Балапандар: Қыт-қыт-қыт-қыт,иә-деп,
Сүйер бар балақан,
Мен-сары балапан.
Енеме еремін
Көгалды шоқып көп
Дән іздеп теремін.
Тәрбиеші балалардың өзінен соң «ку-ка-ре-ку, қыт-қыт-қыт-қыт» дыбыс тіркестерін анық айтуларына қол жеткізуі қажет.
Шөре – шөре Мақсаты: Дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту.
Қажетті құралдар: Ешкі, жылқы, сиыр, түйенің суреттері.
Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді оқуды жануарлардың суреттерін көрсетумен жалғастырады.
Өрісте өскен жануар,
Шөкетайым қайдасың?
Шөре – шөре деп ешкіні шақырады.
Қамбар ата өсірген,
Құла атым қайдасың?
Құрау – құрау - деп жылқыны шақырады.
Зеңгі баба өсірген,
Әукешім менің қайдасың?
Ауқау – ауқау – деп - сиырды шақырады.
Ойсыл қара баласы,
Ботақаным қайдасың?
Көс – көс деп түйені шақырады.
Балалардың сөз тіркестерін дұрыс айтуын қадағалау.
Бип, бип, пыш Мақсаты: Еліктеу бойынша дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту.
Қажетті құралдар: Паравоздың суреті.
Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді оқиды, ал балалар бірінен соң бірі тізбектеліп паравоздың қимылын жасайды. Сосын еліктеу сөздерін қайталап айтады.
Бип, бип, пыш.
Мен паравоз алам.
Саяхатқа бет алам,
Бірте-бірте тездейміз,
Тез жетуді көздейміз.
Бип, бип, пыш.
Көп қаладан өтеміз.
Қызықтарға жетеміз,
Бип, бип, пыш.
Гук пыш,
Гук, пыш паравоз.
Мықты болсаң басып оз,
Қызық болды кеп қалдық,
Енді жайлап тоқтаймыз,
Бип, бух, пыш.
Балалардың сөз тіркестерін дұрыс айтуын қадағалау.
Қосымша Г Қимылды-қозғалыс ойындары: Қуыршақтарға қонаққа. Кілемнің үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына қарай 8-10). Тәрбиеші балаларды ойынға шақырып, қазір олардың қуыршақтарға қонаққа баратынын айтып, олардың қайда отырғанын көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге көрсетілген бағытта, жай ғана қуыршақтарға келеді де, олармен амандасады. Тәрбиеші қуыршақтарды алып, олармен билеуді ұсынады. Қуыршақтармен азғана секіріп ойнағаннан кейін балалар олардың орындарына отырғызады да үйлеріне оралады.
Ойын қайталанғанда балалар қонжықтарға, қояндарға (тәрбиеші оларда алдын-ала бөлменің басқа бір бөлігіне орналастырады) қонаққа бара алады. Бұл ойыншықтармен балалар үйіне қайтады да олармен қалағанынша ойнайды.