Жұмыс бағдарламасы пән, пән коды Қоршаған орта және халық денсаулығы Мамандық 5В110400 «Медициналық- профилактикалық іс»



бет51/72
Дата16.02.2023
өлшемі1,33 Mb.
#68417
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72
1.Тақырыбы: Атмосфералық ауа қоршаған орта нысаны ретінде. Атмосфералық ауа ластануының қауіптілік дәрежесін кешенді және интегралдық бағалау, есептеу әдістемесі.


2. Мақсаты: Студенттерге атмосфералық ауаның ластануының экологиялық мәселелерін,олардың халық денсаулығына және өмір сүру жағдайына тигізетін ықпалын, сонымен қатар ластану әсерінен адам ағзасында туындаған ауруларды, және олардың кешенді қауіпті ластанулардың интегралды көрсеткішін есептеуді оқыту.
3. Оқыту мақсаты:
а) Студент білуі керек:
- Атмосфералық ауаны ластаушы көздерді;
- Атмосфералық ауаны ластаушы көздердің жіктелуін және олардың сипаттамаларын;
- Ластанған атмосфералық ауаның адам денсаулығына тигізетін әсерін;
- Атмосфералық ауаның ластануынан туындайтын ауруларды;
- Атмосфералық ауаның сапасын зерттеу қортындысы бойынша бағалауды;
- Атмосфералық ауаның ластануын есептеу әдістерін
б) Студент істей алуы қажет:
ертханалық қортындыларды талдау;
-Атмосфералық ауаны қорғау шараларын ұйымдастыру, іске асыру;
-Атмосфералық ауа ластануынан туындаған ауруларды диагностикалау;
-Атмосфералық ауа ластануынан туындаған аурулардың алдын алу шараларын жүзеге асыру;
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Ауаны ластаушы көздер, олардың жіктелуі.
2.Атмосфералық ауа ластануының антропогендік көздерінің экологиялық сипаттамасы.
3.Атмосфералық ауа ластануының экологиялық мәселелері.
4.Жылулық эффекттің халық денсаулығына тигізетін залалы.
5.«Қышқыл жаңбыр», оның халық денсаулығына тигізетін залалы.
6.«Фотохимиялық тұман», оның халық денсаулығына тигізетін әсері.
7.Озон қабатының атқаратын рөлі. Озон тесігінің халық денсаулығына тигізетін залалы.
8. Атмосфералық ауа ластануынан туындаған ауруларды диагностикалау.
9. Атмосфералық ауа ластануының қауіпті дәрежесін кешенді және интегралды бағалау.
10. Атмосфералық ауаның ластануын есептеу әдістері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет