Жұмыс тақырыбы: “


Экономикалық контрабанданың іске асу жолдары



бет5/9
Дата01.03.2023
өлшемі431,5 Kb.
#70845
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
stud.kz-5845

2.3 Экономикалық контрабанданың іске асу жолдары.
Контрабанда жасаудың алғашқы жолы, ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1997 жылғы 18 шілдеде қабылданған «Контрабанда үшін қылмыстық жауаптылық туралы заңды қолдану тәжірибесі туралы» қаулысына сәйкес, контрабандалық заттарды кеден бекеттерінен, өткізу нүктелерінен және кедендік дайындауды жүргізу үшін ҚР кеден органдары мен заң арқылы белгіленген өзге жерлерден тыс немесе кеден жұмысы үшін белгіленген уақыттан тыс мерзімде жөнелтуден немесе алып өтуден тұрады.
Контрабанданың екінші жолы заттарды алып өту кезінде құпия орындарды немесе іздеп-табуды қиындата түсетін басқа тәсілдерді пайдаланудан немесе бір затты екінші заттың түріне келтіруден тұрады.
Кедендік бақылаудан заттарды жасырып қалу үшін түлғалар неше түрлі айла-ларды қолданып бағады. Заттар, мысалы: киімге, аяқ киімге, бас киімге, сөмкенің астарының астына, чемоданның қосарланған түбіне жасырылуы мүмкін.
Үшінші әдіс бойынша кеден органдарына, сол сияқты шекаралық бақылау жүргізуші тұлғаларға жарамсыз, заңсыз жолмен алынған, сонымен қатар, жалған мәліметтерден тұратын құжаттар ұсынылуы, қолдан жасалған мөрлер, пломбылар, штамптар не кедендік теңдестірудің өзге құралдары пайдаланылуы немесе шын теңестіру құралы ұсынылып, бірақ ол бөтен объектілерге қатысты болуы мүмкін.
Бұл әдіс арқылы контрабанда жасау кезінде айыптының әрекеттерін құжат-тардың қолдан жасалғандығы немесе жалғандығы үшін қосымша бағалаудың қажеттілігі жоқ, себебі бұл әрекеттер контрабанда жасаудың аталған тәсілінің міңдетті белгілері болып табылады.
Контрабанда жасаудың төртінші және бесінші тәсілдері айналыстан алынған немесе өткізуге тыйым салынған не шек қойылған заттарға қатысты заңның белгіленген ережелеріне сәйкес кедендік декларация ұсыну міндетін орындамаудан не тиісті дәрежеде орындамаудан тұрады.
Контрабанда жасау кезінде өткізу кеден шекарасы арқылы жүзеге асырылады.
Субъективті жақ тікелей ниетпен сипатталады. Тұлға кеден шекарасы арқылы айналыстан немесе айналысы шектелген заттарды заңсыз өткізетіндігін біледі
Бұл қылмыстың субъектісі - 16 жасқа толған тұлға.
Осы баптың 2-бөліміне сәйкес контрабанданың бірнеше рет жасалуы, яғни осы бапта не оның бөлімдерінде көзделген әрекеттердің бір не одан да көп рет жасалуы контрабанданы бағалаушы белгілер болып табылады.



