Балалар: Ормалмен сүрту керек.
Тәрбиеші: -Дұрыс, құрғақ орамалмен сүрту керек. Міне, енді біздің Айгүл таза, құрғақ болды.қазір, біз оны кейіндіріп, шашын тараймыз.
-Шашын немен тараймыз?(тарақпен)
- Жасмин, келші шашын тарауға көмектесші.
-Ал,енді қуыршақты ұйықтатайық.
-Біздің қуыршақ ұыйқтап қалды. Енді, оған көрпе жабайық.
Қортынды:
Тәрбиеші: -Балалар, бүгін сендермен біз не істедік?
Балалар: -Айгүл қуыршақты суға түсірдік.
Тәрбиеші: -Ол үшін біз не алдық?
Балалар: -Сабын, орамал, жөке, тарақ.
Тәрбиеші: -Қандай суға шомылдырдық?
Балалар: -Жылы, таза.
Тәрбиеші: -Қараңдаршы,балалар, шомылғанна кейін су қандай болды?(Су сабынды және кір)
-Қане, бәріміз бірге айтайықшы: су сабынды және кір.
-Қазір мен суды төгемін, Максим сабынды жинауға көмектесші.Мансур, орамалды жинайды.
-Жарайсыңдар, рахмет, балалар!
Тәрбиеші: Білсін мұны балалар,
Сусыз құрғақ далалар.
Сусыз қараң қалалар,
Ескертеміз бар ұлға,
Ескертеміз бар қызға
Суды босқа ағызба.
Құм мен сумен тәжірбие жасау (серуенде)
Мақсаты: Тәжірбие жасаудың көмегімен балалар құмның қасиетін сезінуге көмектесу: құрғақ құм төгiледi, ешнәрсе әдемі шықпайды, егер құмға су құйсақ ол ылғалды болады және үлгiлердiң көмегiмен түзу, әдемi самсалар пісіруге болады.
Жабдық: күрекше, 2 кiшiгiрiм шелек, үлгi, сумен құмыра.
Барысы:
Тәрбиеші: -Құм салғышта не бар?
-Балалар, құмды ұстап көріңдерші, айтыңдаршы ол қандай? (құрғақ, төгіледі)
-Дұрыс, құм құрғақ, ол төгіледі.Алақандарыңа сеуіп көріңдерші. Қараңдаршы, құм неден құралған?(балалардың жауаптары) Дұрыс, құм ұнтақтардан тұрады. Олар кішкентай ақырын ағыс сияқты төгіледі. Бұл құрғақ құм.
-Сендердің алдарыңда пішіндер, шелек жатыр, соған біз құмсалып әр түрлі пішіндер жасайық.
-Пішіндер шықты ма? (балалардың жауаптары)
-Неліктен шықпады? (құм құрғақ)
Достарыңызбен бөлісу: |