4. Оқытудың негізгі формалары мен әдістері Оқытудың негізгі формалары мен әдістері белгіленген оқу жүктемесіне, білім беру бағдарламаларына, оқу жұмыс жоспарларына және сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Студенттердің өзіндік жұмысы маңызды болып табылады. Өзіндік жұмысты ұйымдастыру кезінде білім алушыларды оқу, оқу-әдістемелік материалдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз етуге және білім беру процесін аппараттық-техникалық қолдау мәселелерін шешуге баса назар аударылады.
Білім беру үрдісінде желілік оқу құралдары, компьютерлік оқыту бағдарламалары, дидактикалық аудио- және бейнематериалдар белсенді қолданылады.
Оқу сабақтары оқытушы мен білім алушының "Platonus" ААЖ, "Moodle" қашықтықтан оқыту технологиясы өзіндік платформалары және олардың чаттары мен форумдарының ішкі сервистері арқылы қарым-қатынас жасауға негізделеді.
5. ҰСЫНЫЛАТЫН ДЕРЕКТЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер: Көкебаева Г.К., Мұхатова О.Х. Тарихи түсініктер мен терминдер сөздігі. – Алматы: «Қазақ университеті», 2015.
Ақбұзауова Б. Кәсіби қазақ тілі. Алматы: «Қазақ университеті», 2011.
Қарабаева Х.Ә. Кәсіби қазақ тілі (гуманитарлық сала мамандықтарына арналған). - Алматы: «Қазақ университеті», 2014.
Құлжанова Б.Р. Қазақ тілі: оқу құралы. - Алматы: «Қазақ университеті», 2010.
Смағұлова Г.Н. Шешендік сөздердің дискурсы. - Алматы, 2012.
Қазақ терминографиясының жүйесі. -Астана, 2005.-2008 б.
Бекітілген терминдер сөздігі. –Алматы, «Дайк-пресс», 2009. – 328 б.
Амренова Р.С. Кәсіби қазақ тілі. - Кокшетау, 2009.
Кадашева Қ.Қ., Кұрманова Н., Абдукамалова Э.С. Мемлекеттік тілді оқытудың бірінші деңгейіне арналған мультимедиялық оқулық.
Капасова Б.Қ., Абдижусупова Б.Х., Жумадилова Ш.Т. Қазақ тілін жедел оқыту. Алматы, 2007.
Мұсаұлы Ж., Амренова Р.С. Қазақ және орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы. – Кокшетау, 2008.