Жұмыс бағдарламасы Пәнді оқытудың мақсаты Ежелгі дүние тарихыкурсының басты мақсаты: тарихшы студенттерге Ежелгі


Тақырып  №  16.  Б.з.д.  VІІІ-ІІІ  ғғ.  Рим  тарихы.  Италияның  ерте



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата22.01.2017
өлшемі1,3 Mb.
#2440
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Тақырып  №  16.  Б.з.д.  VІІІ-ІІІ  ғғ.  Рим  тарихы.  Италияның  ерте 
құлиеленушілік қоғамы  мен мемлекеттілігі 
1.Италияның жекелеген жерлерінің дамуының ерекшеліктері 
2.Римдегі патшалық билік 
3.Сервий Тулий реформалары. 
 
1)Апенин  түбегінде,  Тибр  өзенінің  бойында  Рим  қаласы  б.з.д.  VIІІ 
ғасырда (753ж.) салынған . (Италия сөзінің мағынасы – Бұзаулар елі) 

 
101 
Италиялық  мәдениетің  дамуында  грек  отарлары  үлкен  орын  алды.  Грек 
отарлауы б.з.д. VIIІ ғасырда басталып, VI аяқталады.  
 
Грек  қалаларының  арасында  Италия  Балқан  Грекиямен  байланысып 
тұрды  және  бұл  Апенин  түбегінің  экономикалық  өміріне  де  әсер  етті. 
Археологиялық мәліметтер б.з.д. VIІ және VI ғғ аралығында Жерорта теңізі 
бойының  көп  облыстырында  Коринф  саудасы  басым  болғанын  көрсетеді. 
Протокоринф  және  Коринф  стиліндегі  ыдыстар  мен  ыдыстар  қалдығы 
Италияның  әр  жерінен-ақ  кездеседі.      Бұлар  гректердің  жергілікті 
керамикасына үлгі болды. 560 жылдың шамасында сауда ісінде  Афинының 
ықпалы  да  біліне  бастайды.  Бірақ  Италияның  қалларында  дербес  қолөнер 
өндірісі  де  дами  бастайды.  Б.з.д.  V  ғ-да  этрускілерді  жеңгеннен  кейін, 
Сицилияда Сиракуз державасы үлкен маңызға ие болды, ал Италияның грек 
қалаларының  саяси  ролі  күшейе  түседі.    Бірақ  V  ғасырдың  екінші 
жартысынан былай қарай грек қалалары әлсірей бастайды. 
 
Мұның  себебі  жеке  полистердің  ішіндегі  әлеуметтік  қатынастар  мен 
таптық  күрестер  болды,  бұл  күрестер  кейде  қалалар  арасындағы  мейірімсіз 
қатал және қантөгіс, сұрапыл соғыстарға барып  ұласып отырды. Италиялық 
грек қалаларының көпшілігінде аристократиялық топтар басымырақ болған. 
Тіпті,  б.з.д.  VI  ғасырдың  аяқ  кезінде  Кротон  қаласының  аристократтары 
биліктің демократиялық жолымен басқарылған гректердің Сибирис атты бай 
қаласын  қайратқан.  Гректердің  әлсіреуіне  ішкі  күрес  және  жеке  қалалар  
арасындағы өзара дұшпандықпен қатар, жергілікті Италиялық тайпалардың: 
самниттердің,  лукандар  мен  бруттилердің  күшеюуі  де  үлкен  себеп  болды. 
Б,з,д, 491жыл шамасында  самниттер гректерді жеңіп шығады және сол кзден 
бастап Тарент, Фури, Ригей сияқты қалалар, көп жағдайларда, олардың басып 
келулеріне  қарсы  тұруға  шамасы  келмейтін  болады.    Сицилияда  б.з.д.  ІV 
ғасырда карфагендіктер күшейді. 
 
Италия  мен    Сицилияда  грек  қалларының  басым  көпшілігі  жер  кәсібі 
орталықтары  болды  және  Апенин  түбегінде  ауыл  шаруашылығының  едәуір 
жоғары түрлерін таратуға себеп болды.  Жүзім мен зәйтүн ағаштарын бағып-
күтудің әдістерін италиялықтар солардан үйренді. 
 
Грек  мәдениетінің  тарихынан  батыс  Италия  мен  сицилияның  грек 
қалалары үлкен орын алған. Батыста түрлі философиялық жүйелер дамыған. 
Грек  білімінде  үлкен  орын  алған  риторика  Сицилияда  ерте  пайдаб  олды. 
Әдемі  соғылған  ақшалар,  Сицилия  мен  Оңтүстікі  Италиядағы  алып 
құрылыстардың  қалдықтары  батыстық  грек  мәдениетінің  жоғары  дәрежеде 
боландығын сипаттайды. Гректердің әлеуметтік және саяси мекемелері, грек 
техникасы,  көркемөнері  мен  сәулет  өнері,  діні  мен  мифологиясы, 
көркемөнері  мен  әдебиеті  Италия  мәдениетіне  зор  ықпалын  тигізген.  Бұл 

 
102 
жөнінде  Кампаниядағы  Кумы  қаласы  ерекше  орын  алған.  Этрускілер  грек 
алфавитін осыдан алған, олар гректердің  тлоып жатқан әдет-ғұрыптары мен 
нанымдарын да осыдан алған. 
 
Кампанияда  гректердің  ықпалымен  қолөнер  өндірісінің  әр  түрлі 
салалары дамыды. 
 
Кампания тұрғындары үшін грек ықпалының  айрықша маңызы болған. 
Мұнда  гректердің  әсерімен  ерекше  кампания  мәдениеті  туады,  оның 
өзгешелігі Кампанияны Рим жаулап алғаннан кейін де жоғалмаған.  
 
Тибр  өзенінің  төменгі  ағысындағы,  оңтүстіктегі  Лаций  ауданы,  басқа 
облыстарға  қарағанда,  едәуір  кеін  қоныстана  бастаған,  альбан  таулары  мен 
болашақ Рим қаласының орнынан табылған тым ертеректегі  археологиялық 
ескерткіштер,  археологтардың  пікірінше,  алғашқы  мыңжылдыққа  немесе 
тіпті  б.з.д.  Х  ғасырға  жатады  және  Виллановы  мәдениетінің  ертедегі 
меккендеушілерімен  байланысты  болуы  күмәңсіз, бірақ  әшекейлердің стилі, 
өлікті  өртеу  және  оның  күлін  үңгір  үй  тәрізді  сауыттарға  салып  жерлеу 
салты, тым ертеректегі террамар мәдениетінің әсері тигенін көрсетеді. 
Латиндер 
ертенден 
ауыл 
шаруашылығымен 
шұғылданған. 
Олар 
дренажжұмыстарын  ерте  үйренген,  онсыз  Лацийде  ауыл  шаруашылығы 
болуы  мүмкін  емес.    Мал  шаруашылығы  үлкен  орын  алған.  Лация 
тауларының  беткейлерінде  қоралы  сиыр  мен  қойлар,  шошқалар  жайылған. 
Жылқы  басқа  үй  жануарларына  қарағанда,  кейінірек  пайда  болды.  Умбра-
Сабелль  тайпалары  сияқты,  латиндер  де  алғашқы  қауымдық  құрылыстың 
белгілері  сақталған.  Олар  бекінген  поселкелерге  ертедегі  орыс  қалаларына 
ұқсас  «қалаларда»  тұрған.    Дәстүр  осындай  тоыз  қала  болған  деп  санайды 
және  олардың  ішіндегі  ең  бастысы  Альба-Лонга  болған  дейді.  Латин 
қалаларының  құрамасы  ертеректе  орнаған.  Оның  :  Юпитер  Лациарский 
храмы,  Ферентин  бұлағындағы  тоғай,  Лавиниядағы  Юнона  храмы,  Немий 
көлінің  жағасындағы  Диана  шіркеуі  сияқты  жалпы  қасиетті  орындары 
болған. 
 
Лацияны  жалғыз  латиндер  ғана  мекендемеген.  Археология  ашқан 
жаңалықтар, сол заманда өлікті өртеумен қатар, Сабелль тектес тайпалардың 
салтында  болған  өліктерді  өртемей  жерлеу  де  кездесетінін  көрсетеді. 
Зерттеушілер бұлар біздіңдеректерімізде аты жиі аталатын себиняндар болуы 
керек  деп  санайды.  Лацияның  тауыл  аудандары  эквылер,  герниктер  мен 
вольскілер мекендеген, бұлар, сірә латиндарға жақын болулары керек. 
 
2)Римнің патшылық кезеңі б.з.д. 753-509жж. 
Лация  қалаларының  ішінде  Рим  қаласының  маңызы  ерекше  үлкен 
болды.  Оның  қалай  пайда  болғаны  туралы  ешқандай  анық  мәліметтер 
сақталмаған.  Италия  мен  Сицилия  гректерінің  арасында  Италияның 

 
103 
өткендегісін  аңызды  грек  тарихымен  байланыстыратын  әңгімелер  ерте 
уақыттарда-ақ  кең  таралған  болатын.  Одиссейдің  Италияда  боландығы 
туралы аңыз шығады. Трояндық Энейдің Италияға сапар шегуі туралы аңыз, 
әсіресе, көп жайылды, бұл туралы этрус дәстүрі де білген жоғарыда айтылып 
өтті, кейін бұл әуелі грек жазушыларының, сонан соң Рим жазушыларының 
ең сүйікті сюжеті болып кетеді.  
Аңыз бойынша – Троя қаласының батыр  Энейдің 14-ұрпағы Нумитор 
патшаны  інісі  Амулий  тақтан  тайдыып,  қызы  Рея  Сильвияны  от  құдайы 
Вестаның храмына  абыз (ошаққа от жағуы етіп) қояды. 1 жылдан кейін Рея 
егіз  ұлдысоғыс  құдайы  Марстан  туды.  Амулий  бұл  балаларды  Тибр  өзеніне 
ағызып  жіберуге    бұйырады.  Себет  ішіндегі  балаларды  қаншық  қасқыр 
емізеді.  Бір  бақташы  тауып  алып  балаларған    Рем  мен  Ромул  деп  ат  қояды. 
Рем  мен  Ромул  ержеткен  соң  Амулийді  өлтіріп,  аталары  Нумиторды  патша 
етіп    қойып,  өздері  Тибр    өзені  бойында  қала  салып,  кімнің  аты  берілу 
керектігіне  жанжал  туындап,  Ромул  Ремді  өлтіреді.  Қала  Ромулдың  атымен 
аталды. 
Қаланың  орнаған  уақыты  жөнінде  ертедебірыңғай  пікір  болған  емес. 
Бұл жөнінде әртүрлі уақыттар көрестілген, олардың ішінде Римнің орнауын 
б.з.д. 754-753 жылдарға алып баратын Варрон қабылдаған уақыт, әсіресе, көп 
жайылған. 
Аңыздық  мәліметте  кейініректегі  жорамалдарға  негізделгендіктен, 
бізге  Рим  қаласының  шын  тарихы  жөнінде  жарытып  ешнәрсе  ьере  алмайд. 
Римнің  ертедегі  тарихын  қалпына  келтіруге  мүмкіндік  бермесе  ед  ,  оның 
қалай пайда  болғаны жөнінде бірқатар дұрыс пікір айтуға мүмкіндің беретін 
археологиялық мәліметтердің маңызы үлкен. 
Ертедегі  Рим  Тибрдің  сол  жақ  жағасында,оның  сағасынан  25 
километрдей    жерде  орныққан.    Римді  жеті  төбелер  қаласы  деп  атаған  . 
басында Палатина төбесінде , кейін Капитолий және Квирнал төбелері пайда 
болды.  Кейін  келе  қалған  төрт  төбелер  пайда  болды:  Целие,  Авентине, 
Эсквилине, Виминале. 
Римнің алғашқы патшасы Ромул қолына бүркіт мүсіні бейнеленген  аса 
таяқ    ұстап  жүріп,  оны  12  жасауыл  (шыбық  пен  балтамен  қаруланған) 
Ликторлар  қорғап  жүрген.        Римнің  ең  ежелгі  тұрғындары-патрицийлер, 
кейін  келгендер-плебейлер  деп  аталды.  Қаланы  басқаруға  тек  патриций  
еркектері сенат деп аталған жиналыста  шешім   қабылдап, патша сайлаған. 
римді  аңыз  бойынша  7  патша  билеген:  Ромул,Нума  Помпилий,  Тулл 
Гостилий,  Анк  Марций,  Луций  Тарквиний  Приск,  Сервий  Туллий, 
Өркөкіректі  ЛуцийТарквиний.    Римнің  соңғы  патшасы  Өркөкіректі 
Тарквиний болып есептеледі. Дәстүр бойынша оны жауыз етіп суреттейді, ол 

 
104 
өзінің  қол  астындағыларды  аяусыз  езіп  отырды,  сондықтан  оған  деген 
наразылық мейлінше күшейді дейді. Оның баласы өзінің туысқан Тарквиний 
Коллатиннің әйелі Лукрецияны зорлайды. Ол әйел мұны өз күйеуіне айтып, 
өзін-өзі  өлтіреді.Тарквинийдің  шектен  шығуы  және  Лукрецияның  өлімі 
көтеріліс шығарады, көтерілістің нәтижесінде Тарквиний қуғынға түсед де , 
имде  патша  өкіметі  құлайдыыы.  Кейін  патша  сайланбады.    Дәстүрлерде 
айтылатын  патшаларды  қуу,  Римді  этрустердің  езуінен  құтқару  болып 
табылады. 
 
Патшалық  дәуірінде  қоғамдық  құрылыстың  негізгі  белгілерін  анықтау 
үшін,  Рим  құрылысының  одан  кейінгі  дәуірде  сақталып  келген  ертедегі 
меккемелерден  қалған  кейбір  қалдықтардың  маңызы  ерекше  зор.    Патша 
заманы  алғашқы  қауымдық  құрылыстан  таптық  қоғамға  көшудегі  өткінші 
кезең болып табылады. Қоғамдық  негізгі бірлігі  экзогендік әкелік ру болды. 
Рулық қарым-қатынас қалдықтары тарихи заманға дейін сақталып келді.  Ру 
үшелері бірімен бірі мирасқор болу құқығымен байланысты болды.  Олардың 
діни  жалпы  ойын-тойлары  және  сол  сияқты  барлығына  ортақ  бейіттері 
болды.    ридіктер  есімдері  2  ,  кейде  3  бөлімнен  құралды.    Рулық 
байланыстардың  әлсіреуіне  байланысты  римдік  отбасы  күшейе  түсті,  ол 
ғасырлар бойы шаруашылық пне қоғамдық  күштің негізгі бірлігі болды. Ру 
мүшелерінің  саны  бірдей  болмаған,  мысалы,  фабийлар  руының    300  болған 
делінеді.      Ал  Клавдийлер  руын  клиенттерімен  қоса  есептегенде  сол  кездің 
өзінде-ақ  5 мың адаам болған. Римде  он ру Курия құрды, ал он куриядан- 
Трибан  (тайпа)  құрылды.  Үш  триба-  Тицийлар,  ромналар,  Луцерлар-  рим 
халқын құрастырды. 
 
Патша  өкіметі  .  Барлық  қауымда  патша  биледі,  ол  әскер  басшысы, 
жоғарғы  абыз,  кейбір  сотттардың  басқарушысы  болды.  Патшаның 
басқалардан  сырттай  айырмашылығы  күрең  қызыл  мантия,  алтындаған 
диадема,    бүркіттің  суреті  бар  бас  киім  киіп,  піл    сүйегінен  жасалған  таққа 
отыратын.  Патшаның  алдында  бірбума  шыбықтың    үстіне  балта  қойып 
ұстаған  ликторлар  жүретін  болды.  барлық  бұл  инсигнийлер,  яғни  жоғарғы 
өкімет белгісінің   бәрі  де этрустердің үлгісінен  алынды, патшаның  жоғарғы  
өкімет  билігі  туралы  түсініктердің  де  солардан  щығуы  да  ғажап  емес. 
Патшаны  комицийлер  сайлап,  оның  өкіметіне    белгілі  дәрежеде  жек 
қойылған.  Энгелстің  сөзіне  қарағанда,  «моммзен  көрсеткендей  ол  
самодержавиялық  патша бола алмады", тек қана тайпаның  көсемі  болды. 
Сенат .Сенат патшамен қатар тұрды. Дәстүрлердің айтуынша әуелде ол 100 
адамнан  құралды,  соңынан  оның  мүшелерінің    саны  300  адамға  дейін 
көбейтілді. Сенат деген сөз қарт деген сөзден шыққан.  Сенат ертедегі кезде 
ру  ақсақалдарынан  құралғанына  ешбір  күмән  келтіруге  болмайтын  сияқты. 

 
105 
Қарттардың  мұндай  кеңестері  көптеген  халықтардың  ертедегі  даму 
кездерінде  де    де    кездесіп  отырады.  Курияттық  комцийлердің  шығарған 
барлық  қаулыларын  сенаттың,  бұрыңғы  әкелік  дәстүрді  сақтаушының  және 
патшаның  күрделі  мәселелер  жөніндегі  кеңесшінің  бекітуі  міндетті  болды. 
Сенаттың мүшелері аталар деп аталынды.  
 
Патша дәуірінің соңғы кезінде патша тағайындайтын  қызмет адамдары 
шықты.  Мысалы,  патша  өзі  бір  жаққа  кетерінде    қаланың  префекторын 
белгіледі, оған Римді басқару ісі тапсырылды. 
 
Алғашқы  қауымнан  (мемлекеттікке  дейінгі)  таптық  құрылысқа 
(мемлекеттік)  көшу  сатысында  саяси  мекемелердің  осындай  өзгерістері 
болды. энгельс бұл құрылысты әскери демократия деп анықтайды.  
 
Руларға  біріккен  рим  қауымының  толық  құқылы  мүшелері  біртіндеп 
қоғамның  мәртебелі  бөліміне  айнала  бастады.  Олар  патрицийлар  (атасы 
барлар)  деп  аталды,  бастақы  кезде  солар  ғана  Рим  халқын  құрады. 
Патрицийлер плебейлерге қарама-қарсы қойылған топ. Plebs деген сөздің өзі 
pleo-толықтырамын  деген  сөзден  шыққан,  бұл  көпшілікті,  бұқараны 
аңғартады деген жорамалдар бар. 
 
Ф.Энгельс  плебейлердің  шығуы  туралы  мәселеде  мынадай  нұсқау 
береді: « Сонымен қатар,- дейді Энгельс,-жаулап алудың  нәтижесінде үлкейе 
түскен  Рим  қаласы,  бір  жағынан  жаңадан  көшіп  келушілердің  есебінен, 
екінші  жағынан,  көбінекей  патша  округтерін  бағындырып  алу  есебінен  өсіп 
отырды. Бұл жаңадан баынғандардың барлығы... ескі рудың, курияның және 
тайпаның  қатарына  ене  алмады,  сондықтан  да  populous  romanus-тың  бір 
бөлшегі  деп  есептелмеді.  Рим  халқының  құрамына  кіре  алмады.  Кейбір 
плебейлер  ең  әулетті  деген  патрицийлардың  қамқорлығын  іздеді  және 
олардың клиентіне айналды. 
 
3)Сервий Туллий реформалары 
Саяси  революцияға  дейін  патрицийлер  мен  плебейлер  бір-біріне 
қарама-қарсы  оқшауланған  топ  есебінде  болды,  бұл  революцияны  дәстүр 
алтыншы  патша  Сервий  Туллийдің  атымен  (VІ  ғасырдағы  дәстүр  бойынша) 
байланыстырады.    «...Ертедегі  рулық    құрылысты  жойған  революцияның 
болған  мезгілі,  барысы,  себебі  туралы,-  дейді  Энгельс,-  белгілі  бір  пікір 
айтуға еш мүмкіндік жоқ. Тек бір ғана мәселе, оның плебстер мен populous-
тердің  арасындағы тартыстан  туғандығы  даусыз». Плебстердің  сан  жағынан 
басым  болуы,  оның    экономикалық  маңызының  артуы,  ақырында 
плебейлердің  патрицийлар  сияқты  әскери  қызметке  алынуы  (оларда 
патрицийлар  сияқты  өздерінің  есебіне  қаруланатын  болды)-  міне  осының 
барлығы  плебейлерді    қатарына  қосты  және  қару-жарақ  ұстауға 
жарайтындардың  барлығы  өздерінің  мүліктік  цензына  сәйкес  бес  тапқа 

