етене таныс:
–
Жер шарының көптеген түкпірлерінде жайлаған кедейшілік, жұмыссыздық;
–
Табиғат реурстарының біраз аймақтардағы тапшылығы: ауызсудың, энергетикалық
жанар жағар отындардың, азық болар аң, құс пен балықтың, мал жайылымының, құнарлы
жердің т.с.с;
–
Кей елдердегі адамдардың тым тығыз жайғасуы;
–
Кей аймақтарда адамның өмір сүруіне қауіпті катаклизмдік табиғи жағдайлар:
өшпеген вулкандар, жер сілкіністері жиі болатын алқаптар, су құйындарына көп
ұшырайтын аралдар мен жағажайлар, көшпелі құмдар жайлаған шөл–далалар т.т.
Біздің пайымдауымызша, ол кез–келген жаңашылдыққа, иновациялыққа,
жаңғырмалыққа, ең алдымен, «бұл өзі адам өміріне пайда келтіре ме, оның кәдесіне
күнделікті және әрқашан жарай ма, қоғамға тиімді ме,табиғат анаға қауіпсіз бе?» деген
сауалдар тұрғымызда келеді. Сондықтан еліміз неге зәрулі, соны ноосферология екшеп–
текшеп біледі. Оған тағы да көз жеткізу мақсатында ноосфералық білім мен оған
икемделген тәсіл–айлалар техника сипатынан туындайтын салдарының енді бірнешеуін
келтірейік:
Ноосфералық технология мен техниканың табиғаттың тылсым күш–қуатына басыбайлы
болуы, содан нәр алуы. Бұлай болмаса оның энергия қуаты да өз бетімен қалпына келіп
отырмаған болар еді. Екінші ноосфералық білім мен тәсіл айлаларының базисіне
қондырғы ретінде жасалған технологияның ПӘК көрсеткіші негізінен бірден жоғары
болмақ. Бұл салдар техниканың ашық кибернетикалық (априори–белсеңді) жүйе
болатының (тұйық емес жүйе) және де жоғарғы сипаттағы қуаттың, ақпараттың сақталу
заңдлығынан тікелей туындайды.
Төртіншіден бұл техника көп жағдайда (адамның құзырынан) автоматты режимде жұмыс
істейтін техника болмақ..Бұл олардың сипатында келтірілген кибернетикалық талаптарға
сай келуін туындайды.
Сонымен еліміздің болашағын бүгін бастағымыз келсе, бабаларымыздан мирас болып
қалған киелі жерімізге өткеннің емес, болашақтың технологиясы мен техникасын
жасақтап, тұрмысымызға еңгізе алатын және еліміді әлеуметтік бәсекелестәк додасына
алып шығатын шетелдік бизнес пен индустрияны кешеуілдетпей әкелуіміз керек.
|