Жоба тақырыбы: Геоақпараттық картографияның мүмкіншіліктерін географиялық зерттеулерде пайдалану


Сityengine бағдарламасы мен Arcgis бағдарламасының ArcScene қосымшасы арқылы Алматы қаласының 3D өлшеміндегі үлгілерін құрастыру



бет4/5
Дата25.12.2023
өлшемі13,69 Mb.
#143287
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жоба. Геонаука

Сityengine бағдарламасы мен Arcgis бағдарламасының ArcScene қосымшасы арқылы Алматы қаласының 3D өлшеміндегі үлгілерін құрастыру
Картаны құрастыру жұмысын жеңілдету үшін объектілерді жүйелі түрде бірнеше топқа бөлу қажет. Осы мәселелерді шешу үшін геомәліметтер базасы құрылған.
Геомәліметтер базасы дегеніміз карта бетінде бейнеленетін барлық объектілер туралы ақпарат (орналасуы, атрибуттық мәліметтері) сақталатын жуйе. Карта бетінде мақсаттары, өлшемдері, пішіндері әртүрлі көптеген объектілер кездеседі. Сонымен қатар оларды бейнелеу әдістері де бір бірінен өзгеше. Негізгі үш бейнелеу әдістері бар:
  • сызықтық (өзендер, жолдар),
  • нүктелік (елді мекен, биіктік белгілер)
  • полигоналді (көлдер, ормандар).

Қарастырылып жатқан жұмыс негізгі 3 кезеңнен тұрады: геомәліметтер базасын құру, үш өлшемді үлгілерді құру және үш өлшемді үлгіні көруге арналған платформа құру болып табылады.
3-сурет. ArcGIS бағдарламасында құрылған Алматы қаласының
векторлық картасы
Бірінші кезеңде ArcGIS-те векторлық картасы бар нысандар мен олардың атрибуттық ақпараттарын геомәліметтер базасында құрып алған. Қаланың жоспары мен ғарыштық суреттер негізінде векторлық картаға нысандарды енгізген. Бұл жұмыстың нәтижесі MultiPatch түріндегі кесте, атрибуттық кесте және мәліметтер жиынтығынан тұратын геомәліметтер базасы болып табылады.
4-сурет. ArcScene қосымшасындағы Алматы қаласының 3D
өлшеміндегі үлгісі.
Модельде Алматы қаласының үш өлшемді кеңістіктегі келесідей элементтері көрсетілген:
- рельеф;
- ғимараттар мен құрылыстар;
- жасыл желектер, ағаштар;
- көпірлер, жол өтпелері;
- көше-жол желісі және т.б. элементтер.
Келесі кезең ArcGIS геомәліметтер базасының форматын қолдайтын ArcScene, CityEngine, Google SketchUp үш өлшемді редактірінде қалашықтың компьютерлік үш өлшемді үлгісін құрастыру. Ғимараттардың каркасын құру үшін – векторлық форматтағы құрылыс сызбалары негіз бола алады. Ғимараттарды үлгілеу үшін ArcScene, CityEngine форматтарындағы сызбаларды қолдану негіз болады.
5-сурет. Көктем ықшамауданының 3D үлгісі.
Үш өлшемді каркастың әрбір бірліктерін фото шынайлыққа жанасқан суретті негіздей отырып текстуралармен қаптау, үш өлшемді негізде ғимараттарды ішіне ену негізін қалыптастыру, Google SketchUp негізінде ғимараттардың 3D үлгісін қаптау және ішін әрлендіру жұмыстары, сонымен қатар осы жасалған негіздерді ArcScene мен CityEngine қосымшаларына жобалу жұмыстары жүргізілген. 3D үлгісіндегі нысандардан басқа, жобаға геомәліметтер базасындағы атрибуттық ақпараттар нысандардың аты, суреттерге сілтеме және т.б. кіреді.
5.1-сурет. Тұрғын үйдің фото шынайылыққа жанасатындай көрінісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет