ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ
Бөлгiш воронкаға 10-25 мл топырақ вытяжкасын құйып, 5 мл 5 % лимон қышқылды
аммоний құяды да фенолфталейн арқылы алқызыл түске дейiн сұйытылған аммиакпен
нейтралдайды. Одан соң воронкаға бюреткадан 15 мл төртхлорлы көмiртектегi
қорғасын диэтилдитиокарбоматын құйып, 2 мин шайқайды. Фазаларға бөлiнген соң
қоңыр түстi ССl4 төменгi қабатын тығынды пробиркаға немесе фотокалориметрдiң 2 см
лiк кюветасына фильтрлейдi. Фильтраттың оптикалық тығыздығын 436 нм-де (көк түстi
светофильтрде) анықтайды. Стандартты ерiтiндiлердiң шкаласын да осы әдiспен дайын
дайды. Үлгiдегi мыстың мөлшерiн калибрлiк график арқылы анықтап, одан тәжiрибедегi
бос үлгiнiң мөлшерiн алып тастайды. Мыстың мөлшерiн төмендегi формула бойынша
есептейдi:
Х = ; бұндағы: Х — мыс мөлшерi, мг/кг; а — график бойынша табылған
мыстың мөлшерi, мкг; V0 — вытяжканың бастапқы көлемi, мл; V1 — анықтауға алынған
вытяжканың көлемi, мл; Н — топырақтың салмағы, г.
Достарыңызбен бөлісу: |