабiлеттiлiктiң уақытша төмендеуi. +
| жұмыс әсерiнен ми қыртысы жасушаларының шектен тыс тежелуi.
| физиологиялық қызметтiң бұзылу әсерiнен жұмысқа қабiлеттiлiктiң тұрақты төмендеуi.
| еңбек қиындығынан болатын ағзаның дезадаптациясы.
| күндiзгi биологиялық ырғаққа сәйкес ағзаның вегетативтiк функциясының бұзылуы.
~ Динамикалық стереотип дегенiмiз -
| шартты және шартсыз рефлекстердiң уақыт және орындалуына байланысты қалыптасқан жүйелi тәртiбi.+
| әртүрлi тiтiркендiргiшке тұрақты жауаптың түзiлуi.
| ағза мен орта арасындағы тепе теңдiктiң түзiлуi.
| атқаратын қызмет түрiне сәйкес ағзаны дайындау.
| тiршiлiк ету үшiн шартты және шартсыз рефлекстердiң жиынтығы.
~ Еңбек және дем алу тәртiбi дегенiмiз -
| қажуды болдырмау үшiн жұмыс пен үзiлiстi тиiмдi түрде кезектестiру.+
| тәулiк бойы күн тәртiбi компоненттерiнiң тиiмдi кезектесуi.
| жұмыс түрiне байланысты еңбек нормативiнiң сақталуын бақылау.
| жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру.
| жұмыс кезiндегi үзiлiстi бақылау.
~ Еңбек интенсивтiлiгiнiң үшiншi тобына ... жатады.
| физикалық күштi қажет ететiн қызмет көрсету саласы мен механикаландырылған жұмыста iстейтiн жұмысшылар+
| ақыл ой еңбегiмен айналысатын қызметкерлер
| өте ауыр физикалық еңбекпен айналысатын жұмысшылар
| көп физикалық күштi қажет ететiн жартылай немесе механика
ландырылмаған еңбекте iстейтiн жұмысшылар
| айтарлықтай физикалық күштi қажет етпейтiн жартылай механикаландырылған жұмыста iстейтiн жұмысшылар
~ Физикалық шаршатқыш болып табылатын жұмыстың түрiне ... жатады.
| статикалық жұмыс+
| ой қызметi
| динамикалық жұмыс
| көркем сурет жұмысы
| операторлық жұмыс
~ Шығу тегіне байланысты шаңның жіктелуі:
| органикалық, бейорганикалық және аралас +
| конденсация және дезинтеграция аэрозолі
| микроскопиялық, ультрамикроскопиялық
| токсикалық, аралас
| ауылшаруашылық, өндірістік
~ Шаңның деңгейі жоғары цехтарға ... ауырған адамдарды жұмысқа қабылдауға болмайды.
| туберкулезбен +
| гепатитпен
| созылмалы гастриті бар
| қант диабетімен
| көз ауруымен
~ Еңбек интенсивтiлiгiн бағалайтын негiзгi материалға ... жатады.
| жасы мен жынысы туралы берiлген мәлiмет+
| энергия шығыны
| сауалнамаға жауап
| жасы мен жынысына байланысты негiзгi зат алмасу деңгейi
| хронометраждық бақылау
~ Еңбек гигиенасының негізгі міндеттері – бұл ...
| еңбек өнімділігін қамтамасыз етуге қабілетті шараларды өңдеумен және енгізумен іске асырылуына негізделген, ағзаға еңбек жағдайларының әсерін сандық және сапалық бағалау.+
| кәсіби ауруларды төмендету және жою, еңбек жағдайын сауықтыру және жақсартудағы халық шаруашылығын дамыту.
| ағзаға еңбек жағдайларының әсерін бағалау.
| жоғары еңбекке қабілеттілікті қамтамасыз ететтін шараларды өңдеу және енгізу.
| кәсіби ауруларады төмендету және жою.
~ Жалпы еңбек гигиенасы ...
| еңбек үдерісі мен өндірістік ортаның және факторларының және олардың жиынтығының ағзаға әсер ету заңдылықтарын зерттейді, қолайсыз әсерлердің алдын алу әдістері мен шараларын өңдейді.+
| өндірістің жеке салаларындағы еңбек жағдайының адам ағзасы мен еңбекке қабілеттілікке әсерін зерттейді.
| еңбек үдерістері мен жұмыс орнын, еңбек және демалыс тәртібін тиімді ұйымдастыруды зерттейді.
| жұмысшылардың денсаулық жағдайын, медициналық – профилактикалық қамтамасыз ету мен жүргізілетін іс – шаралар тиімділігін зерттейді.
|өндірістегі зиянсыз және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында адам ағзасына химиялық факторлардың (зиянды заттар) әсерін зерттейді.
~ Шу деңгейі ... өлшенеді
| дБА+
| Вт/м2
| Гц
| Па
| Дж
~ Жұмыс жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттамасын ... құрайды.
| еңбек гигиенасы бойынша санитарлық дәрігер +
| өндірістің кәсіподақ комитеті
| қауіпсіздік техникасы бойынша инспектор
| өндіріс әкімшілігі
| аймақтық терапевт
~ Жергілікті дірілге көбіне ... шалдығады.
| жүйке-бұлшық ет аппараты+
| асқорыту жүйесі
| ОЖЖ
| көру мүшесі
| тыныс алу мүшесі
~ Шаршаудың алдын алудағы негізгі емдік шаралар:
| жұмыс уақытысында кезеңді дем алу +
| емдік профилактикалық тамақтану
| емдік анаболикалық дәрілер қабылдау
| жартылай витаминдерді қабылдау
| күн-ауа ваннасын қабылдау
~ Физикалық жұмыстың ауырлығын бағалайтын негізгі көрсеткіш ...
| энергия шығынының көлемі.+
| қанның минуттық көлемі.
| өкпе вентиляциясының көлемі.
| бұлшық ет күшінің төмендеуі.
| артериальді қысымның төмендеуі.
~ Физикалық жүктемеге ... жатады.
| ауыр заттарды көтеру және жылжыту+
| эмоциялық жүктеме
| анализаторлардың шектен көп жұмыс істеуі
| гипокинезия
| ой жүктемесі
~ Жүйке-психикалық жүктемелерге ... жатады.
| ой қабілетін қуаттылығы+
| ауыр заттарды көтеру және жылжыту
| дененің мәжбүрлі қалпы
| гипокинезия
| теріге ұзақ уақыт қысым түсіру
~ Жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі дегеніміз ...
| индивид қабілеттілігіне қандай да бір қызметтің әсер етуі.+
| әлеуметтік ортаға байланысты басқа да факторлардың бірлесе әсер етуі.
| сыртқы орта әсеріне индивид жауабы.
| жұмыс қабілетінің шектелуіне әкелеін бұзылыстар.
| жұмысқа қабілеттіліктің шектелуі.
~ Жүйке-психикалық жүктемеге ... жатады.
| анализаторлар қуаттылығы+
| гипокинезия
| дененің мәжбүрлі қалпы
| теріге ұзақ уақыт қысым түсу
| ауыр заттарды көтеру және жылжыту
~ Бөлме микроклиматын нормалауда ... ескеру қажет.
| бөлменің нақты тағайындалуын+
| бөлмедегі адам саны
| киімнің жылу ұстағыш қасиеті
| бөлменің жарықтың түсуіне қарай бағытталуы
| жылыту жүйесі
~ «Дәрігерлік кәсіптік кеңес» - бұл ...
| жасөспірім денсаулығындағы ауытқуларға байланысты кәсіпті таңдау.+
| денсаулық жағдайына байланысты жасөспірімді осы кәсіпке жарамдылығын анықтау.
| таңдалған кәсіпке жасөспірімнің жарамдылығын психо-физиологиялық критерийлер бойынша анықтау.
| жасөспірімдерде жалпы еңбектік дағдыларды меңгеру деңгейін анықтау.
| әртүрлі кәсіптер туралы ақпарат беруге бағытталған көпжоспарлы ақпарттық-тәрбиелеу жұмысы.
~ Шаңнан қорғанудың санитарлы-техникалық әдістері:
| жергілікті сормалы желдету қондыру +
| еңбек және дем алу уақыттарын сақтау
| респираторлар қолдану
| үздіксіз технологиялар енгізу
| фотарияларды УКС
~ Адам организміне әсер етуі бойынша өндірістік улардың жіктелуі:
| аса қауіпті, жоғары қауіпті, орташа қауіпті, қауіптілігі аз +
| жалпы токсикалық, канцерогенді, мутагенді
| органикалық, бейорганикалық, элементорганикалық
| улылығы аз, орта улылығы жоғары улылығы, аса жедел улылығы
| тері қабаты, асқорыту жүйесі, тыныс алу жүйесіне әсері
~ … - денсаулық сақтаудағы гигиенаның ғылым ретiнде басты мақсаты болып табылады.
| Адам денсаулығының жоғары жетiстiкке жетуi мен сақталуы+
| Қоршаған ортаның қолайсыз ықпалын оқытып үйрету
| Салауатты өмiр сүрудiң жүзеге асырылуы бойынша ұсыныстарды өңдеу
| Емдеу тиiмдiлiгiнiң нығайтылуы мен жетiстiкке жетуi
| Қоршаған ортада адамның өмiр сүру жағдайын жеңiлдететiн гигиеналық қалыптандырулармен ережелердi өңдеу
~ Еңбек гигиенасы профилактикалық медицинаның ... зерттейтін бөлімі.
| өндірістік орта факторлары мен еңбек үдерісінің адам ағзасына тигізетін әсерін +
| қоршаған ортаның қолайсыз факторларын
| адамның өмір сүру жағдайына сапасының тигізіетін әсерін
| қоршаған ортаның экологиялық факторларының адам денсаулығына тигізетін әсерін
| қоршаған ортада адамның өмір сүру жағдайын
~ Еңбек гигиенасы … зерттейді.
| өндірістегі еңбек жағдайын +
| қоршаған ортаның қолайсыз факторларын
| өндірістегі тамақтану жағдайын
| еңбек өнімділігінің жоғары болуын
| қоршаған ортада адамның өмір сүру жағдайын
~ Еңбек гигиенасының басты міндеті – ...
| еңбек жағдайын сауықтыру бағытында гигиеналық нормативтерді жасау.+
| қоршаған ортаның қолайсыз факторларын зерттеу.
| салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ұсыныстарды жасау.
| еңбек өнімділігін аса жоғарылатуды қамту.
| қоршаған ортада адамның өмір сүру жағдайын жеңілдететін гигиеналық нормалар мен ережелерді жасау.
~ Орталық жүйке жүйесiнiң қажуы көрсеткіш ... төмендеуімен бағаланады.
| бұлшық еттің күшi мен төзiмдiлiгiнің +
| спирометрия көрсеткiшiнiң
| артериялық қан қысымының
| ақпаратты өңдеу жылдамдығының
| қанның минуттық көлемiнiң
~ Шектен тыс қажудың алдын алудағы негiзгi шаралар- ...
| еңбек тәртiбiнде кезеңдiк демалыс ұйымдастыру. +
| анаболикалық дәрiлiк препаратты қабылдау.
| полидәрумендi препаратты қабылдау.
| күн сәулесi ваннасын қабылдау.
| емдiк профилактикалық тамақтану.
~ Физикалық еңбек ауырлығын бағалауда негізгі көрсеткіш ... болып табылады.
| энергия шығының мөлшерi +
| қанның минуттық көлемi
| өкпе желденуiнiң көлемi
| бұлшық ет күшiнiң төмендеуi
| артериялық қан қысымының деңгейi
~ Еңбек гигиенасының бөлімі – еңбек физиологиясы, ...
| өндірістік іс әрекеттің әсерімен байланысты ағзаның функцияналдық жағдайдын зерттейді.+
| өндірістік ортаның факторларының ағзаға әсерін зерттейді.
| адамның өміріне судың сапасының әсерін зерттейді.
| қоршаған ортаның экологиялық факторларының ағзаға әсерін зерттейді.
| қоршаған ортада адамның өмір сүру жағдайын зерттейді.
~ Еңбек гигиенасы саласындағы дәрігердің қызметі:
| санитарлық - ағартушы, ұйымдастырушы, бақылаушы және реттеуші+
| реттеуші, ұйымдастырушы
| санитарлық – ағартушы, ұйымдастырушы
| бақылаушы, санитарлық - ағартушы
| реттеуші, санитарлық – ағартушы.
~ Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы ҚР Кодексі ... қабылданды.
| 18.09.2009ж+
| 25.10.2010ж
| 01.02.2011ж
| 15.06.2006ж
| 30.08.2007ж
~ Кодекске сәйкес санитарлық-эпидемиолгиялық қызметке өкілетті қызметтік тұлғаға ... жатады.
| ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері+
| денсаулық сақтау департаментінің директоры
| аурухананың бас дәрігері
| ветеринарлық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің директоры
| емхананың бас дәрігері
180~ Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижесінде...беріледі.
| санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды+
| санитарлық-эпидемиологиялық ұйғарым
| санитарлық-эпидемиологиялық қаулы
| сараптама актісі
| шешім

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет