Жұмыстарды сатып алу жөнінде шарт № АҚ "Алматинские электрические станции", бұдан әрі «Тапсырыс беруші»


Жұмыстарды орындау мерзімдері, шарттары және орны



Pdf көрінісі
бет3/29
Дата21.09.2022
өлшемі1,62 Mb.
#39724
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Проект электронного договора 738382 2022-07-05

3. Жұмыстарды орындау мерзімдері, шарттары және орны
3.1. Жұмыстарды орындау мерзімдері, көлемі және орны осы Шарттың № 1, № 2-қосымшаларында белгіленеді.
3.2. Тапсырыс беруші Жұмыстарды Шарттың № 1, № 2-қосымшаларына сәйкес орындалған Жұмыстардың актісіне сәйкес көлем және
сапа бойынша қабылдайды. Жұмыстарды орындау күні Тапсырыс берушінің соңғы орындалған Жұмыстар актісіне қол қойған күн болып
табылады.
3.3. Жұмыстарды орындау кезінде, төменде көрсетілген мән-жайларға байланысты жұмыстарды уақытша тоқтату қажеттігі анықталған
жағдайда, техникалық ерекшелікке немесе жұмыстарды жүргізу кестесіне сәйкес жұмыстарды орындау мерзімі түзетілуі мүмкін:
3.3.1. Еңбек қауіпсіздігі, жұмыстарды орындау технологиясы және/немесе өзге де осыған ұқсас жағдайлар талаптары бойынша
жұмыстарды одан әрі орындауға мүмкіндік бермейтін ауа райы жағдайларында;
3.3.2. Тапсырыс берушінің нұсқауы:
3.3.2.1. Шартта жоспарланбаған жабдыққа сынақ жүргізу;
3.3.2.2. Тапсырыс беруші объект учаскелерін пайдалануға рұқсат бермеген немесе сол учаскеде бірнеше Мердігер болған және
басқа Мердігерлер үшін тиісті шарттар бойынша жұмыс жүргізу кестелері Шарт бойынша жұмыстарды орындау мерзімдеріне
теріс әсер етуі;
3.3.2.3. Тапсырыс берушінің өртке қарсы қызмет, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, төтенше жағдайлар, сәулет, қала
құрылысы және құрылыс қызметі, қоршаған ортаны қорғау және т. б. органдарының нұсқамаларына байланысты өзге де
нұсқаулары;
3.3.3. Тапсырыс берушінің жұмысты орындау үшін қосымша мерзімді талап ететін, бірақ мердігерді таңдауға негіз болған шарттарды
өзгертпейтін техникалық шешімдердің өзгерістерін ұсынуы;
3.3.4. Жұмыстарды орындау барысында (Шарт бағасын арттырмай) қосымша еңбек шығынын талап ететін көрінбейтін ақауларды
анықтау;
3.3.5. Шарт бойынша Тараптардың еркінен тыс не Тапсырыс берушінің қаржылық жағдайына байланысты туындайтын өзге де
себептер.
3.4. Шарт бойынша Тараптар Шарттың 3.3-тармағында санамаланған жағдайларда жұмысты уақытша тоқтату туралы шешім қабылдауы
тиіс.
3.5. Жұмыстың орындалуына мүмкіндік бермейтін жайлардың туындауын растайтын құжаттар:
Құжат «Самұрық-Қазына» ӘАҚ» АҚ электронды порталымен қүрылған
Документ сформирован порталом электронных закупок АО «ФНБ «Самрук-Казына»
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II Заңы 7 бабының 1 тармағына сәйкес қағаз тасығыштағы құжатпен бірдей
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года N370-II «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе


3.5.1. «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының аумақтық бөлімшелерінің анықтама-шарттарының 3.3-т., 3.3.1-
тармақшаларында келісілген жағдайда;
3.5.2. Шарттың 3.3-т., 3.3.2-тармақшаларында келісілген жағдайда - Тараптардың, оның ішінде үшінші тұлғалармен, хат жазысуы,
мемлекеттік органдардың (қызметтердің) нұсқамалары және т.б.
3.6. Жұмысты уақытша тоқтатуды Тараптар жұмысты орындауға мүмкіндік бермейтін жай туындаған сәттен бастап белгілейді. Жұмысты
уақытша тоқтату туралы акт негіздеуші құжаттардың негізінде жұмысты орындауға мүмкіндік бермейтін себеп туындаған сәттен бастап 5
(бес) жұмыс күні ішінде Тапсырыс беруші белгілеген нысан бойынша 2 (екі) данада ресімделеді, Тапсырыс беруші мен Мердігердің
өкілетті өкілдері қол қояды.
3.7. Жұмыстарды орындауға кедергі келтірген жағдайлар тоқтатылған кезде Тараптар жұмыстарды қайта бастауға акт жасайды, оған
Тапсырыс беруші мен Мердігердің өкілетті өкілдері қол қояды. Жұмыстарды қайта бастауға арналған актілер жұмыстарды орындауға
кедергі келтірген жағдайлар тоқтатылған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде 2 (екі) данада ресімделеді. Жұмыстарды уақытша
тоқтатуға арналған актілерді, сондай-ақ жұмыстарды қайта бастауға арналған актілерді Тапсырыс беруші бекітуге тиіс.
3.8. 1 (бір) күнтізбелік ай ішінде туындаған жұмысты тоқтату және жұмысты кейіннен қайта бастау фактілері (оның ішінде жұмыстың
аяқталу күнін өзгерту және техникалық ерекшеліктегі мерзімдерді және жұмысты жүргізу кестесін тиісінше өзгерту), жұмыстарды
тоқтата тұру және қайта бастау фактілері болған ай аяқталғаннан кейін, Шартқа тиісті қосымша келісіммен рәсімделуі тиіс.
3.9. Жұмысты тоқтата тұру фактілері күнтізбелік 1 (бір) ай ішінде туындаған және сол айда жұмыс қайта басталмаған жағдайда,
жұмыстарды тоқтата тұруға қосымша келісім ресімделеді. Жұмысты орындауға және оны қайта бастауға кедергі келтірген жағдай
тоқтатылған кезде, жұмысты қайта бастау туралы қосымша келісім рәсімделеді.
3.10. Форс-мажорлық жағдай орын алған жағдайда не ол ұсынған ауытқулар жұмысты орындау үшін қосымша уақыт талап етілсе,
сондай-ақ жұмысты орындау процесінде қосымша еңбек шығындарын талап ететін байқалмайтын ақаулар анықталған жағдайда,
Тапсырыс беруші Жұмысты орындау мерзімін ұзартады. Бұл ретте Мердігер, азаматтық заңнамада көзделген рәсімге сәйкес, Тапсырыс
берушіні жазбаша хабардар етуге тиіс. 3-бөлімге тармақ қосу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет