Жоба түркістан облысы әкімі Ж.Қ. Түймебаевтың Тарихи-мәдени мұраны қорғау мен кеңінен танытуды заңнамалық


Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры»



бет2/7
Дата11.05.2022
өлшемі144 Kb.
#33970
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Выступление Акима ТО

Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылғандай Түркістан мен Отырар, Сайрам мен Қазығұрт, Ордабасы мен Бәйдібек – бұл өлкелердің қай-қайсысы да ұлтымыздың тарих қойнауына жетелейді. Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи секілді әулиелер мен Әл-Фараби сынды ұлы ғұламалардың кіндік қаны тамған қасиетті өлке халқымыздың арғы-бергі тарихынан терең сыр шертеді.

Слайд №1

Бүгінгі таңда облысымызда 1249 тарих және мәдениет үшін айрықша маңызы зор археология және сәулет ескерткіштері бар. Оның ішінде халықаралық маңызы бар 1 ескерткіш (Қожа Ахмет Яссауи кесенесі), республикалық маңызы бар 26 (19 сәулеттік, 7 археологиялық), жергілікті маңызы бар 426 (52 сәулеттік, 374 археологиялық), алдын ала есепке алу тізімінде 796 (оның 125 сәулеттік, 671 археологиялық) тарихи-мәдени мұра объектілері бар.

2013 жылдан бастап осы ескерткіштерге қорғау міндеттемелерін рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп, бүгінде 429 ескерткіштің (55 сәулеттік, 374 археологиялық) меншік иелері және пайдаланушыларымен қорғау міндеттемелері рәсімделген.

Сонымен қатар, жергілікті маңызы бар 434 ескерткішке қорғау тақтайшалары орнатылған және жергілікті әкімдіктер тарапынан жыл сайын көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп келеді.
Елбасымыз Түркістанды түркі әлемінің рухани орталығына айналдыру жөнінде нақты міндет қойып отыр. Осы уақыт ішінде Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының барлық басым бағыттары бойынша нақтылы жұмыстар атқарылып, ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет