Жұмыс бағдарламасы (Syllabus) Басылым: екінші



бет3/29
Дата26.10.2022
өлшемі367 Kb.
#45514
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
3. Оқу жоспарынан көшірме
Курс 1
Семестр 1, 2
ECTS бойынша кредит саны 5



Сабақ түрі

Жалпы сағат саны

Дәрістер

30

Тәжірибелік сабақтар




Семинар сабақтар

15

Зертханалық сабақтар




Білімалушыныңөзіндік жұмыстары (БӨЖ)

105

Барлығы

150

4.Модульдер бойынша пәннің тақырыптық жоспары

(академиялық сағатта)



Модуль №

Модульдің атауы

1

ЕЖЕЛГІ АДАМДАР ЖӘНЕ КӨШПЕЛІ ӨРКЕНИЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.

2

ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІ ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛА

3

ЖАҢА ДӘУРДЕГІ ҚАЗАҚСТАН (XVIII - ХХ ғ.басы)

4

ҚАЗАҚСТАН КЕҢЕСТІК ӘКІМШІЛ-ӘМІРШІЛ ЖҮЙЕНІҢ ҚҰРАМЫНДА

5

Қазақстан әлемдік қауымдастықта(1991-2022 жж.)




Дәріс сабақтары

Апталар №

Модуль №

Дәріс тақырыбының атауы

Сағат саны

Оқытудың түрлері мен әдістері

ЕЖЕЛГІ АДАМДАР ЖӘНЕ КӨШПЕЛІ ӨРКЕНИЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.

1

1

Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы
Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу. Антропогенез туралы жаңа мәліметтер. Адамның шығу тегі териясы және адамзаттың алғаш пайда болған жері мәселесі. Қазақстан аумағы – homo sapіensтің қалыптасу ошақтарының бірі. Глоттогенез түсінігі. Культурогенез ырғағы тұжырымдамасы. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Алғашқы қауымдық өнер ескерткіштеріндегі антропо- және зооморфтық бейнелердің ерекшеліктері.

2

Дәріс-презентация, пікірталас

2

1

Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті. Қазақстан – жылқыны қолға үйретудің ежелгі ошағы. Дала аймағы – көне дөңгелекті көлікті даму орталықтарының бірі. Қола дәуіріндегі палеоэкономика. Қазақстан аумағында кен ісі орталықтарының қалыптасуы. Материалдық мәдениет.

2

Дәріс-презентация, пікірталас

3

1

Атқа міну мәдениетінің генезисі. Көшпелілер тарихын кезеңдеу. Тасмола мәдениеті: күні, ауқымы, қорғандар мен материалдық мәдениеттің ерекшеліктері. Қазақстандағы ерте темір дәуірінің зерттелуі. Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы. Сақтар. Массагеттер. Савроматтар мен сарматтар. Мемлекеттіліктің қалыптасуының бастапқы кезеңі, Ұлы Жібек жолы аумағындағы көшпелі және отырықшы мәдениеттің урбандалуы мен өзара қатынастары (б.з.б.III – б.з. II ғғ). Прото және ежелгі түріктердің мәдениет генезисі. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері. Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы.

2

Дәріс-презентация, пікірталас

ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІ ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛА

4

2

Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностардың этномәдени интеграциясы кезеңдері. Көне түркі кезеңіндегі көшпелі мемлекеттік және мәдени дәстүрлердің дамуы. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы. Жетісу және Оңтүстік Қазақстандағы араб-қытай қайшылығы. Талас өзені бойындағы тарихи шайқас (751 ж.). Исламның енуі және түркілердің мұсылман әлемімен халықаралық байланысы. ІХ-ХІІ ғғ. Қазақстанның этносаяси тарихындағы түркі факторы. Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы. (Орхон-Енисей (руникалық) жазуы ежелгі түркі өркениетінің өркениеттік белгісі ретінде. Түркі-ислам синтезінің қалыптасуындағы Қожа Ахмет Ясауи сопылық мектебінің рөлі.Түркі мәдениетіндегі ауызша дәстүр.Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Ясауи шығармаларының әлемдік маңызы.

2



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет