әл-Фарабиден Абайға дейінгі тарихи кезеңдегі қазақ халқының рухани тұтастығы мен сабақтастығын ұғынып игеру;
қазақ халқының ұлттық дүниетанымының философиялық, рухани және мәдени бастаулары мен мазмұнын білу, олардың ішкі құндылықтық өзара байланыстары мен сабақтастығын түсіну;
қазақ халқының түрлі тарихи кезеңдердегі рухани ізденістерінің әр алуан сипаты мен кең ауқымын игеріп түсіну;
әл-Фарабиден Абайға дейінгі дәуір ойшылдарының дүниетанымдық және рухани-философиялық идеяларын зерделеу арқылы өркениеттер арасындағы сұхбатты толыққанды және сындарлы пайымдау;
қазақ халқының тарихи дамуындағы ойшылдар ілімдері арасындағы рухани сабақтастықты түсіне білу;
қазақ ойшылдарының философиялық-дүниетанымдық жүйелерінің терең гуманистік сипатын түсіне білу;
қазақтың рухани әлемінің біртұтастығы жөніндегі түсініктерге және ұлттық тарихтың руханилық мәніне қазіргі заманғы талапқа сай түбегейлі жаңаша көзқарасқа ие болу;
қазақтың рухани-философиялық тарихы аясында «Ұлттық кодты сақтау» талабына сай білімді игеру;
ұлы тұлғалардың рухани мұрасымен таныса отырып, өз Отанын сүюге, өз халқының мәдениеті мен құндылықтарын қастерлеуге дағдылану.
Бұл пәнді игергенде сіздің қолыңыздан келетін мүмкіншілік:
– әл-Фарабиден Абайға дейінгі тарихи кезеңдегі қазақ халқының рухани әлемін тұтастық тұрғысынан қарастыра аласыз;
– қазақ халқының ұлттық дүниетанымының философиялық, рухани және мәдени бастаулары мен мазмұнын аша аласыз;
– олардың ішкі құндылықтық өзара байланыстары мен сабақтастығын дәйектеп, қазақ халқының рухани ізденістерінің әр алуан сипаты мен кең ауқымын көре аласыз;
– әл-Фарабиден Абайға дейінгі дәуір ойшылдарының философиялық идеяларын зерделеу арқылы өркениеттер арасындағы сұхбатты толыққанды және сындарлы пайымдауға, тарихи үдеріс пен рухани мәдениеттің эволюциясындағы сабақтастықты жете түсінуге мүмкіндік ала аласыз;
– қазақ ойшылдарының философиялық-дүниетанымдық жүйелерінің терең гуманистік сипатын ашып, ол ілімдердің түпнегізінде жатқан адам мәселесі, оның құндылықтық бағдарлары мен рухани ізденістерін көре аласыз.