Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге бейімдеу.
Жобаны зерттеуді кластан тыс сабақтарда өткізген тиімді болады. Жобалау әдісі – оқушылардың зерттеу жұмыстары әдісі болып табылады
Алдымен оқушыға электр тогы туралы түсінік беріледі.
Жоба жұмысының тақырыптары ұсынылады.
-Электр тогын үнемдеу жолдары (үлкендердің көмегімен счетчиктегі көрсеткішті жазып ал, 2 күн телевизор және т.б техниканы үзбей пайдаланғанда көрсеткіш қалай өзгергенін тірке,2 күн осы техникаларды көп пайдаланбағанда көрсеткіш қандай болатынын салыстыр,осы жұмыстарды жүргізгенде жұмысынды сүретнемесе видеоға түсірсең,немесе арнайы дәптер арнап жазып алсаң болады және т.с.с)
Геометрия сабағы:
Геометрия сабағы:
Тақырып: Үшбұрыштар
Алдымен оқушыға тікбұрышты немесе басқа да үшбұрыштар туралы туралы түсінік беріледі.
Жоба жұмысының тақырыптары ұсынылады.
-мысалы: Үшбұрыштар қай жерде кездеседі? Оларды не үшін үшбұрыш деп атаймыз?
Үйлердің төбесі(шатыры) неге осы үшбұрыш пішіндес болады?
Осы сұрақтар бойынша зерттеу жүргізіп,өз зерттуің бойынша шағын жобалық жұмыс қорғауға дайындал, өз жұмысыңды презентация,сүрет,схема түрінде қорғасаң керемет болады деген сияқты бағыт көрсету керек.
Сондықтанда жобасын қорғау барысында оқушыларға “менің зерттеулерімнің нәтижесінде, менің жобамның қорытындысы бойынша” деген сияқты сөздерді пайдалануға дағдыландыру қажет.
Сонымен қатар,жобалық жұмысты ұйымдастыру түрін таңдау оқушының қызығушылығына қарай бағытталғаны (яғни сүретке түсірема,сүрет салама,жазбаша зерттеу жүргізема,ақпараттық технологияларды пайдаланама өзі таңдауы қажет)дұрыс,сол кезде оның жобаны орындуға деген қазағушылығы жоғары болады.