Өзінің қызмет бабын пайдалана отырып контрабанда жасаған лауазымды тұлға деп ҚР мемлекеттік немесе кеден шекарасынан өткізген заттарға өзінің қызметтік міндеті бойьшша кедендік не шекаралық бақылау жүргізуге тиіс, оларды тексеру бойынша тиісті әрекеттер жасауы және оларды шекарадан кесіп өткізуге рұқсат беруі тиіс тұлға айтылады.
Мұндай лауазымды тұлғалардың қызмет бабын пайдалана отырып жасаған контрабандасы лауазымдық қылмыстар туралы қылмыстық заңның баптары бойынша қосымша бағалануды қажет етпейді. Контрабаңданы өз қызметін пайдалана отырып жасаған өзге лауазымды тұлғалар жауаптылыққа жалпы негіздер бойынша, яғни ҚР контрабаңда туралы бабының тиісті бөлімімен және лауазымдық қылмыстар туралы қылмыстық норма қолданылуы көзделген қылмыстар жиынтығы бойынша, аталған бағалаушы белгіге сілтеме жасалмастан (ҚР Жоғарғы Соты Пленумы 1997 жылғы 18 шіддедегі қаулысының 9-тарауы) тартылады.
Кедендік бақылауды іске асырушы тұлғаға күш қолданылып жасалған кон-трабанда деп психикалық немесе дене күшінің қолданылуы айтылады.
Дене күшін қолдану соққы көрсетуден, денсаулыққа әр деңгейдегі зиян кел-тіруден (ауыр, орташа ауыр, жеңіл) және т. б. тұрады.
Егер кедендік бақылауды іске асыраушы тұлға өлтірілсе, онда бұл жасалған әрекет КК 96 және 209-баптарының жиынтығы бойынша бағалануы тиіс.
Психикалық күш қолдану өлтіру немесе денсаулыққа зиян келтіру мен қор-қытудан тұрады.
Контрабанданы ұйымдасқан топтың, яғни контрабанда жасау үшін алдын ала біріккен тұлғалардың тұрақты тобының жасауы осы баптың 3-бөліміне сәйкес контрабанданың ерекше бағалаушық белгісі болып табылады.
Қылмыстың заты — Қылмыстық кодекстің 250-бабында көрсетілгендерден басқа тауарлар мен өзге заттар болып табылады.
Осы тауарлар мен өзге заттарды, құндылықтарды ірі мөлшерде кедендік шекарадан өткізген әрекеттер осы қылмыстың құрамын құрайды. Қылмыстық кодекстің 209-бабының ескертуінде, егер өткізілген тауарлардың құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асса ірі мөлшерде жасалған әрекеттерде танылады деп түсіндірілген.
Декларацияланбаған немесе күмәнді декларацияланумен ұштасқан әрекеттерге — декларациялануға міндетті тауарлар мен құндылықтарды кеден декларациясына енгізбеу; кеден декларасиясына жалған мәлімет енгізулер жатады.
Кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізуге шектелген тауарлардың тізімі арнаулы нормативтік актілермен реттеледі.
Кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы ережелерімен сондай тәртіппен реттеледі. Қылмыстық кодекстің 209- ның диспозициясы бланкеттік. Мұндағы кедендік шекара, кедендік декларация т.б. үғымдардың түсінігі Қазақстан публикасының Кеден кодексінде берілген, ал қандай тауарлар мен заттардың, құндылықтардың кедендік шекарадан өткізілу немесе өткізілмеуі немесе оларға шек қойылуы арнаулы нормативтік актілерде белгіленген.
Қылмыс құрылысы жағынан формальдық құрамға жатады. Жоғарыда көрсетілген заңсыз әрекеттер тауарларды, заттарьілыктарды ірі мөлшерде контрабандалық жолмен өткізумен ұштасса қылмыс аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі 16-ға толған есі дұрыс адам.
Қылмыстық кодекстің 209-бабының 2-тармағында осы құрамын ауырлататын (бірнеше рет; лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдаланып, кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш қолдана отырып), ал 3-тармағында аса ауырлататын (ұйымдасқан топ жасағаны әрекеттер) белгілері көрсетілген.
Бірнеше мәрте жасалған қылмыстың түсініп Қылмыстық Кодекстің 2-бабында берілген.
Лауазымды адамның өзінің қызмет бабын пайдалануы. Онда кеден кызметі органдарының, сондай-ақ заңмен көрсетілінген мемлекеттік органдардың, басқа да лауазым адамдарының кеден шекарасынан өту барысында қызметін пайдаланып қиянат жасауы, кеден бақылауын жүзеге асырушыға күш көрсету әрекеттері туралы сөз болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет