3.Дәріс тезистері Ауаны ластайтын газ қоспалары кейде сол газдардың өзінен де қауіптірек, ойткені олардың озара қатыныстары барысында жаңа заттардың түзілуі мүмкін. Осындай белсенді жаңа заттың пайда болуның үлгісі - ауадағы түтін ысы (түтінді түман).
Тұман мен өте ұсақ қалқыган қатты заттардың ауада ұшып жұрген ұсақ түйіршікгері осы түтін ысын (ағылш. Smoke - түтін және fog - туман) тудырады. Улы тұманның ең ірі апаты Лондонда болған. Температураның төмендеуі мен желдін мүлдем жоқтығына байланысты Лондон 5 күн бойы тұманға оранды. Сонда S02 мөлшері 5-10 мг/м3 жетті. Сол ауқыт ішінде 1000 ға жақын адам қырылды. 10 000 адам қатты ауырды. Улы тұман атмосфералык ауады күкірт қостотығы мен қалықтап ұшқан катты болшектердің аса көп мөлшерде шоғырлануы және құрамда күкірт бар отынның жануы нәтижесінде болатын құбылыс.
Азот қос тотығы, кұкірт тотығы жөне альдегидтер ультра күлгін сәулелерді сіңіруге және белсенді күйге енуге қабілетті"
Фотохимиялық түтінді тұман әдеттегіше температуралық инверсиялар кезеңінде пайда болады, ол уақытта ластанған ауа жоғарғы жылы қабатпен қысылғанда ластықтардың жоғары тік тасымалдануын өткізбейді.
Түтінді тұман адамдарды тұншықтырады. Тыныс органдарымен қатар осы лас заттар көз бен иіс сезу органдарын зақымдайды, тамақты қырнап, булықтырып тастайды.Деммен кірген 0,6-10 мкм молшеріндегі қатты және сұйык болшектер альвеолаға жетеді және қанда абсорбцияланады.
Ластанған ауа негізінен тыныс жолдарын тітіркендіреді, бронхит демікпе ауруына шалдыктырады. Іріқалардың ауасында әдетгсгіше 25-125 мг/м' мөлшерінде көміртегі тотығы болады (қалыпты норма 3 мг/м5).
Жер шарының атмосфсрасыңда көміртегі тотығыныңмөлшері аса көп болса, қыста, ал жаздың соңыңда ол мүлде азаяды.Кейбір көмірсутектері ауаны аса қауіпті ластаушыларға жатады, бірінші кезекте қауіпті ісіктер пайда болуына жағдай жағдай жасайтын 3-4 бенз(а)пирен. Ол ультракүлгіндік сәулелендіргенде ыдырайды.
Ауада күкірт тотықтарының жоғарғы мөлшерде болуы өкпе ауруларына, созылмалы бронхитке әкеліп соқтырады.
Адам ағзасында азот тотықтарының (NO, N02) көмір тоттығына қарағанда тигізетін залалы 10 есе кауіпті.