Жұмыс бағдарламасы (Syllabus) Басылым: екінші


XVII ғ. және XVIIIғ. басындағы Қазақ хандығы



бет13/29
Дата26.10.2022
өлшемі367 Kb.
#45514
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
5. XVII ғ. және XVIIIғ. басындағы Қазақ хандығы
XVI ғ. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Есім ханның Сырдария бойындағы қалалар үшін күресі. Қазақ және Бұхар хандықтары арасындағы қарым-қатынастар.
6. Жоңғар хандығының пайда болуы, алғашқы қазақ-жоңғар қатынастары. XVII ғ. екінші жартысындағы қазақ-жонғар қатынастарының сипаттамасы. Қазақ қоғамында батырлар мен билер ықпалының өсуі. Жәнібек хан. Орбұлақ шайқасы.
7. Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы. «Белгісіз жылдар» кезеңі.1652-1680 жж. Сайрам соғысы.
8. Тәуке ханның билікке келуі, оның саясаты. Қазақ-жоңғар қатынасында шиеленістің күшеюі. Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Билер институты.
9. Қазақ мемлекетінің сыртқы саясаты мен дипломатиясы: Мавераннахрмен (шейбанидтер, аштарханидтер), Иранмен байланыс, Осман империясымен байланыс орнату әрекеттері, қазақ-орыс байланыстары.

10. Қазақстанның XIV ғасыр – XVIII ғғ. бас кезі аралығындағы мәдениеті Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті. Көшпелі шаруашылық түрлері, олардың ерекшеліктері. Еңбек құралдары. Қарулар. Қолөнер және үй кәсіпшілігі. Сауда және сауда жолдары.


11. Қазақ халқының рухани мәдениеті. Орталық Азия сунниттік-ханафи мектебі шеңберінде қазақ-мұсылман діни дәстүрін қалыптастыруды аяқтау. Қазақтар арасындағы Құран мен Сүннеттің беделі. Ежелгі тәңірлік жәдігерлері, Наурызды сақтау және оның көшпелі өмір салтына бейімделуі. Қазақ хандығының рухани өмірі мен идеологиясындағы Ахмет Ясауи кесенесі мен қасиетті Түркістан қаласының рөлі.
Поэзия мен шешендікке табыну, қазақтардың ауызша-вербальды мұрасы.
12. Қазақстанның қалалық мәдениеті. Қала мен даланың өзара байланысы. Қазақстанның түрлі аймақтарындағы қалалардың құрылымы. XVIIғ. – XVIIIғ. басында мәдениеттің кері кетуі.
Тарихты ауызша айту, оның ерекшеліктері мен маңызы. Жазбаша тарихнама, Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасымұлы Жалайыридің аса көрнекті еңбектерінің маңызы.



1



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет