1.3 Станоктың жөндеу жұмыстары және оны бұғаттау
Металл кесетін станоктардың электр жабдықтарын жөндеуді бригада ұйымдастырудан бастайды, оның құрамына станоктың электрлік сұлбасының күрделігіне байланысты жөндеушілер немесе белгілі білікті электромонтерлер кіреді. Бригаданы басқару өндірістік тәжірибелі жөндеуші немесе электромонтерге тапсырылады. Бригада басшысы жөндеу жұмыстары жөнінде журнал жүргізу тиіс, онда ол монтаж жайлы ескертулер, жөндеу жұмыстары, анықталған ақауларды, сұлбадағы өндірістік өзгертулерді жазып отырады.
Жөндеу жұмыстары принципиалды электрлік сұлбасымен танысудан басталады. Содан кейін электрқондырғының сыртқы байқау жолымен қондырылған аппаратураның жобаға сәйкестігі анықталады. Аппараттардың айтарлықтай сынығы анықталған жағдайда жөндеу жұмыстары жүргізіледі немесе ауыстырылады. Толық көлемді жөндеу жұмыстары келесі пункттерден тұрады:
а) электр қондырғының ток жүретін бөлігінің оқшауламасының кедергісін өлшеу;
б) электр машиналардың, трансформаторлардың, реленің, іске қосқыш катушкасының тұрақты токтағы орамдарының кедергісін өлшеп, өлшеу нәтижесін принципиалды сұлбадағы берілгендермен салыстыру;
в) түзеткіштерді тексеру, селентті түзеткіштерді қалыпқа келтіру, бракқа шығарып тастау және жаңаға ауыстыру;
д) түрлендіргіш пен күшейткішті тексеру және сипаттамасын алу; е) екінші ретті тізбектің оқшауламасының кедергісін өлшеу;
ж) аймақтық аппаратураны қосу жолымен, екінші ретті коммутация монтажының дұрыстығын тексеру;
з) станоктың күштік және екіншілік тізбектерінің қорғанысын тексеру; и) электр машиналарын бос жүріс және асқын жүктеме кезінде
жұмысын тексеру; к) шеткі және жолдық ауыстырып қосқыштың соңғы реттелуі;
Станоктың электр қондырғыларының сипаттау реті бұдан былай келесідей: станоктың тағайындалуы және электр қондырғының негізгі элементтерінің тізімі көрсетіледі, содан кейін жұмыс сұлбасы сипатталады, қорғаныс пен бұғаттау түрлерін көрсету, жөндеуді сипаттайды.
17
Станоктың принципиалды электр сұлбасы 1.5 суретте келтірілген. Станокта төрт қысқы тұйықталған асинхронды қозғалтқыш орнатылған.
Сурет 1.5 - 16К20 модельді жонғыш бұрама станоктың электрлік принципиалды сұлбасы
S4 батырмасын басу арқылы басты жетектің М1 электр қозғалтқышы мен гидростанция М4 іске қосылады, ол К1 контакторының катушкасының тізбегі тұйықталады да өзін өзі қоректенуге өтеді. S3 батырмасын басу арқылы М1 басты жетектің электр қозғалтқышы тоқтатылады. Шапшаң орын ауыстыратын күймешелі электрқозғалтқыш пен суппортты M2 басқару белдемшенің тұтқасына орнатылған және шеткі ажыратқышқа S8 әсер ететін жұлқымалы батырманы басу арқылы іске асады. S7 ауыстырып қосқыш арқылы салқындатқыш электр насосын М3 іске қосу және тоқтату процессі жүреді. Электр насосының жұмысы басты жетектің М1 электр қозғалтқышымен байланысқан ,сол себепті іске қосқыштың түйіспелерінің К1 тұйықталунан кейін оның қосылуы болады.
Басты жетек электрқозғалтқышының бос жүрісін шектеу үшін уақыт релесі қолданылады К3. Басты жетектің үйкелме муфтасының тұтқасы орташа (нейтралды) күйде болғанда шеткі ажыратқыштың S6 жабық түйіспесі қалыпты тұйықталады да уақыт релесі K3 қосылады , ол реле белгіленген шыдамдылық уақыттан кейін өзінің түйіспесімен басты жетектің электр қозғалтқышын өшіреді.
Электрқозғалтқыштың басты жетегі, шапшаң орын ауыстыратын күймешенің және суппорттың жетегі, салқындатқыш насос пен трансформаторды қысқа тұйықталу тогынан қорғау үшін автоматты ажыратқыштар мен балқымалы сақтандырғыштар қолданылады. Ал электр
18
қозғалтқышта (электр қозғалқыш M2 басқа) асқын жүктелу кезінде қорғаныс ретінде жылу релесі қолданылады.
Электр сұлбасында, басқару шкафының есігін ашқан мезетте кіріс автоматты ажыратқыш өшетін бұғаттау қарастырылған. Кіріс автоматты ажыратқыш қосылуы күйде болғанда шкафтың есігінің ашылуы жолдық ажыратқыштың S1 іске қосылуына әкеледі, ол қашықтықтан басқарылатын айырғыштың F1 қоздыру орамасын қоздырады да , автоматты ажыратқыш желіден станокты өшіреді. Ауыстырылатын тегершіктердің қабын ашу кезінде микро ауыстырып қосқыш S5 іске қосылады, ол электр қозғалтқыштың басты жетегін өшіреді. Жолдық ажыратқыш S1 басқару шкафында, ал микро ауыстырып қосқыш S5 жіберу қорапшасының корпусында орнатылған. Кернеу астындағы (шкафтың есігі ашық болғанда) электр аппаратураларының тексеріс және жөндеу жұмыстары үшін сұлбада басқару шкафында орнатылған, бұғаттауды алып тастау ауыстырып қосқышы S2 қарастырылған. Бұл ауыстырп қосқышты тек электрші мамандар қолданады.
Гидросуппортпен жабдықталған станоктарда басты жетектің электр қозғалтқышы, гидростанцияның электр қозғалтқышын іске қосатын ашалы айырғыш X5 ажыраған кезде өшеді. Мұндай станоктарды гидросуппортсыз пайдаланған кезде ашалы айырғыш қосым орнына станокпен бірге жеткізілетін арнайы орнату қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |