Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.
Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса- ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады.
Сонымен, жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп,есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде. Жобамен жұмыс істеу кезеңдері?
Жоба бойынша жұмыс бірнеше кезеңнен тұрады.
1. Ұйымдастырушылық кезең-бұл жұмыстың бастапқы кезеңі, онда тақырыпты, жобаның мақсатын тұжырымдау, уақытты анықтау, студенттер қолдана алатын материалдар мен көздер туралы ойлау, жоба жоспарын құру, нәтижелерді ұсынудың оңтайлы формасын таңдау өте маңызды.
2. Дайындық кезеңі, онда міндеттер қойылып, топтар құрылады. Бұл кезеңде оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, міндеттерді дұрыс бөлу маңызды.
3. Жобаны орындау – бұл жобамен жұмыс істеудің көп уақытты қажет ететін және ұзақ кезеңі, өйткені бұл кезеңде ақпарат жиналады және мұғалім мен оқушы, сондай - ақ жобаға қатысушы студенттердің өзара әрекеттесуі жүреді, мұнда мұғалімнің рөлі өте зор, ол тәлімгер және сонымен бірге тілдік бірліктерді, грамматикалық құбылыстар мен құрылымдарды қолданудың дұрыстығын бақылайды.
4. Презентация-бұл жоба бойынша қызмет нәтижелерін көрсету, оны сыныптастары мен мұғалімдеріне ұсыну, жобаны қорғау және талқылау.
Соңғы өнімнің түрлері Схемадан, буклеттен, альбомнан, плакаттардан, газет шығарудан бастап ауызша немесе жазбаша презентацияға дейін әр түрлі болуы мүмкін.
5. Бағалау және бақылау. Мұғалім материалдың мазмұны мен ұйымдастырылуын бағалайды, өзіндік ерекшелігі ерекше бағаланады. Жобалаудың құрылымы?
3) міндеттерді топтарға бөлу, зерттеу әдістерін талқылау, ақпарат іздеу, шығармашылық шешімдер қабылдау;
4) зерттеулердің, шығармашылдық міндеттері бойынша өздік жұмысы, бақылау;
5) алған ақпараттары бойынша талқыға салу;
6) қорғау. Жобалаудың түрлері
. Жоба түрлері: 1) әрекет түріне қарай: зерттеушілік, шығармашылық, рөлдік, қолданбалы, моножоба, пәнаралық; 2) пәндік-мазмұндық сипатына қарай: моножоба және пәнаралық; 3) қарым-қатынас тәсіліне қарай: тікелей қарым-қатынас; коммуникациялық технология; 4) үйлестіру сипатына қарай: тікелей, жанама; 5) байланыс сипатына қарай: аймақтық, оқу орнында орындалатын және халықаралық; 6) қатысатындардың санына қарай: жекелік, жұптық, топтық; 7) орындалу уақытына қарай: қысқа мерзімдік, орта мерзімдік, ұзақ мерзімдік деп іштей топтастырылады. Бұл жобалар мазмұндық сипаты жағынан іштей екі үлкен топқа: ғылыми-ізденіс және қолданбалы-практикалық болып біріктіріледі.