БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Атмосфералық ауаны тазарту әдiстерi.
2. Қалалардағы шудың деңгейiн төмендету проблемалары.
3. Қоршаған ортаның химиялық ластанулары.
Негізгі әдебиеттер: 1, 3, 7.
Қосымша әдебиеттер: 2, 3.
Практикалық сабақ № 5
Тақырыбы: ҚОРШАҒАН ОРТАДАҒЫ СЫНАП МӨЛШЕРIН АНЫҚТАУ
Мақсаты: Қоршаған ортадағы сынап мөлшері анықтаумен танысу
Сынап — барлық тiрi организмдер үшiн өте улы ауыр металл. Сынап
бөлметемпературасында тез буланып ұшып кетедi, температура артқан сайын булану да
күшейедi. Ауадағы сынаптың булары заттардың бетi мен қабырғаларына қонып,
жинақталады. Қорғасын сияқты сынап та адам организмiнде жиналып, iшкi органдардың
функцияларына зиянды әсер етiп, организмдi улайды. Сынапты анықтау әдiсi қызыл түстi
— CuI * HgI2 тұзының түзiлуiне негiзделген.
Достарыңызбен бөлісу: |