 
106 
бөлінді.  Әрбір  тап  мүшелері  санды  әскер  бөлімдерін  (центурий)  беріп 
отырды.  Әр  тапқа  белгілі  қару-жарақ  тапсырылады.  Бірінші  таптың  қару 
жарақпен толық қарулануы талап етіледі: дулыға, дөңгелек қалқан, айбалта, 
сауыт (барлығы да бронзадан  істелген), қылышы мен найзасы болу керек еді. 
Ал  басқа  таптардан  толық  қарулану  талап  етілмеді;  бесінші  таптың 
азаматтары  тек  сақпанмен  ғана  қаруланды  және  тастары  болды.  Бірінші 
таптың цензы бар азаматтары салаттыларының 18 центурейін құрастырды.  
Цензы  жоқтар  пролетарлар  қатарын  құрады.  Қолөнершілер  мен 
музыканттар 4 центурия (басқа таптармен бірге сайлайтын ед»), пролетарлар 
бір    центурийй  бөлді.  Центурийлер  тек  әскери  ғана  емес,  сонымен  қатар 
саяси  бірлік  те  болып  есетеледі.  Жиналысқа  жиналған  азаматтар 
центурийлерге  бөлінді,  әрбір  тип  қанша  центурий  бөлсе,  сонша  дауысқа  ие 
болды;  193  центурийден  98  центурий  бөлген  бірінші  тап  (салтаттыларме 
бірге) басым болып қала берді. Дауыс беру әдетте ақырғы тап түгіо, ортаңғы 
таптарға да жетпей аяқталатын. 
Азаматтарды  тапқа  бөлумен  қатар,  Сервий  Туллий  Римді 
территориялық трибаларға бөлді дейді, оның төртеуі қалалық және бірнешеуі  
селолық  трибадар  болды;  бұл  Тит  Лвийдің  айтуынша  -21.    Дионисий 
бойынша-26, ал ескі аттарын санасақ (патриций рулары бойынша, не бары 16 
болды.  Жаңа  құрылыс  кезінде  центуриаттық    комицийлер  ерекше  мәнге  ие 
болды, онда да адамдардың шыққан тегі емес, байлық дәрежесі шешуші роль 
атқарады,  куриялар  бойынша  болатын  жиналыстар  өздерінің  бұрыңғы 
маңызынан    айрылды.  Ру  шонжарлары  өзінің  бұрыңғы  ықпалынан  
айырылмағанын айта кетуіміз керек.  
Деректер бойынша ақша реформасын жүргізді дейді ( Римде алғаш рет 
ақша  жасатты).  Қоғамның  әлеуметтік  дамуына  бар  күш  жігерін  салған.  Ол 
Афинада  құлдарды,  кедейлерді  басыбайлықтан  құтқарып,  еркіндік  беретін 
бұл  пехит  деп  аталатын.  Сондықтан  сервия  Тулийді  жалықтық  патша  деп 
атайтын. Әсіресе оны плебейлер қатты сыйлайтын.  
Сервий  реформаларының  болған-болмағандығы  жөніндегі  мәселе 
тарихымызда әр түрлі шешіледі.  Көптеген оқымыстылар ( Пайс, Белох және 
т.б.)  азаматтарды  тапқа  бөлу  б.з.д.  ІV  ғасырдың  аяқ  шегінен,  не  тіпті  ІІІ 
ғасырдың басынан ертерек болған жоқ  деп есептейді.   
Қалай  дегенмен  де,  Сервий  реформасының  кейбір  оқиғалары 
жайындағы  хабар,  Рим  мемлекетінің  тарихында  олардың  революциялық 
маңызы болғандығын аңғартады. 
Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 
1.Римнің 7 патшасын атап өтіңіз 
2.Патшаның басқалардан сырттай айырмашылығы неде? 

 
107 
3.Патрицийлер мен плебейлер айырмашылығы неде болды? 
4. Сервий Туллий реформаларының маңызы 
    Тақырып № 17  Республикасы дәуіріндегі Рим  
1.Плейбейлердің патрицилармен күресі. 
2.I Пуни және II Пуни соғысы. 
3.Рим және эллиндік әлем. 
4.Ш Пуни соғысы. 
   Б.д.д. ІІІ ғ. ортасында Жерорта теңізінің батыс жағалауында, Италияда, антикалық 
әдебиеттің  екінші  бөлігі  –  рим  әдебиеті  өркендей  бастайды.  Рим  әдебиеті  грек 
әдебиетімен байланысты болды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен бірге дамыған, бірақ 
ол  латын  тілінде  шығарылды,  себебі  Рим  латын  тайпаларының  орталық  қауымы 
болды. 
        Римде құл иеленушілік қоғамның дамуы Грекия қоғамының дамуындай болды. 
Рулық  құрылыстың  күйреуі,  құлиеленушіліктің  өркендеуі,  таптық  қоғамның  пайда 
болуы, құлдардың еңбегіне негізделген өндіріс, полистің (қала-мемлекет) дамуы мен 
күйзелісі  –  осының  бәрі  Грекия  мен  Римге  тән  болған.  Экономикалық  және  саяси 
дамудың  ұқсастығы  болғанымен,  Рим  тарихының  көптеген  ерекшелігі  болды.  Ол 
тарихи  және  географиялық  жағдайларға  байланысты  болды.  Рим  құрып  жатқан 
Грекияның  орнына  келді.  Римде  грек  қоғамының  өтіп  кеткен  өмірі  қайталанады, 
бірақ ол күрделі және өзге түрде болады.  
        Рим  әдебиеті  өзінің  сұрақтарына  дайын  жауаптарды  грек  әдебиетінен  тауып 
тұрды. Грек тарихының әр кезеңдерінде пайда болған дүниетану мен идеология рим 
қоғамының дамуына пайдаға асты. Римдіктер өз мәдениетінің әр түрлі салаларының 
(философия,  дін,  өнер,  әдебиет)  дамуына  гректерден  материал  алып  пайдаланды. 
Римдіктер  гректерден  алған  материалды  өздерінің  тарихына,  идеологиясына, 
жергілікті мәдениет пен салт-дәстүрлеріне байланысты дамытты.  
        Рим  әдебиеті  грек  және  Батыс  Еуропа  әдебиеттері  арасына  байланыс  жасады. 
Қайта өркендеу дәуірінде де, XVII-XVIII ғғ.да антикалық  әдебиет  тек рим  әдебиеті 
арқылы  танымал  болды.  Сол  кездерде  грек  драматургтары  Эсхил,  Софокл, 
Еврипидтен  гөрі  рим  драматургы  Сенека  танымал  болған,  ал  еуропалық  эпостан 
Гомердің поэмалары емес, Вергилийдің «Энеидасы» көбірек танылған. XVIII ғ. ғана 
грек әдебиетіне көңіл бөлінді, ал ХІХ  ғ. рим әдебиетін дұрыс бағаламай, таза еліктеу 
әдебиеті деп қараған. 
        Екі  әдебиеттің  көп  ұқсастығы  болса  да,  жас  рим  әдебиеті  ерте  дамыған  грек 
әдебиетінен  тәуелді  болса  да,  рим  әдебиеті  грек  әдебиетінің  жәй  көшірмесі  емес. 
Оның да көп өзгешелігі бар. Рим әдебиеті грек әдебиетінің жанрларын пайдаланып, 
оларды өзгертіп, жаңа түрде дамытты. Мысалы, грек трагедиясында хордың қатысуы 
міндетті болды, ал рим әдебиетінде оның қажеттілігі болған жоқ. 
       Рим  әдебиетінің  дамуы,  оның  «алтын  дәурі»,  Рим  империясының  пайда  болуы 
мен күйреуі антикалық әлемнің дамуының соңғы кезеңіне келді. 

 
108 
        Рим  әдебиетінің  кезеңдерге  бөлінуі әдеби  латын  тілінің  дамуымен  сәйкес 
келеді. 
        І. Ежелгі кезең – рим әдебиетінің пайда болуына дейін (б.д.д. 240 ж, дейін). 
       ІІ.  Архаикалық  кезең  –  Цицеронның  әдеби  қызметіне  дейін  (б.д.д.  240ж.-  81 
жж.). 
      ІІІ. Рим әдебиетінің «алтын дәуірі»: 
1)     Цицеронның заманы – рим прозасының гүлдену кезеңі (б.д.д.81-43 жж.);         
2)     Августың заманы – рим поэзиясының гүлдену кезеңі (б.д,д. 43-14 жж.). 
      IV. Рим әдебиетінің «күміс дәурі» (14-117 жж.). 
       V. Соңғы императорлық кезең (117-476 жж.). 
       Рим  мифологиясы. Римдіктер  олимп  құдайларына  құлшылық  етті,  бірақ 
олардың аттарын өзгертіп алды. Мысалы, бас құдай Зевсті  – Юпитер, теңіз құдайы 
Посейдонды – Нептун, өлілер патшалығының әміршісі Аидты – Плутон, неке, аналар 
мен балалардың қамқоршысы, Зевстің әйелі Гераны – Юнона, соғыс құдайы Аресті – 
Марс, сауда-саттықтың құдайы Герместі – Меркурий, сұлулық пен махаббат құдайы 
Афродитаны  –  Венера,  қолөнері  мен  өнерді  қорғаушы  әйел  құдай  Афинаны  –
  Минерва, аңшылық құдайы Артемиданы  –  Диана, ұста құдай Гефесті – Вулкан деп 
атады,  бақыт  құдайы  Тюхэні  –  Фортуна,  махаббат  құдайы,  Афродитаның  ұлы 
Эротты – Амур немесе Купидон деп атаған.  
        Б.д.б. І ғ. соңы мен б.д. І ғ. басын рим поэзиясының «алтын ғасыры» деп атайды. 
Римнің  аса  көрнекті  ақындары  осы  уақытта  өмір  сүріп,  өз  шығармаларын  жасап 
кетті. 
        Рим  театрыларында  грек  және  рим  драматургтарының  трагедиялары  мен 
комедиялары қойылды. Император Помпей Грекиядағы театр жұмысымен танысып, 
солардың  үлгісі  бойынша  Римде  тастан  қаланған  алғашқы  театр  салдырды.  І  ғ. 
Римде 50 мың  көрермен  сиятын  атақты  Колизей  театры  салынды.  Грек 
жазушыларының  шығармалары  латын  тіліне  аударылды.  Рим  ақындарының  өздері 
де көптеген тамаша дастандар мен өлеңдерді жазды.  
        Плавт –  біздің  заманымызға  дейін  шығармалары  тұтас  жеткен,  комедия 
жанрында жазған алғашқы рим авторы (б.д.д. 184 ж. шамасында дүниеден кетті). Тит 
Макк  (жалған  аты  Плавт  –  «жалпақ  табан»  деген  мағына  береді)  Умбрияда  туып-
өскен.  Ол  туралы  мәлімет  өте  аз.  Танымал  драматург  көптеген  комедияларын 
қалдырды. 
Оның 
комедиялары 
грек  шығармаларының 
сюжеттеріне 
жазылған.  Көбіне  Плавт  «жаңа»  аттикалық  комедия  авторларын  алды  –  Менандр, 
Филемон, Дифилды. 
        Плавт 
демократиялық 
бағытта 
жазған 
драматург.Оның 
көптеген 
комедияларында  икемді  құлдың  бейнесі  үлкен  сүйіспеншілікпен  суреттеледі 
(«Елес», «Вакхидалар», «Псевдол»). 

 
109 
        Плавтың  әйгілі  комедиялары  –  «Мақтаншақ  сарбаз»,  «Екі  Менехм»,  «Тұтқын» 
т.б.  Плавтың  пьесалары  шешен  диалогқа,  күлкіге  құрылған.  Олар  гректер  мен 
римдіктердің өмірін, тұрмысын шебер суреттеп, ескі әдет- ғұрыпты күлкі етеді. 
         Марк  Туллий  Цицерон (б.э.д.106-43  жж.)  –  атақты  адвокат,  шешен,  жазушы, 
саяси  қайраткер.  Цицерон  Арпин  қаласында  дүниеге  келді.  Ол  Римдегі  грек 
оқытушылардан  білім  алды.  Мектепте  грек  әдебиетінің  классикасымен  танысты  –
Гомердің 
поэмаларымен, 
драмалармен, 
шешендік 
сөздермен. 
Цицерон 
философиямен,  грек  және  латын  тілінде  шешен  сөйлеумен,  грек  тілінен  аударумен 
және поэма жазумен машықтанды.   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет