Мәселенің жалпы сипаттамасы: Қазіргі кемелденген заманда мұнай және оның өнімдері отын мен энергияның көзі ретінде көптеп қолдануда. Осы бағытта мұнай кеніштерін игеру жұмыстары қарқындап дамып, оның өндіру дәрежесі жылдан жылға өсіп келеді. Көптеген дамыған елдерде, оның ішінде Қазақстанда мұнай және газ кеніштерін игеру, халық-шаруашылығын кешендерінің маңызды буыны болып табылады. Сонымен бірге, мұнай және газды игеру мен тасымалдау кезінде мұнай қалдықтарымен қоршаған ортаны ластау мәселелеріде артып келеді. Әсіресе мұнай қалдықтарымен мұнай игеру өнеркәсіптері маңдары тиісті жер қыртыстары мен су бассейндері жие ластануда. Ластанудың басты көздері болып, мұнай және газ құбырларының жарылуы, тесілуі, және көмірсутектерінің жеңіл фракцияларының атмосфераға лақтырылуы сияқты жағдайларды айтуға болады. Осы мәселердің барлығы жердің экожүйесін бұзып, ондағы микрофлораның микробоценозының структурасын өзгертеді және ондағы биохимиялық процестерді үдетеді.
Қазіргі ғылым мен техниканың дәуірлеп дамыған заманында мұнай және газ қалдықтарымен ластануды болдыру іс-шаралары жоғары деңгейде қарастырылып, ал ластану болған жағдайда оны рекультивациялау мен утилизациялау мәселелері шешілген деп айтуға негіз бар. Әйтседе, қазірдің өзінде ластанған жерлерді тазарту және оны пайдаға жарату мәселері толықтай шешілмей отыр. Оның себебі, рекультивациялауға жіберілетін шығындардың өте жоғары болуы және ластанған жерлерді тазарту түрлерінің тиімді жолдарын қарастыру зертеулерінің болмауы деп айтуға болады.
Қазіргі кезде рекульвациялаудың физика-химиялық, механикалық, биотехнологиялық және электрхимиялық әдістері қолданылып келеді. Соның ішінде электрхимялық әдіс қымбаттылығына байланысты өте аз қолданыс табуда. Бірақта бұл әдістің ластанған топырақты толықтай тазартып, онан шыққан екінші реттік материалды отын ретінде қолданып, электрэнергиясын алуға және жылу энергиясын өндіруге мүмкіндік беретінін ескеретін болсақ, онда энергия үнемдеу және оны тиімді пайдалану мәселесін шешер едік.
Достарыңызбен бөлісу: |