Жұмыс бағдарламасы (силлабус) н 3



бет2/11
Дата13.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#92789
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
NormK-1

Негізгі мақсат – Студенттердің мектеп бағдарламасы көлемінде қазақ тілінен алған білім, білік дәрежелері жүйелі түрде тиянақтап, кешенді талдауға үйрету, студенттердің жазу сауаттылығы мен ауызша сөйлеу мәдениетін жетілдіру және қазіргі қазақ тілі курсына дайындау. Келешек ғылыми-зерттеу материалдарын сараптауға дағдыландыру, теория мен практиканы өзара ұштастыру. Қазақ тілінің негізгі құрылымдық жүйесін фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тұрғыдан оқыту.
Міндеттері:

  • Дыбыс, әріп, фонема, буын т,б. тіл бірліктерінің аражігін ажырату, өзіндік ерекшеліктерін анықтау.

  • Тіл дыбыстарының құрамы мен түрлеріне жіктеу.

  • Үндестік заңы, түрлері т.б. бойынша толық түсінік қалыптастыру.

  • қазақ тілін грамматикалық заңдылықтарға сәйкес жаза және оқи, тиянақты түрде өз ойын еркін шешен түрде жеткізе білуге дағдыландыру.

  • қазіргі қазақ тілі фонетика, лексика, морфология, синтаксис салалары бойынша теориялық толық білім меңгеру, зерттеу обьектілерін ажырата алу;

  • теориялық тұрғыдан тілдік терминдерді салыстыру және айырмашылықтарын анықтау;

2

Сағат саны

Практикалық сабақ – 45 сағат
СӨЖ – 75 сағат (оның ішінде СОӨЖ – 12 сағат)
Барлығы - 120 сағат

3

Оқыту нәтижесі
(құзыреттілігі)



Дыбыс, әріп, фонема, буын т.б. тіл бірліктерінің айырым белгілерін, қазақ тілінің дыбыс жүйесін, лексикасы мен фразеологиясын, морфологиясы мен синтаксисін білуі; үндестік заңының түрлері мен орфографияның принциптерін, сөзжасамдық тәсілдерді игеруі, олардың өзіндік ерекшеліктерін анықтап, қазақ тілінің грамматикалық заңдылықтары мен әр сөз табының өзіндік ерекшеліктерін сипаттауы; сөйлемнің түрлерін, жасалу жолдарын, синтаксисік жүйені толық меңгере білуі;
Қазақ тілінің фонетикалық жүйесі, лексикалық құрамы, грамматикалық құрылысы бойынша ауызша және жазбаша сөйлеудің ерекшеліктерін саралап, толық кешенді тілдік талдау жасай алуы; дыбыс, әріп, фонема, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем т.б. тілдік бірліктер мен терминдерді ажыратып, орнымен қолдана білуі, түрлерін білу, тақырып бойынша қорытынды тапсырмаларды орындай алуы;
Қазақ тілінің дыбыстық құрамы мен үндестік заңына, лексикалық негізі мен мағына түріне, сөзжасамдық жүйе тәсілдеріне, морфологиялық құрамына және синтаксистік негізде талдау жасауға, тілдің заңдылықтары мен принциптерін меңгеріп, дұрыс сөйлем құрауға; өз ойын ауызша және жазбаша сауатты, дұрыс жеткізе білуге; тілдік терминдер мен бірліктерді ажыратып, саластыра білуге; әр тақырыпбойынша өзіндік тұжырым-пікір айтуға дағдылануы қажет.

4

Білімін бағалау

1. Теориялық дайындығы мен жазбаша, ауызша талдау - 9*3=27 балл
2. Коллоквиум (КЛ) - 2*7=14 балл
3. Студенттің өзіндік жұмысы(СӨЖ) -2*5=10 балл
4. Эссе - 1*3=3 балл
5. Студенттің белсенділігі - 6 балл

5

Қорытынды бақылау

емтихан /тест

6

Техникалық талаптар

Ерекше талаптар жоқ

7

Ресурстар мен дереккөздер/негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет