Жүнісов С. Ж88 Пьесалар



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата24.03.2017
өлшемі0,59 Mb.
#10331
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

ҮШІНШІ ПРОЛОГ
Тас қараңғы түн. Ішін тарта ұлып, уілдеп, ысқыра 
соққан алай-түлей боран. Жылт-жылт еткен панарлар...
МОНОЛОГТАР
:
Б а т т а л. Апырмай, әлі төселмеген, жаттықпаған 
балаларды қалайша жалғыз қалдырдым. Қызым қайда, 
жөн-жобаны білетін қызым бұлай адастырмаса керек еді. 
Мына Балташтың баласы неғып жырылып жалғыз қалды 
екен? Мұнда не сыр бар?
Батталдың шам жарығы қатар келе жатқан әкелі-
балалы Балташ пен Қарасқа түседі.
Б а л т а ш. Балам! Қарас! Менің бұдан әрі жүре алатын 
халім жоқ... Кейін қайтайық. Біттім, енді жұрт үшін...
Қ а р а с. Әке, не айтып тұрсыз?
Б а л т а ш. Балалар енді табылмайды. Дала бораны қомағай, 
тажал, талайларды жұтқан. Енді бізді де қылғытады.
Қ а р а с. Мен бір рет бассауғалап қалғанмын. Енді 
шегінер қақым жоқ. Іздеймін, табамын оларды. Неге ғана 
солармен бірге болмадым...
Б а л т а ш. Қарағым-ау, сенің түк жазығың жоқ қой, 
несіне қысыласың, жауап беретіндер табылады. Алдымен 
ана председательдің өзі жауап береді. Содан соң айыптылар 
табылады. Айтпадым ба, айтқаным келді ме...
Балташтың қол шамының жарығы Қасымға түседі. 
Оның қасында малтыққан Балшекер.
Б а л ш е к е р .   Сенсің, осының бәріне кінәлі сенсің! 
Ертең ең алдымен бар адамның қарғысы сені атады. Осыдан 

118
жалғызым табылмасын, мен де қаламын осы далада, ақ 
қарды жастанып, қаламын көміліп...
Қ а с ы м. Балшекер, Балшекер...
Б а л ш е к е р .   Тыңдағым келмейді сені! Жалғызым, 
қайдасың, бір рет дыбыс берші, Қанатым!
Қ а с ы м. Шынымен табылмағаны ма? Бір топ баладан, 
тым құрымаса, бір белгі болмағаны ма? Мұның арты не 
болар екен. Егер табылмаса...
Қасымның шам жарығы прокурор Аплашқа түседі.
А п л а ш. Табылмаса, бұл – үлкен процесс. Тергеу, 
тексерусіз, сыннан, сынақтан өткізіп алмай жас балаларды 
айдалаға қаңғытып жіберген кім? Әзірше мектептегі ие 
– сынып жетекшісі! Каникул кезінде басқа ойын-сауық 
орындары табылмағаны ма, ұжымдасып барып кино көру, 
мұз айдынында, тауда серуендеу деген болмаушы ма еді. 
Алдымен сенен басталады. Жалтарма, алдымен сенен...
Аплаш шамының жарығы Кәрібайға түседі.
К ә р і б а й. Өзім де жетісіп келе жатқам жоқ, мен 
де қызымнан айырылдым. Тәнзила, қызым, қайдасың. 
Кімдерге еліктеп еріп кеттің. Ақылың мол еді ғой, жаным. 
Достарыңнан, қатарыңнан қалмаймын деп, ақыры неге 
ұшырадың... Басында-ақ айтып едім, тыңдадың ба?.. 
Ақыры шатасқан жерің осы шығар, Гүлсім! Оқушыларға 
сабақ беруімізде, тәрбиемізде ізденіс жоқ, балалардың ішкі 
сырына үңілмейміз, кеңеспейміз дедің. Ал енді үңіл қараңғы 
далаға!
Кәрібайдың шам жарығы Гүлсімнің бетіне түседі.

119
Г ү л с і м. Егер... Олай-бұлай болып кетсе, әрине, мектеп 
үшін алдымен жауапкер мен. Отыз жыл мүлтіксіз еңбек 
атқарып жүріп мүлт жіберген жерім осы шығар. Оңбай 
құладым тап осы жолы, жазықтымын. Талап Бақытжановты 
тым еркінсітіп жіберген мен. Жап-жас тәжірибесіз мұғалімді 
қалай ғана мақұлдай бердім екем... Қалай ғана бетін қақпай 
көне бердім...
Гүлсімнің шам жарығы Талаптың жүзіне түседі.
Т а л а п. Жоқ, мен күдерімді үзбеймін. Табылады. Олар 
үйде ерке болса да, түзде үлкен азаматтар! Сенім керек, 
Гүлсім Махмұтовна! Солай емес пе, Батеке! Із таптыңыз 
ба? Қар жауса да басылмайтын іздер жатушы еді ғой!
Талаптың шам жарығы Батталдың бетіне түседі.
Б а т т а л. Мен із көрмесем де, жобалап келемін... Осы 
бір қылтадан өтсе, ар жағы тау. Бұл ара айдын-күннің 
аманында ұйытқып, боратып тұрады. Бірақ жол біреу-ақ. 
Осы жерден жығылмай өтсе, тау жотасына шығып кетеді. 
Онда боран жоқ. Қызым біледі бұл сырды.
Енді жалтылдаған шам жарықтары ұзай береді. Қол 
шамның жарықтары айқұш-ұйқыш түсіп, бір-бірімен 
кінә ласқан адамдардың үні ғана естіледі.
Б а л ш е к е р .  Сен, сен!
Қ а с ы м. Жалғыз мені жүндей беретінің не? Басқалар 
да кінәлі...
Б а л т а ш. Айтпадым ба? Баттал бір күн сеніп тастағанда, 
не болды балалардың күні?

120
А п л а ш. Балаларға жауап бересіңдер, талайың жауап 
бересіңдер!
К ә р і б а й. Менің түк жазығым жоқ . Бәрін бастаған...
Г ү л с і м. Келіп-келіп қателескен жерім осы болғаны ма? 
Шатастырдың, тәжірибесіз жас мұғалім.
Т а л а п. Кеттік ілгері, Батеке!
Б а т т а л. Менен көз жазба, қатар отыр!
Рацияның гуілдеген, шиқылдаған, шуылдаған, шыңыл-
даған ауа толқынындағы үні. Бораннан ықтап рациямен 
сөйлесіп отырған Иван Сергеевич.
И в а н   С е р г е е в и ч .  Әлі жақсылықтан нышан жоқ. 
Боран түтеп тұр. Жабысқақ май боран. Басқа беткейдегі 
іздеушілерден де хабар жоқ. Соңымыздан бірде-бір трактор 
жеткен жоқ. Біз қай арада келе жатқанымызды да білмейміз. 
Мұндағылардың көбі қарға малтығып, жүруге жарамай 
қалды. Бәрін де бір араға топтадық. Үш-ақ адам кетті. Тауға 
қарай. Шопан Баттал Шарықбаев, оқытушы Бақытжанов
оқушы Балташев. Иә, иә, хал жаман... Тезірек трактор... 
Трактор керек. Таң ағарып келеді. Прием, прием!..
 
Жетінші көрініс
Тау қойнауы. Жарқырап шыққан күн. Жоталанған 
қалың шыңылтыр қар көз ұялтады. Үлкен қойтас үстіне 
тіке қойған шағын радиоқабылдағыштан төгілген жеңіл 
би әуені. Қалың (тон, күпі), жұқа (пальто, куртка) 
киінген балалар – Қанат, Күләш, Досқан, Лида, Ғазиза, 
Андрей, Тәнзила, Руслан – битлз ырғағымен аласұрып 

121
билеп жүр. Шатқал мүйісінен Баттал, Талап, Қарас 
шығады.
Б а л а л а р: Ура-а! Ура-а-а!
Б а т т а л. Жауынгерлерім-ай, амансыңдар ма? (Құшақ 
жайып.) Қарлығаштарым-ай! (Бәрі құшақтасады.)
Қ а р а с. Бүкіл аудан болып аяқтарынан тік тұрып, іздеп 
жүрсе, сендер мұнда той тойлап жатыр екенсіңдер ғой!
Р у с л а н (әлі де билеп тұр). Аяғыңа мынадай модный 
туфли киіп қой бақсаң, көрер едім...
Л и д а. Билемек түгілі, жүгірістен әлемдік рекорд 
жасарсың.
Б а т т а л. Оу, шынында осы бір қиқаң-сиқаң би неге 
керек десем, мынау өзі қойшылардың қолы екен. (Көңілді 
күлкі.)
Т а л а п. Әйтеуір, үсімей тау қойнауына аман жеткен-
дерің жақсы болды-ау!
Қ а н а т. Үсу түгілі, Талап Бақытжанович, тоңу дегеннің 
не екенін білмедік.
Т ә н з и л а. Боранда қой соңынан жүгіріп, қарға малтығып 
отырсаң, әрине.
Д о с қ а н. Оның үстіне боранда арқаламақ ойнағандай 
Тәнзила мен Лиданы арқалап жүрсең көрер едім... тұла 
бойыңнан қалай тер саулап отырғанын...
Л и д а. Жарайды, көп болса, екі реттен арқалаған 
шығарсыңдар.
Қ а р а с. Немене, жүре алмай қалдыңдар ма?
А н д р е й. Бұл қыздар деген масыл емес пе, омбы 
қар кездессе-ақ бастарымен шаншыла көміліп, қашан кө-
тергенше түйеқұстарша тырп етпей жатып алады.

122
Т ә н з и л а. Әрине, мынадай ұзын күпі кисең... аяққа 
оралып...
Л и д а. Оның үстіне екі күн аш болсаң...
Ғ а з и з а. Ұйқтамасаң...
Б а т т а л. Қойлар да аман шығар, әйтеуір?
Қ а н а т. Жолдас комбат! Бір батальон қойдан шашау 
шыққан жоқ. Бәрі де аман. Бөктерде ескі шөмелелер бар 
екен, бәрінің алдына шөп салдық...
Д о с қ а н. Екі күн көз шырымын алмаған қойлар қазір 
тырп етпей қалың ұйқы құшағында маужырап жатыр.
Көңілді күлкі.
Радиоқабылдағыштан диктордың үні естіледі. Қанат 
қолына алған қабылдағышты қатты бұрайды. Саң-
қылдаған диктор үні.
Д и к т о р. Келесі хабарымызда «Ұлартау» ауданы 
комсомол жастарының үндеуі.
Б а л а л а р: Ура! Ура-а!
Д и к т о р. Біз, «Ұлартау» орта мектебінің 10-сынып 
оқушылары, биыл оқу бітірген соң, бәріміз де комсомолдық 
жолдамамен, өз жүрек қалауымыз бойынша, «Қарлығаштар» 
бригадасын құрып, жұбымызды жазбай, бірге еңбек етеміз!.. 
Б а л а л а р: Ура-а! Ура-а!
Хабар соңы «Мектеп вальсіне» ұласады. Жарық баяу 
сөне береді. Авансценада, пистолет жарығында, вальс 
аясында Талап дастанның жалғасын оқып тұр.
Т а л а п.
...Бойымыз шарқы,
ал киім

123
Жамаулы,
жыртық, ел іші 
Таршылық еді-ау,
жоқ бұйым. 
Бәрі де – жоқтық белгісі. 
Қазірде сәнқой,
           тамақты 
Талғап ішсе балалар, 
Достарым, іні, ағалар, 
Ол да бір тоқтық белгісі! 
Иыққа шашын жіберіп, 
Жалтырап сәнмен бүгінде 
Мың құбылып киінсе
Бұла боп өскен үйіңде 
Ұл менен қыздан түңілме. 
Шеге боп олар қағылар 
Сын сағат ашса есігін, 
Кірпіш те болып қаланар 
Дүниенің тауып кетігін! 
Өйткені олар кешегі 
Жалынды жылдар
                жалаңаш 
Қолымен отты көсеген 
Сені мен менің ырзығым, 
Көгерген бүгін – көсегем! 
Төс, балға алып үйренген.   
Қамырша темір илеген 
Еңбекші елдің ұл-қызы!
«Мектеп вальсі» әуенімен бірге жарық күшейе түседі. 
«Соңғы қоңырауға» жиналған ақ көйлекті қыздар, қара 
костюмді ұлдар жұп-жұбымен дөңгелей билеп, аванс-
ценаға қарай жақындай береді, жақындай береді.
  

124
ЖЫҒЫЛЫП-СҮРІНІП, ӨЛІП-ӨШІП...
Жанды-жансыз қуыршақтарға лайықталған 
(мүмкін опе реттаға) екі актілі қалжың-комедия
Қатынасушылар:
ДИРЕКТОР (Ыбырай Д. Жүндібаевич) ЖҰМАШ
АЛТЫНБЕК (Алтын) 
МОЛИК (Молдабай) 
ТӘРБИЕ
МАРИЯ ДЖАТАРОВНА 
СӘНИЯ ДЖАПАРОВНА ЖӘМИЛА
 ПРОЛОГ
Сахнада Ымқуыршақ. 
Ы   м   қ   у   ы   р   ш   а   қ .
Жолдастар, оу жамиғат, ел-жұртым!
Маған қараңдаршы!
Ал, көңілдеріңді де, өздеріңді де,
Көздеріңді де бұрдыңдар.
Сонда, не көріп тұрсыңдар?
Мына алдарыңдағы бас па,
Әлде су шайған малта тас па?
Қауын ба, қарбыз ба,
Әлде асқабақ па?
Ал өздерің айтшы:

125
Мынау ерін,
Мынау көз,
Мынау кас,
Қабақ па?
Ендеше, бұл – шынымен бас екен,
Бірақ қайда кеткен басқа шығатын шаш деген
Ал ендеше тұрып алып қайқайып,
Оның жайын айтайын:
Мен, өзім, қанша ірі болсам да,
Әр түрлі жағдайда көзге түсіп жүрген,
Өз-өзінен күпсіп,
Пісіп жүрген,
Совхоз директорының бірі болсам да,
Шашпен қоштасқаныма не заман,
Әйтеуір, баспен қоштаспағаныма шүкір!
Шашқа кінәлі осы бас,
Бас талай-талай жиынға түсті,
Шаруа әр жиында қиынға түсті.
Шашты біреулер тарап-талдап, түзеп еді,
Енді біреулер күзеді.
Одан соң бұйраға сап,
Каракөлдей бұйралады.
Содан тілі удай ұстарамен бастырып,
Жан-жағын жылмитып туралады.
Ақыры ұрыс-сөгіске бас шыдаса да,
Ми ашып кетті.
Ал шаш болса,
Маңдайдан әрі шалқая-шалқая,
Ақыры басты таз қарындай жалтыратып,
Тым-тырақай қашып кетті.

126
Шынын айтсам, негізгі кінә өзімнен көрінеді,
Кеппелеу, уәдешіл сөзімнен көрінеді:
«Совхозым артта емес жұмыртқадан,
Совхозым құралақан емес жүн-жұрқадан.
Бір жұмыртқамыздан екі балапан шығады,
Бір тоқтымыздан екі қошақан туады.
Екі қошақаннан он екі килодан жүн қырқады
Жейтін ет кемдеу болса да,
Беретін еттен кемде емеспіз.
Шаң-құм араласқан аппақ тұщы күрішті,
Аузы-мұрны сазбен баттасқан,
Бетпақ ащы бұрышты,
Әлгі бір жүгері деген
Серейген ұзыншаны,
Сояудай талшығымен,
Пілдің жүрегіндей қызылшаны,
Балшық-малшығымен түгел өткізіп,
Тіпті бір түйір тұқым алып қалған пенде емеспіз!
Сонда неден кемде екенбіз?
Неге таяқ жейді екенбіз?
Енді соған келейік,
Кезекті соған берейік!
Кнопканың шырылы. 
Қасына актер келеді.
Айтқандай, бір сөзді естеріңе салайын,
Мына тұрған айналайын ағайын.
Мені жаратушы, сөйлетуші,
Жұртқа қаратушы – «Құдайым»
(Осылай бола берсін лайым.)

127
Бұл қазір мұрнымды жұлып алам десе де
Қолында,
Орнына қайта қондырып салам десе де, 
Қолында.
Құлағымды ойыншық машинаның кілтіндей
Бұраса да,
Аяғымды,
Қолымды,
Қабырғамды,
Жонымды
Запчасть құсатып бөліп-бөліп қайтадан құраса да, 
Қолында.
Жалғыз ғана ғажабы, –
Маған деген көп болса да азабы,
Өзі бір елі алұа түспей
Ылғи жүреді соңымда. (Актерге.)
Ал, қарағым, ана бір жерге маған жайлы орындық апар,
Сосын, өзің де менен кейінірек, тойс,
Отыра ғой желкеммен қатар. 
БІРІНШІ АКТ 
Бірінші көрініс
Актер совхоз директоры – Ыбырай Д. Жүндібаевич-
ты (жанды қуыршақ) алға алып шығып отырғызады. 
Перде артында тарс-тұрс дыбыстар (скрипка, саксофон, 
штараларын түзеген какофония), бақырып жылаған 
сәбилер үні.

128
Д и р е к т о р .
Қане, жолдастар, 
Шулаған-мулағанды, 
Тулағанды қойыңдар да, 
Бастаңдар ойындарыңды!
Ж ұ м а ш (перденің ар жағынан).
Директор жолдас,
То есть, Ыбырай Д. Жүндібаевич,
Мария Джатаровна мен Сәния Джапаровнаның
Бала емізетін уақыттары болып қалыпты.
С ә н и я (іштен). Имшеклерібіз сутке тулып қалыпты.
Д и р е к т о р .
Қане, тулып, булыпты қойып, 
Сылтау-мылтауды,
Керенау жалқаулықты біржола жойып, 
Балаларыңды мына жерге әкеп тастаңдар да, 
Ойынды бастаңдар!
Екі жақтан екі бесік-арба шығады да, іштен көрінген 
қолдар қолақпандай шишаларды балалардың аузына 
сала ды. Сәбилердің жылаған үні тына қалады.
Д и р е к т о р .
Осындай жерге бала әкелуді қашан қоясыңдар!
Ертең сендер ән салып жырласаңдар,
Балаларың жан салып жылайды,
Сонда комиссия қайсыңды тыңдайды?!

129
М а р и я (іштен басы көрініп). 
Сонда, сәбилерді қалдырамыз ба айдалаға?!
С ә н и я (оның да басы көрініп). 
Декретімізді де алғабыз ұйқ пайдалана!
Д и р е к т о р .
Қыңқ етсе аузына бөтелке тығып, 
Емізе бастайсыңдар, 
Кит етсе аузына қолақпандай 
Құйрық тығып, жегізе бастайсыңдар. 
Олар ғадеттенбегенде, мен ғадеттенем бе?
С ә н и я (басы көрініп). 
Ғәдадләнбасын инсәгіз, 
неге перзентләр бахшасын ашмисыз?!
М а р и я  (ол да іштен көрініп).
Олай болса, перзент көтермей-ақ қояйық.
Жарайды онда.
С ә н и я. Иари онда.
Д и р е к т о р .   «Жари, Иари!»
Қарашы, бұл мұндардың тілдерінің ащысын, 
Әйтеуір, бұларға дейін құмар-ақ, 
Сынап-мінеуге басшысын!
Перденің ортасынан Жұмаш (жансыз қуыршақ) шыға 
келеді. 

130
Ж   ұ   м   а   ш .
Жолдастар, жолдастар!
Өздеріңе бір сөзбен, аз сөзбен.
Түсіндірейін әуелі совхоздың халін,
Жеткенше әлім,
Өздеріңе мәлім,
Түгел айтып қайтемін бәрін.
Әйтеуір, бір жақсысы сол – 
Совхозымызда заңсыздық пен қылмыс жоқ –
Тұрмыс дұрыс, тамақ тоқ.
Тұрмысымыз ежелден дұрыс-ау,
Әттең, мәдениетіміз нашар аталып,
Бұйрада бұйраланып,
Қыл үстінде тұрмыз-ау.
Жасыратын несі бар
(Мейлі басымызды кесіп ал), 
Мұндайлардан талай рет жол тауып 
Ысылған жан едік, 
Тап осы жолы жөн таба алмай 
Қысылған жанбыз.
Сондықтан бір көрініп қалмақ ойымыз бар, 
Сол үшін астанаға апаратын ойынымыз бар. 
Мәдениетке қабілетті 
Осыдан бастамақпыз, 
Егер ісіміз сәтсіз болса, 
Қабілетсіз атанып,
Ыбырай Д. Жүндібаевич директорлықты, 
Мен – ветврач, дирижерлікті 
Біржола тастамақпыз. 
Ал, сонымен бір қасқайып, 

131
Концертімізді бастайық. 
Алдарыңызда тұрған совхоздың 
Нағыз өнерпаздары:
Қарт маңғаздары
Жас сарбаздары.
Перде ашылғанда – гитара, скрипка, маракас, т. б. му-
зыкалық аспаптар көтерген ұзынды-қысқалы, сақалды-
са қалсыз қарттар мен сәбилер ансамблі.
Ән аты – «Қайықта».
(Артына бұрылып, дирижерлік таяқшасын көте-
реді.)
Ал, сарбаздарым,
сабаздарым, маңғаздарым,
Салыңдаршы сұлу ән, сұлу сазға,
Жүзіңдерші тербетіліп «Қайықта»,
Бар өзенде –
Ертіс,
Есіл,
Жайықта.
«...Ескегіңді берші маған, 
Мен есейін, сен еспе...» 
(Ән аяқталады.) 
Ж ұ м а ш (жансыз қуыршақ). 
Би көресіз, ғажап би,
Тамашалап енді сіз, 
Бидің аты белгісіз...
Жансыз қуыршақтар. 

132
Тізесінен жоғары көйлек кигізілген қыз қуыршақтар 
би лейді. Би аяқталады.
Ж ұ м а ш (жансыз қуыршақ).
Ендігі шығатын өнерпазым,
Тағы бір сабазым,
Ұзынтұра Болтай.
Атына өзі де сай:
Аздап шалтай-балтайлау,
Таңы атып алса,
Өнері ән салып айқайлау.
8-класта екі жыл,
Тоғызыншыда үш жыл отырып,
Шаршап-болдырып,
Оқуын зорға тәмәмдаған.
(Әрине, бұл өсек емес жамандаған.)
Жұмысқа құлқы жоқ,
Жоғарғы оқуға түсетін білімінің сиқы жоқ.
Сондықтан гитары мойнында,
Ештеме жоқ ойында,
Жүрген бір жан,
Біздің шаруашылығымыз сияқты
Жығалып-сүрініп.
Сол Болтай, мен білмейтін,
Өзі білетін өлеңін орындап берсін,
Өзінше дарылдап берсін.
Болтай қылғынып өлең айтады. Өлеңнің соңғы жа-
ғында айғайлап, шыңғырып, бақырады да, сәбилер оянып, 
олар да қосыла бақырады. Жұмаш «антракт» жариялап, 
директорға келеді.

133
Ж ұ м а ш. Ал, Ыбеке, Д. Жүндібаевич, мен сізге бір 
шындықты айтайын.
Д и р е к т о р .   Бір шындықты дегенше, тағы да бір 
сұмдықты десейші.
Ж ұ м а ш. Ендеше, аузымызды ашпайық. 
А л т ы н б е к .  Айт. Шындықтан қашпайық. 
Д и р е к т о р .  Жарайды, айта ғой... Сайтан алғыр!
Ж ұ м а ш.
Сайтан алғыр бүйте берсе, 
Астананы да, 
Басқаларын да, 
Жылда қаңғыр...
Д и р е к т о р .
Оу, айтсаңшы, зарықтырмай, айтатыныңды,
Өзім де біліп ем-ау, астанадан
Бір түйір пайда таппай қайтатыныңды.
Ж ұ м а ш. Таптым, неге таппайын, таптым! 
Д и р е к т о р .  Иә, не таптың?!
Ж ұ м а ш.
Біздің ансамбль бірінші орынды алмайды,
Тіпті, шынын айтқанда, бізге
Аудан бойынша ең соңғы орын да қалмайды.
А л т ы н б е к.
Мәссаған, тапқаның осы ма?
Мына ветврач
Қалай-қалай бізді мазақтайды, алдайды.

134
М а р и я . 
Алдаған аз,
Бәрімізді қыс бойы әуреге салып, 
Ол үшін дирижерлік зряплата алып, 
Совхоздың өнерге шығарған ақшасын да, 
Басқасын да,
Мына түрімен бір-ақ күнде жалмайды.
Ж ұ м а ш.
Жолдас бұғалтыр,
Сізден зряплата алады екенмін,
Ол үшін кейін сөзге қалады екенмін.
Мен совхоздың режиссері де емеспін,
Дирижері де емеспін,
Кеттім өз жұмысыма!
(Шыға береді.)
Д и р е к т о р . 
Тоқта, дәрігер, мал дәрігері! 
Қарашы, өзінің шытырлауын, әбігерін. 
«Кеттім өз жұмысыма», – 
Қиратқаның осы ма?!
Ж ұ м а ш. Енді қайтейін, бәрің жабыласың келіп. 
Д и р е к т о р .
Осыдан мына ансамбль ән сала білмесін, 
Аяғын дұрыс алып жүрмесін, 
Саған мал дәрігерлігі түгілі, 
Жан дәрігерлігіне орын жоқ! 
Түсіндің бе?

135
Ж ұ м а ш. Түсіндік, бастық,
Сіздің алдыңызда қашанда даярмын, 
Болуға жазылып төсек, иіліп жастық!
Д и р е к т о р . 
Жолдастар!
Шынында, жалғыз Жұмаштың қолынан не келеді, 
Сендерде болмаған соң титімдей бір түйсік!..
Ж ұ м а ш.
Бәрі әшейін балшықтан домдай салған үйшік! 
А л т ы н б е к.
Түйсіксіз үйшік болсақ, түсіндір, 
Кемітпе олай,
Біздерді де жаратқан сендей ұл ғып!
 
М а р и я .
Иә, түсіндіріңдер,
Отырғанша қорылдап, қалғып-шұлғып!
Д и р е к т о р .   Түсіндірсе, былай:
Біреуің бақшадағы қарақшыдай қақшиып,
Біреуіңнің суырша тісің ақсиып, 
Енді бірің түк сезбей, безеріп, 
Ернің кезеріп,
Екі көзін жапалақша бақшиып, 
Біреуің төбесінен таспен ұрғандай шақшиып, 
Әлгі бір кемиек кемпір секілді. 
Сығырайма шамдай өлеусіреп, сықсиып, 

136
Біреуің әнге қанаттанып, 
Былай енді...
Шабыттанып қозу орнына, 
Еңірейсің келіп. 
Біреуің ән қайырмасын 
Сағызша созу орнына. 
Мөңірейсің келіп... 
Жоқ, жоқ... 
Бұл болмайды. 
Түйе боп боздап, 
Қой боп маңырағаннан – 
Ансамбль оңбайды.
Ж ұ м а ш.
Міне, директор Ыбекең Д. Жүндібаевич 
Өте дұрыс айтады.
Мұндай ансамбль басқалардың алдында 
Жұртқа масқара боп, 
Түк бітірмей елге қайтады.
С ә н и я. 
Сонда қалай?
Бутен ансамбльләр бізләрнән узық та,
      біз тузықмыз ба?
  М а р и я .
Онда келетін шығар 
Талай бейбақ біздер тектес.
А л т ы н б е к. 
Рас-ау,
«Шегірткеден қорыққан егін екпес!»

137
Ж ұ м а ш.
Олар шегіртке емес ыршып жүрген, 
Бір-бір аэроплан, вертолет ұшып жүрген!
Д и р е к т о р . 
Сонда өзің неғыл дейсің?! 
Олар ұшып жүрсе, 
Біздің басымыз салбырап, 
Екі иініміз түсіп жүрсе... 
Сол ма керегі?
А л т ы н б е к.
Біздің ансамбльге алдымен
Тәртіп керек.
Тәртіп болу үшін,
Мына дәрігерге басшыға тән
Ызбар керек.
Ж ұ м а ш.
Әй, милиционер,
Біз емес әкімшілік қызметкер,
Ендеше, бізге ызғар да емес,
Ызбар да емес,
Кілең қыздар керек!
 
Б ә р і.
Қыз-да-а-а-ар?! 
Ж ұ м а ш.
Иә, астананы таң қалдыру үшін – 
Біздің ансамбльде тек қыздар ғана болады. 

138
Сонда бірінші орын да болады, 
Не керек, бәрінің де орны толады.
Д и р е к т о р .
Әй, қошақаным, лағым,
Осы әнсамбльдің өзін зорға құрап-сұрадым.
Декреттегі бұғалтыр Марияны да,
Аспазшы Сәнияны да,
Демалыстағы қызым Тәрбиені де, 
Учасковой Алтынбекті де, 
Жұмыссыз жүрген жалқауларды, 
Пенсиядағы ауру-сырқауларды 
Бәрін жинадым, 
Жандарын қинадым, 
Әйтеуір, бәрінің басын құрадым, 
Адам саған балалап шығатын 
Кәртопия ма, сәбіз бе?! 
Енді басымды қатырма, шырағым!
Ж ұ м а ш.
Ендеше, менің де басымды... 
Д и р е к т о р .
Әй, әй, сен өзің, қалай-қалай?! 
Ж ұ м а ш.
Тыңдаңызшы, Ыбырай Д. Жүндібаевич!
Менің қыздар дейтінім –
Олар сахнаға тамаша көрік, ғажайып сән береді,
Сонымен қатар, ансамбльге моральдық мән береді.

139
Ал, көздеріңді жұмыңдаршы,
Сәл үндемей тұрыңдаршы.
Бәрі үндемей тұрады. Шам сөне береді де, сахна түрлі 
түсті сәулеге бөленеді. Әсем музыка. Шығыс ертегілерін-
де айтылатын гарем қыздары ақ торғындары желбіре ген, 
кін діктеріне дейін ашық, емшек тартқыштары алтын, 
жақұт тармен құлпырған, мың бұралып билеп жүр. Сол 
фонда Жұмат тебірене сөйлеп тұр. Романтикалық сарын.
Ертең, ертең,
Астананың төрінде,
Алатаудың бөктерінде,
Кілем түстес жерінде
Қызыл, жасыл, ақшыл,
Сары көбелектей,
Қанаттары діріл қағып дөңгелеп,
Шешек атқан таудың қызғалдақтарындай,
Қырдың гүлі қырмызыдай құлпырып,
Самал желге тербелгендей ырғалып,
Көл бетінде еркін жүзіп, балдыр сүзігі,
Ақ моншақтай ақ маржанды домалатқан
Мойынынан, жонынан,
Айдын көлдің ерке құсы –
Аққу, қаздай сыланып,
Тамсандырып бар жұртты,
Таң қалдырса
Біздің совхоз қыздары.
Бар жазуда,
Бар ауызда сөз боп жатса,

140
Біздің совхоз өнері.
Сонда аспақ, көтерілмек,
Кімнің елі, кімнің жері,
Кімнің артпақ мәдениеті, беделі?!
Күнде совхозға келіп жатқан хаттар, хаттар...
(Директорға.)
Ыбекеңе бас ұрып,
Жалбарынып, жалынып,
Тәмәмдаған оқуын
Механизатор мамандар,
Слесарьлар, токарьлар,
Өтінішпен шын жарылып ағынан:
«Сіздің жерге,
Мәдениетті, көркі ескен,
Қыз-қырқыны, жастары көп дескен
Сіздің елге қызметке,
Жұмысқа барсақ», – деп жатса.
Директор Ыбекең бізге:
«Қалай қарайсыңдар? Жарайды.
Уақытша болса да алсақ», – деп жатса...
(Шам жарқ етеді.)
Д и р е к т о р . 
Оу, уақытшаң не? 
Ж ұ м а ш.
Ол енді сөз ұйқасы, ырғағы...
Д и р е к т о р . 
Апырмай,
Мынау өзі дұрыс екен,

141
Бұл әнсәмблің расында, 
Ойлап тұрсаң,
Совхозымызға үлкен ырыс екен. 
Ж ұ м а ш.
Ендеше, кемпірлерді, әйелдерді, 
Түгелдей қыз етіп киіндіреміз.
М а р и я .
Сонда Алтынбекті қайтеміз? 
Ж ұ м а ш.
Милициясыз-ақ бірдеме етіп күн көреміз.
А л т ы н б е к. 
Ә, мал дәрігері,
Бәрін де ойлап қойып ем де күн ілгері. 
Тә р б и е.
Алтынбексіз мен бұл ансамбльде қалмаймын.
М а р и я ,   С ә н и я .
Біз де Алматыға бармаймыз.
А л т ы н б е к.
Жарайды, менің орныма егін ексең, кетейін. (Шыға 
береді.)
Д и р е к т о р . 
Тоқта, бері кел!
Қара бұлардың шетінен дөкейін! 

142
А л т ы н б е к  (честь беріп). 
Слушаюсь, папа! 
Д и р е к т о р .   Слышаис дейтін мен сенің нашандігің 
емеспін, Папа дейтіндей әлі қызымды берген жоқпын. 
Т ә р б и е. Па-па!
Д и р е к т о р . 
Атаң да емеспін.
Дөкірлігің үшін құлағыңды бұрар ем, 
Әттең, милиса адамындай қатаң да емеспін.
М а р и я .  Ендеше, қайтесіздер егесті.
Д и р е к т о р .  Ал, Алтын шырақ бүгіннен бастап сенің 
атың Алтын.
А л т ы н б е к. Ал-тын? 
Д и р е к т о р .  Иә, Алты-ын. 
Т ә р б и е. Па-па! 
А л т ы н б е к. Түсінбедім.
Ж ұ м а ш. Мен түсіндім. Алтынбек – ұлдың аты, Алтын 
– қыздың аты.
Д и р е к т о р .
Қашан астанада байқау өткенше, 
Әнсамбльдің қолы бірінші орынға жеткенше, 
Сен қыз бола тұрасың.
Ж ұ м а ш.
Ұл болып Тәрбиеге қырындауды қоя тұрасың. 
Т ә р б и е. Па-па!

143
А л т ы н б е к .  Ә-ә, мазақ қылайын деген екенсіңдер. 
Д и р е к т о р .
Қыз болудың аздаған азабы бар, 
Бірақ түк мазағы жоқ.
Ж ұ м а ш.
Жалпы, сенің нұскаң 
Аздап қызға ұқсайды. 
Т ә р б и е. Ұят-ай!
А л т ы н б е к .  Масқара-ай!
Д и р е к т о р .
Түк ұяты, масқарасы жоқ,
Осы күні қыз бен жігітті
Басына,
Қойған шашына қарап та...
Ж ұ м а ш. Киген киіміне... 
Д и р е к т о р .  Тіпті екі иініне қарап та... 
Ж ұ м а ш. Артынан да, алдарынан да...
Д и р е к т о р . 
Бұтындағы шалбарынан да, 
Қайсысы жігіт? 
Қайсысы қыз? 
Сарапқа салу қиын.
А л т ы н б е к.
Мен жынданатын шығармын... 
Жо-оқ...
Сіздердің орталарыңызда қалу қиын. 
(Шыға береді.)

144
Д и р е к т о р .  Тоқта! Қызым, бері кел. 
Т ә р б и е. Па-па!
Д и р е к т о р .
Ұста мына күйеуіңнің,
Тойс,
Болашақ күйеу баланың қолынан. 
Т ә р б и е. Па-па! 
Д и р е к т о р .
Осыдан босатар болса қолыңды,
Әй, милитса бала,
Біржола қиямын жолыңды,
Алматыдан аман оралсаң,
Мен папаңмын,
Атаңмын.
Қиқандар болсаң,
Тірімде бермеймін екеуіңе батамды!
Барыңдар,
Қыз киімін киіңдер!
(Екеуі кетеді.)
Мейлі,
Содан кейін бір-біріңе тиіңдер! 
Ж ұ м а ш.
Ал, Ыбеке, енді бір идеям бар, 
Алматыдан ала келген.
Д и р е к т о р .  Иә, тағы не әдісің бар, аяғымнан шала 
келген?!

145
Ж ұ м а ш.
Біз астанаға он бес күн бұрын баруымыз керек, 
Аздап тәлім алуымыз керек.
Д и р е к т о р .   Ол  неғылған тәлім елден ерек?! 
Ж ұ м а ш .   Біраз репетицияға бір музыкант жалдап 
едім...
М а р и я .
Тағы да адам жалдаймыз, 
Тағы да заңсыз жалақы беріп, 
Совхозды алдаймыз.
Ж ұ м а ш (өзіне-өзі). Бұрын алдамай жүргендей...
Д и р е к т о р .
Әй, шырағым, біз бақшада
Жеміс егу орнына
Ақша егіп жатқан шығармыз.
«Ақша-ақша!»
Одан басқа жоқ па?
М а р и я .
Шырағым, шырағым, сәулем, 
Енді бір тиын босата алмаймын, 
Жетті ланың мен әурең!
Ж ұ м а ш.
Жетсе, мен де кеттім...
Режиссер де, дирижер де емеспін... 
(Шыға береді.)

146
Д и р е к т о р .   Тоқта!
Мария, кассадан біраз 
Ақша алыңдар да,
Тез қалаға барыңдар.
Ж ұ м а ш.
Ыбеке, демалысыңызды алып, 
Сіз де барасыз. 
Д и р е к т о р .  Ме-ен!
Ж ұ м а ш.
Иә, се-ен, тоис сіз
Бізбен бірге боласыз.
М а р и я .  Директор қаладан не алады?
Ж ұ м а ш.
Ол-пұл жүгіретін шаруалар болады... 
Сосын, ана сәбилерді кім бағады? 
Д и р е к т о р  (екі қолымен маңдайын тоқпақтап). 
Кім көрген мұндай құзғынды, 
Көндім, 
       бердім,
            сайтан алғыр, 
Бердім тізгінді.
Музыка. Пойыз доңғалағының үні. Пойыз терезе-
лерінен көрінген өнерпаздар. Ән салып барады. Ән ырға-
ғымен бірге екі колясканы ырғандатып тұрған Ыбырай 
Д. Жүн дібаевич.

147

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет