Жобалау пайда болған алғашқы кезеңдерде жобаны ғылыми-негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын



бет60/263
Дата27.09.2023
өлшемі3,3 Mb.
#110820
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   263
Байланысты:
Доп мат

Бағдарлама - жобаның ерекше түрі. Бағдарлама – алдымен құрлымдық қызметті орындайтын жобалау пәніне жетуге бағытталған нақтылы іс-әрекеттерді анықтауды алға қоятын жобаның ерекше түрі. Бағдарламаның құрылымына мақсат туралы мәлімет, ұсынылған өнім, оны алу құралдары, сонымен қатар өзгеру нысандары мен жобалау шеңберіндегі басқарушылық іс-әрекет рәсімдері енеді. Білім беру мекемелерінде кең тараған бағдарламалар қатарларына мыналар жатады:

  • Білім беру бағдарламалары;

  • Оқу бағдарламалары;

  • Жылдық іс-әрекет бағдарламасы (басқарушы, педагог, балалар ұжымы, ұйымның);

  • Жылдық немесе одан да көп даму бағдарламасы (ұйым, бірлестік, ұжым);

  • Нақты бағыт бойынша іс-әрекет бағдарламасы (мамандармен жұмыс бағдарламасы, зерттеушілік, тәрбиешілік іс әрекет бағдарламасы).

Барлық типтегі бағдарламаларды жоспардан ажырата білу керек. Жоспар педагогикалық іс-әрекетті реттеуге, жоспарлылық және жүйелілік, басқарушылық және нәтижелердің бірігуі сияқты педагогикалық үдерістерге талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге арналған. Жоспар- іс-әрекеттің мазмұндық бағдарларын беретін, оның тәртібін, көлемін, уақыт аралығын анықтайтын құжат. Түрі мен типіне, уақыты мен мазмұнына байланыссыз жоспар келесі қызметтерді орындайды:

      1. бағыттайтын, ол іс-әрекет саласын анықтайды: жоспар жұмыстың мазмұндық шектерін бейнелейді, пәнді, педагогикалық іс әрекеттің нақты түрлері мен бағытын көрсетеді;

      2. болжамдық: жоспар қажетті нәтижені нақтылы көрсетуге арналмаса да, жанама түрде мағынаны көрсетіп, нақтылы әрекеттер арқылы нәтижені көрсетеді;

      3. үйлестірушілік немесе ұйымдастырушылық (ол жоспардың негізгі қызметі болуы мүмкін): жоспар бір жағынан іс әрекет қалай, қандай құралдармен ұйымдасатындығын және оның субьектісі мен обьектісі кім болып табылатынын көрсетеді, екінші жағынан, іс-әрекет тәртібін оның басқа түрлерімен байланысын көрсетеді, орнымен уақытын анықтайды, яғни кім, не, қашан, қай кезде деген сұрақтарға жауап береді;

      4. бақылаушылық: біріншіден, педагогтың өзі жоспарды қолданып қойылған мақсаттардың орындалуын бақылай алады; екіншіден, жұмыс біткен соң жоспар шынайылыққа қаншалықты сай келгендігін тексере алады. бұл жағдайда оның сапасы айтарлықтай деңгейде педагогтың конпетенттілігін көрсетеді;

      5. репродуктивтік: кез келген уақыт аралығаныда жоспар бойынша орындалған жұмыстың мазмұны мен көлемін қалпына келтіруге болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   263




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет