17. «Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік жөніндегі заңдарды қолдану тәжірибесі туралы» 1997 жылғы 18 шілдедегі № 10 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 3; 2004 жылғы 18 маусымдағы № 3; 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 7; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 6-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«Мәдени құндылықтарды және ұлттық мәдени игілік объектілерін мемлекеттік шекара арқылы Қазақстан Республикасынан тыс Еуразиялық экономикалық одақтың басқа мемлекетіне заңсыз әкету немесе оларды Қазақстан Республикасына қайтармау ҚК-нің 203-бабының 1-1-бөлігі бойынша сараланады.
Мәдени құндылықтарды және ұлттық мәдени игілік объектілерін Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тысқары жерге заңсыз әкету немесе оларды Қазақстан Республикасына қайтармау адамдардың әрекетінде экономикалық контрабанданың құрамы да болған кезде ҚК-нің 203-бабының 1-1-бөлігімен және ҚК-нің 234-ші бабының тиісті бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша сараланады.».
18. «Есірткінің, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысты істер бойынша заңнаманы қолдану туралы» 1998 жылғы 14 мамырдағы № 3(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 2; 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 19; 2003 жылғы 11 шілдедегі № 7; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 470 қаулысымен (бұдан әрі – Үкімет Қаулысы) бекітілген «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне» (бұдан әрі – Тізім) енгізілген сол есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестердің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені түсіндірілсін.
Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің мөлшерін анықтағанда Үкімет Қаулысымен бекітілген Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің мөлшерін айқындау кезінде Заңсыз айналымда табылған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені (бұдан әрі – Жиынтық кесте) негізге алу қажет.
Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен улы заттардың қоғамдық орындарда медициналық емес мақсатта тұтынылуын, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы дайындалуын, қайта өңделуін, иемделуін, сақталуын, тасымалдануын, жөнелтілуін және өткізілуін олардың заңсыз айналымы деп түсінген жөн.»;
2) 2-тармақтағы: «сондай-ақ прекурсорларды» деген сөздер алып тасталсын;
3) 2-1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз тасымалдау деп оларды тасымалдау тәсіліне және сақтау орнына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде бір елді мекен шегіндегі оларды орнынан көшіруге бағытталған кез келген қасақана іс-әрекеттер танылады.»;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын::
«Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279-І Заңының (бұдан әрі – Есірткі құралдары туралы заң) 1-бабының 8) тармақшасына сәйкес есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу және әкету деп оларды бір мемлекеттен екінші мемлекетке өткізу түсініледі.»;
4) 3-1-тармақта:
бірінші абзацтағы «заңсыз» деген сөзден кейін «дайындау, қайта өңдеу,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«егер олар есірткі немесе психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты өткізу мақсатынсыз іріден аз мөлшерде жасалса, ҚК-нің 296-бабының екінші бөлігі бойынша,»;
үшінші абзацтағы «шағын мөлшерде» деген сөздер «іріден аз мөлшерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы «шағын, ірі немесе аса ірі мөлшерде өткізу мақсатымен адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса немесе бірнеше рет өткізу мақсатымен жасаса немесе қызмет бабын пайдаланып, лауазымды адам жасаса» деген сөздер «электрондық ақпараттық ресурстарды пайдаланылу арқылы не қоғамдық орында адамдар тобы алдын ала сөз байласып, бірнеше рет жасаса, лауазымды адам қызмет бабын пайдаланып жасаса» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы «шағын, ірі немесе аса ірі мөлшерде өткізу мақсатымен қылмыстық топ жасаса немесе білім беру ұйымдарында немесе кәмелетке толмағандарға қатысты жасалса» деген сөздер «қылмыстық тобы жасаса» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «немесе прекурсорлар, прекурсор» деген сөздер алып тасталын;
6) 7-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді шетелден заңсыз жөнелту ҚК-нің 286-бабы бойынша қосымша саралануға жатады.»;
7) 7-1-тармақ алып тасталсын;
8) 8-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Егер өткізудің бірінші фактісі расталса және жедел-іздестіру қызметінің мақсатына толық қол жеткізілсе, қылмыстық әрекетті имитациялайтын сол бір адамды тарта отырып, сол бір күдіктіден есірткіні сатып алу бойынша қайталап жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге жол берілмейді. Осы күдіктіге қатысты қосымша жедел-іздестіру іс-шаралары оның есірткіні сатып алу көздерін, қылмыстық топты анықтау мақсатында немесе қылмыстық процестің өзге де мақсаттарында ғана тиісті уәжді қаулы шығарылып жүргізілуі мүмкін.»;
9) 9-тармақта:
«прекурсорларды» деген сөз алып тасталсын;
«басқа тұлғаға укол салу» деген сөздерден кейін «сонымен бірге байланыссыз тәсілмен, «тығындарды» қолданумен, интернет ресурстарды және электрондық әмияндарды пайдалана отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 9-1-тармақта:
бірінші абзацтағы «өткізу» деген сөзден кейін «не жөнелту» деген сөздермен толықтырылсын;,
төртінші абзацтағы «есірткі немесе психотроптық заттарды шағын немесе ірі мөлшерде лауазымды тұлғаның қызмет бабын пайдалануымен» деген сөздер «,лауазымды тұлғаның қызмет бабын пайдалануымен, электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы немесе қоғамдық орында,» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«егер есірткі немесе психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жөнелту мен өткізуді қылмыстық топ жасаса не оларды өткізу білім беру ұйымдарында немесе көрінеу кәмелетке толмағанға қатысты жасалса, ҚК-нің 297-бабының төртінші бөлігі бойынша саралануға жатады.»;
11) 9-2-тармақта:
«ҚК-нің 296, 297-баптарының» деген сөздер «ҚК-нің 296 не
297-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Адам екі әрекетті жасаған кезде, олардың біреуі ҚК-нің
296-бабының тиісті бөлігі бойынша, ал екіншісі ҚК-нің 297-бабының тиісті бөлігі бойынша саралануға жатады, бірнеше рет белгісі жоқ. Бұл әрекеттер қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша сараланады.»;
12) 9-3-тармақта:
бірінші, екінші және үшінші абзацтардағы «заңсыз» деген сөзден кейін «дайындау, қайта өңдеу,» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзацта:
«заңсыз» деген сөзден кейін «дайындау, қайта өңдеу,» деген сөздермен толықтырылсын;
«сондай-ақ өткізудің» деген сөздер «сондай-ақ жөнелтудің және өткізудің» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 9-4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде (СТБТ) заңда белгіленген тәртіппен тіркелмеген айыптаудың жекелеген эпизодтары бойынша адамды қылмыстық жауапкершілікке тартуды болдырмау қажет.»;
14) мынадай мазмұндағы 9-5-тармақпен толықтырылсын:
«9-5. ҚК-нің 297-бабы үшінші бөлігінің 6) тармағында көрсетілген қоғамдық орын деп Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылғы 23 қыркүйекте № 9744 тіркелген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларында көрсетілген орынды түсінген жөн.
Әрекеттерді дәл қоғамдық жерде жасау фактісі ҚПК-нің 113-бабының талаптарына сәйкес уақыт, орын, тәсіл және басқа да мән-жайлар анықтала отырып дәлелденуге тиіс. Қоғамдық орында қылмыс жасаудың жариялылығы әрекетті ҚК-нің 297-бабы үшінші бөлігінің 6) тармағы бойынша саралау кезінде міндетті белгі болып табылады.
Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді білім беру ұйымдарында не көрінеу кәмелетке толмағанға өткізу оның тәсіліне (жария не жасырын) қарамастан, ҚК-нің 297-бабының төртінші бөлігі бойынша жауаптылыққа әкеп соғады және ҚК-нің 297-бабы үшінші бөлігінің 6) тармағы бойынша қосымша саралауды талап етпейді. «Білім беру ұйымы» ұғымын айқындау кезінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңының ережелерін негізге алу қажет»;
15) 10-тармақ алып тасталсын;
16) 11-тармақта:
екінші абзацтағы «(Есірткі туралы заңға 2-қосымша).» деген сөздер алып тасталсын;
алтыншы абзац алып тасталсын;
17) мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің заңсыз айналымын саралаған кезде Жиынтық кестеде белгіленген мөлшерлері ескерілуі тиіс. Бұл ретте есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің мөлшері әрбір түрі үшін жеке анықталады және қосып есептеуге жатпайды.
Жиынтық кестеде ілеспе заттары мен толтырғыштары бар есірткі заттардың кейбір түрлері (мысалы, ілеспе заттар мен толтырғыштарды қоса алғанда, героин, тұздары бар кодеин, дәрілік нысандағы кодеин, тұздары бар метадон, тұздары бар морфин, бейтарап толтырғыштары бар апиын (ұн, қант, крахмал және т.б.), ілеспе заттарды қоса алғанда, тұздары бар кокаин, МДМВ, тұздары бар МБДБ, ілеспе заттары бар эфедрон және т.б.) көзделген жағдайда есірткі заттарының салмағын толтырғыштарымен қоса есептеу қажет.»;