60
Қазіргі халықаралық тәртіптің тарихи типтері мен
ерекшеліктері: вестфальдік, веналық, версальдік, ялтинско-
потсдамдық,
пост-биполярлы.
Халықаралық
қатынастар
жүйелерінің типологиясы мен олардың қызмет етуінің
құрылымдық заңдылықтары.
Қазіргі халықаралық қатынастардың дамуының негізгі
үрдістері:
билікті бытыраңқы орналастыру, жаппай қырып-жою
қаруын пайдалана отырып әлемдік соғысты болдырмау мәселесі,
жаһандық проблемалардың өсуі, халықаралық қатынастарды
демократияландыру.
Жаһандану
көптеген
әлеуметтік,
экономикалық, мәдени, саяси және өзге де қатынастар мен
байланыстар дүниежүзілік сипатқа ие болады деп болжайды.
Сонымен қатар, ол жекелеген мемлекеттер шегінде де,
мемлекеттер арасында да өзара іс-қимыл деңгейінің өсуін
білдіреді. Жаһанданудың қазіргі заманғы процестері үшін жаңа
технологиялық, ұйымдастырушылық, әкімшілік, құқықтық және
т.б. сияқты қызмет салаларына әлеуметтік байланыстарды тарату,
сондай-ақ қазіргі заманғы коммуникациялардың және жаңа
ақпараттық технологиялардың көптеген желілері арқылы өзара
байланысты орнату үрдістерін ұдайы қарқындату болып
табылады.
Қазіргі жаһандық қауіп қатерлер
-
адамзаттың әлеуметтік
прогресі мен өркениетті сақтауға байланысты әлеуметтік-табиғи
проблемалардың жиынтығы.
Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан.
Қазақстан сыртқы саясатының басымдық бағыттары - ұлттық
мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті
күшейту.
Достарыңызбен бөлісу: