Жобалау пайда болған алғашқы кезеңдерде жобаны ғылыми-негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын



бет19/263
Дата27.09.2023
өлшемі3,3 Mb.
#110820
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   263
Байланысты:
Доп мат

Педагогикалық жобалаудың пайда болуы. Зерттеушілікке бағытталған жобалау әрекеттері педагогикалық белсенділіктің қайнар көзі ретінде мәдениет тарихында ұзақ жылдар бойы қалыптасып келді. Педагогикалық теорияның негізін қалаушы Я.А.Коменский мұғалім әрекетінде зерттеушілік бағыттар болуы оқытудың табысты болуына ықпал ететіні туралы былай дейді: «адамдарды оқытқанда олардың кітаби білімді алуына емес, олардың өздеріне аспан мен жерді, түрлі ағаштарды бақылап, заттарды зерттеу мен тануға үйреткен жөн, сонда олар біреулердің бақылағаны мен түсіндіргенін ғана есте сақтап отырмайды».
Осы идея кейін көптеген белгілі философтар мен педагогтардың еңбектерінде одан әрі жалғастырылды. Мысалы, француз философы Ж.Ж.Руссо баламен қарым –қатынаста оның шамасы жететін мәселелерді қойып, оны өз бетімен шеше білуге үйретудің маңызын айтады, ол туралы «бала үлкендердің айтуымен емес, өзі түсінуіне, білімді жаттап алу емес, өзі ойлап шығаруға» мүмкіндік жасалуын қолдайды.
Оқушының зерттеушілік ойлау әрекеттері арқылы айналадағы құбылыстарды танып білуінің маңыздылығын швейцар ғалымы И.Г.Песталлоци да атап өткен. Оның айтуынша, адамның ақыл –ойы әрекет барысында дамиды, өйткені, тәжірибеде қателіктер мен олқылықтар оңай байқалады деп, оқытудағы көрнекілік пен тәжірибенің ролін негізгі талаптар ретінде қарастырған.
Педагогикалық идеялар мен тәжірибенің даму барысында Сократтың әңгімелесу әдісі мен Ф.Динтердің дамытушы катехизация әдісіне, одан А.Дистервегтің эвристикалық әдісіне қарай жүретін бағдарлар да болғаны белгілі.
Өткен ғасырдың екінші жартысында жобалау әрекетін әлеуметтік және білім саларында ғылыми – әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге ғылымның әртүрлі салалары өкілдері үлес қосты. Олардың ішінде Дж.Дьюи, К.Поппер, Г.Саймон, В.Х.Килпатрик және т.б. бар. Атап айтқанда, Д.Дьюи еңбектерінде педагогикада «жобалау» әдіс түсінігінде қолданылса, В.Килпатрик «жоба» түсінігін әрекет нәтижесі ретінде қарастырған.
В. Килпатриктің айтуынша, кез келген әрекет, егер ол белгілі бір мүддені көздей отырып бірлескен және жоғары деңгейдегі өз бетіндік жұмыс ретінде орындалған білім алушылар тобының әрекеті болса, онда ол жоба болып есептеледі. Килпатрик жобаның үш негізгі компоненттерін бөліп көрсетті. Олар:

  • Оқушылардың табиғаты мен қызығушылығына құрылған оқу материалдары;

  • Мақсатқа бағытталған әрекет;

  • Оқытуды – өмірді үздіксіз жаңғырту және одан жоғары сатыларға көтеру құралы ретінде қарастыру.

Жобалау әрекеті оқушының нақты ситуацияларда жол таба білуіне бағытталған мақсатты іс–әрекеттерді ұйымдастырудан көрініс табады. Осыдан шығатын оқыту мақсаты – оқушыларды проблеманы шешудің, ізденіс–зерттеулердің әдіс–тәсілдерімен қаруландыру. В.Х.Килпатрик еңбектерінде жобаның төрт түрі көрсетілген:

    1. өндірістік, немесе жасампаздық;

    2. тұтынушылық;

    3. интеллектуалдық, немесе басқа да проблемаларды шешуге бағытталған;

    4. жоба–жаттығулар.

Өткен ғасырдағы педагогикада гуманитарлық идеялардың дамуы жобалауды кәсіби әрекеттің ерекше түрі ретінде қабылдап, білім беруде жобалау мәдениетінің қалыптасып дамуына ықпал етті. Батыстық педагогикада (К.Роджерс, Э.Фромм) оқытудың жобалау мәдениеті тұрғысынан қарастырылуы білім алушының жобалау әрекеттеріне қатысуы арқылы тұлғалық өсуіне, жеке әлеуметтік тәжірибесінің дамуына, шығармашылық еркіндігін көтермелеуге бағытталған педагогикалық жағдайлар туғызылады деп қарастырылды.
Оқытудағы жобалау әдістерімен қатар, жобалаудың өзі педагогтар үшін жаңа міндеттер пайда болуына негіз болды. Мысалы, мектеп өмірінің демократиялануына байланысты жобалау оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен өнімді әрекеті түріне айналды, өзара тең дәрежедегі жаңа қарым–қатынастар құруға мүмкіндіктер туғызды. С.И.Гессеннің айтуынша педагогикалық ортада «қоғамдық өмірдің сан алуан түрлеріндегі өзара әрекеттердің өркендеуіне», Килпатрик бойынша айтқанда, жобаға қатысушылардың «белсенділіктері ағаш бұтақтарындай таралып өсуіне» қатты ықпал етті. Сөйтіп, жобалау әрекетін алдаңғы қатарлы педагогтар жобалау үрдісіне тартылған әлеуметтік–білімдік кеңістіктегі демократиялық қарым–қатынас құралы ретінде пайдалана бастады.
Джон Дьюидің «Демократия және тәжірибе» атты еңбегінде оқытудың қоғамдық сипаты қарастырылуына байланысты, жобалау әрекеті қоршаған ортада, шынайы өмірде туған проблемаларды шешуге негізделген білім мазмұнын әлеуметтендіру амалы ретінде мақсатты түре дамытыла бастады. Үнемі өзгеріп отыратын өмір шындығы әлеуметтік тәжірибені тұтас меңгеруге негізделген дағдыларды талап ететін болды, ол мектептердің де өзгеруіне ықпал ете бастады.
Посткеңестік елдерде, соның ішінде Ресейде және Қазақстанда жобалау әдістері негізінде оқыту шетел тәжірибесімен қатар жүрді деуге болады. өткен ғасырдың басында – ақ С.Т.Шацкийдің жетекшілігімен оқыту барысында жобалаудың бірнеше түрлерін пайдалану жұмыстары ұйымдастырылды. Одан соң, В.А.Герд практикалық жүмыстағы жобалау әдістерін, А.П.Пинкевич жаратылыс тану ғылымындағы сынақ –тәжірибелік жұмысында, Б.Е.Райков зерттеу жұмыстарында, К.П.Ягодовский зертханалық жұмыстарда жобалау әдістерін дамыта бастады. Оған осы кезде орыс тіліне аударылған Килпатрик еңбегінің ықпалы мол болды, соның негізінде оқу және әлеуметтік –педагогикалық жобалау педагогикалық әрекеттің ерекше түрі ретінде терең таратылды.
1931 жылы БКП (б) Орталық Комитетінің Қаулысымен жобалау әдістері үлкен сынға ұшырады, өйткені, «оқушыларға нақты пәндер аясында білім жүйесін игеруге мүмкіндік бермейді», деп көрсетілді. Соған орай, кеңестік елдерде жарты ғасырға жуық уақытта жеке әдіс ретінде қолданылмады. Шетелдер тәжірибесінде, атап айтқанда, АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Израиль, Финляндия, Германия, т.б. көптеген елдер жобалау әдістері ең тиімді гуманитарлық әдіс ретінде кеңінен тарады.
Жобалау әрекеттерінің одан әрі дамуы мәдени құбылыстардың қалыптасу логикасы бойынша – жай репродукциядан – зерттеуге, зерттеуден –мақсатты қайта құруға әкелді. Дамытып және дамып отыратын жобалық түзілім: танымға қызығушылық – таным әдістері – білім құрылымы негізінде өзіне тән ерекшеліктері бар ойлаудың жобалық амалы, жолдары қалыптасты.
Кеңестік мектептерде жобалауды педагогикалық ойлау логикасы тұрғысынан А.С.Макаренко қолданды, ол нақты бір тәрбиеленушінің қабілеті мен қызығушылықтары негізінде тәрбиелеу мақсатындағы тұлғаның оқу –тәрбие әрекеттерін жобалау әрекеттерін қарастырды.
1970- жылдары Н.В.Кузьмина еңбектерінде жобалау компоненті педагог әрекеттерінің құрылымына енгізілді, қазіргі кезде терминологиялық аппараттан «педагогикалық жобалау», «мұғалімнің жобалау әрекеті», «педагогикалық жобалау» ұғымдары орын алды. Олардағы жобалау объектілері ретінде педагогикалық әрекеттің әдістері мен түрлері алынады.
Жобалауды одан әрі зерттеген В.В.Давыдов, Генисаретский, Н.Г.Алексеев, А.В.Петровский, И.В.Якиманская, И.А.Колесникова, В.И.Безруков, т.б. жобалауды білім беру жүйесін жаңартуға бағытталған әрекеттер негізінде қарастырады.
Осылайша, кәсіби – педагогикалық ой – пікірдің даму барысында жобалау идеясы педагогикалық практикадан педагогикалық теорияға қарай ауыса бастады.
Жобалау әрекетінің негізі болып табылатын «жоба» түсінігінің өзі де ғылымда түрліше қарастырылғанын көруге болады. Философиялық тұрғыдан қарастырушылар (М.С.Каган) оны рухани қайта жаңғыру әрекеттері нәтижесі десе, әрекеттік тұрғыдан қарастыру (И.А.Колесникова) жоба –жобалаудың мақсаты мен нәтижесі деп түсіндіреді. Жалпылай келгенде, жоба – «белгілі бір уақыт ішінде жүргізілетін, нәтиженің сапасына нақты талап қойылған, ұйымдастыруға қажетті құралдары мен қолжетімдік ресурстары айқындалған белгілі бір жүйені мақсатты түрде өзгерту» деген (В.Н:Бурков, Д.А.Новиков) пікірге сай дей аламыз, өйткені бұл жобаның мақсаты мен нәтижесін көрсетеді.
Жобаны құрастыру материалдары ретінде теориялар, модельдер, түсініктер, таңбалар мен формулалар, алгоритмдер мен парадигмаларды айта аламыз. Жобалаудың түрлі салалардағы инструменталдық жүйесі ретінде әрекет теориясы алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   263




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет