Жұмыс бағдарламасы (силлабус) н -1-38-2021 ба спа



бет2/8
Дата15.03.2023
өлшемі0,76 Mb.
#74424
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
экология

Курс саясаты. Академиялық кезеңде «Экология және тұрақты даму» пәні аралас форматта оқытылады: дәріс сабақтары қашықтықтан, тәжірибелік сабақ аудиторияда жүргізіледі. Пән бойынша 28 сабақ өткізу қарастырылған, соның ішінде: 7 лекция, 15 практикалық және 6 оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОБӨЖ).
Нәтижелі жұмыс атқару үшін студенттің академиялық адалдығын сақтау, оқу процесіне белсенді қатысу, уақтылы берілген тапсырмаларды бақылау кестесіне сай орындап отыру қажет. Пәнді оқу кезінде сізді төзімдіжәне ашық-жарқын болуға шақырамыз. Студенттің жүріс-тұрысы университеттің ішкі ережелеріне сәйкес келуі керек.
Студент оқытушы ұсынған лекциялар конспектісін, видео-лекцияларды, презентациялар мен тізімде көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданып, әрбір лекциялық және практикалық сабаққа дайындалуы қерек.
Пән бойынша тапсырмаларды бағалау бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі. 4, 6, 8, 10, 12 және 14 апталарда процентпен көрсетілген бағалар дерекқорға енгізіледі. Максималдық балл - 10 балға тең және балдық-рейтингтік шкала бойынша 0 - 100% шамасымен бағаланады.
Пән бойынша оқу процесін мониторингтеу үшін 2 аралық бақылау өткізіледі: бірінші аралық бақылау (РК 1) 8 аптада, екінші аралық бақылау (РК 2) 14 аптада. Академиялық кезеңнің 4, 6 және 8 апталарының қосынды балы бірінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 балға дейін (100% дейін) болады. 10, 12 және 14 апталардың қосынды балы екінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 баллға дейін (100% дейін) болады. Екі аралық бақылаудың максималдық қосынды балы – 60 балды (100%) құрайды.
Лекция тақырыптары бойынша коллоквиум өткізіледі. Практикалық сабақтар кезінде дәптерде орындалатын жеке үй тапсырмалары беріледі. Пән бойынша 3 студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ) қарастырылған. СӨЖ бойынша тапсырмалар академиялық кезеңнің 3-ші аптасында беріледі. Пән бойынша блиц-сұрақ, коллоквиум және белсенділік балдары қойылады. Тапсырма уақытынан кешіктірілгенде балл кемиді.
Тапсырмалар мен материалдарды жүктеу үшін міндетті түрде университеттің ресми LMS– Сириус қолданылуы қажет. Оған кіру студенттің порталы арқылы орындалады.
Аталған курс бойынша академиялық кезеңнің 1-7 апталарында қосымша лекциялық және практикалық сабақтар GoogleClassroom веб-сервисінде өткізіледі. Пәннің коды бойынша (сабақ кестесінде көрсетілген) студент курсқа қосылуы керек. Пәнді оқу теориялық материалдан басталады: әрбір лекцияның оқу материалы «Лекция №_» тарауында орналасқан. Содан кейін студент практикалық сабаққа кіріседі. Оның материалы «Практикалық сабақ №_» тарауында орналасқан. Теориялық немесе практикалық сабақтарды игеру бойынша қиындықтар және сұрақтар туындағанда, студент оқытушыға жүгініп, ОБӨЖ сабақтары кезінде талқылауға болады. ОБӨЖ сабағы (ОБӨЖ сабақ кестесі бойынша) аптасына бір рет Zoom платформасында өткізіледі. Пән бойынша тапсырмаларды студент міндетті түрде «№ Тапсырманы орындау» тарауында мерзімі көрсетілген уақытта университеттің ресми LMS – Сириусқа (GoogleClassroom-ға қайталап) жүктеуі қажет.

1

Пәннің мақсаты мен міндеттері

«Экология және тұрақты даму» пәні экологиялық танымды қалыптастыру, қоғам мен табиғаттың тұрақты даму негіздері туралы терең білім алу, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білім алу мақсатын ұстанады.

2

Сағат саны

Лекция – 10,5 сағат
Практикалық сабақтар- 22,5 сағат
Білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - БӨЖ)- 48 сағат (соның ішінде ОБӨЖ (9 сағат))
Барлығы – 90 сағат

3

Оқыту нәтижесі

Пәнді игеру барысында сіз білуіңіз керек:
-тірі ағзалардың тіршілік ортасымен қарым-қатынастарының жалпы заңдылықтарын;
-тірі ағзалардың кеңістікке таралуын және сан динамикасын, қауымдастықтардың құрылымы мен динамикасын;
-энергияның тірі жүйелер арқылы ағып өтуі және заттар айналымының заңдылықтарын, экологиялық жүйелердің және бүкіл биосфераның қызмет атқару заңдылықтарын;
-табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі принциптерін;
-антропогендік әрекеттің әлеуметтік-экологиялық салдарларын;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет