1-жағдаят Сіздің тікелей бастығыңыз Сізді айналып өтіп, Сіз берген басқа жауапты тапсырманы орындаумен айналысып отырған қарамағыңыздағы адамға шұғыл тапсырма береді. Сіз де, Сіздің бастығыңыз да өз тапсырмаларыңызды шұғыл жұмыс деп санайсыз.
Сіз үшін ең қолайлы шешімді таңдаңыз.
A. Бастықтың тапсырмасына дау айтпастан, мен қызметтік бағынуды қатаң ұстанамын, қарамағымдағы адамға ағымдағы жұмыстың орындалуын кейінге қалдыруды ұсынамын.
Ә. Барлығы бастықтың мен үшін қаншалықты беделді екендігіне байланысты.
Б. Мен қарамағымдағы адамға бастықтың тапсырмасымен келіспейтінімді айтып, алдағы уақытта мұндай жағдайларда оған менің келісімімсіз берілген тапсырмаларды алып тастайтынымды ескертемін.
В. Жұмыс мүддесі үшін қарамағымдағы адамға бастаған жұмысты орындауды ұсынамын.
2-жағдаят Сіз бір мезгілде екі шұғыл тапсырма алдыңыз: өзіңіздің тікелей бастығыңыздан және одан жоғары тұрған бастығыңыздан. Тапсырмаларды орындау мерзімдерін келісуге Сізде уақыт жоқ, жұмысты тез арада бастау керек.
Өзіңіз үшін қолайлы шешімді таңдаңыз.
A. Ең алдымен, өзім көбірек құрметтейтін адамның тапсырмасын орындай бастаймын.
Ә. Алдымен өзім ең маңызды деп санайтын тапсырманы орындаймын.
Б. Алдымен жоғары тұрған бастықтың тапсырмасын орындаймын.
В. Өзімнің тікелей бастығымның тапсырмасын орындаймын.
3-жағдаят Сіздің ұжымыңыздағы екі адамның арасында жанжал пайда болды, бұл олардың табысты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Олардың әрқайсысы жеке-жеке Сізден істің мән-жайын қарауыңызды өтініп, өзінің ұстанымын қолдауды сұрады. Осы жағдайдағы өзіңіздің әрекет ету нұсқаңызды таңдаңыз.
A. Мен жұмыстағы жанжалды тоқтатуым керек, ал жанжалды жағдайларды шешу —олардың жеке ісі.
Ә. Ең дұрысы – қоғамдық ұйымдар өкілдерінен жанжалдың мән-жайын қарауды өтіну.
Б. Ең алдымен, өзім жанжалдың мән-жайын анықтауым және татуласудың екі жаққа да қолайлы тәсілін табуға тырысуым керек.
В. Ұжым мүшелерінің ішінде жанжалдасушылар мойындайтындай беделді кім бар екендігін анықтау және оларға сол адам арқылы ықпал етуге тырысу керек.