Жобалау пайда болған алғашқы кезеңдерде жобаны ғылыми-негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын



бет80/263
Дата27.09.2023
өлшемі3,3 Mb.
#110820
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   263
Байланысты:
Доп мат

В.П. Бедерханова практикалық жобалаудың көптүрлілігін біліп, оның негізгі екі бағытын бөліп көрсетеді. Біріншісі өзіне интенсивті формада, жоболау мен жобаны жасауды қосады. Бұл түріне ұйымдастырушылық іс-әрекеттер, иновациялық, нәтижелі ойындар мен жобаланатын таңдаулер жатады. Екіншісіне қатысушыларымен бірге болатын білім беру үдерісінің жобалау іс -әрекеті жатады, мұнда жобалау процесі гуманитарлық бағытталған білім беру ұйымының құрылуының факторы ретінде қарастырылады.(В.П.Бедерханова. Становление личностно-ориентированной позиции педагога.-Краснодар, 2001,-с.168-1789).


1-кесте. Педагогикалық жобалардың түрлері.



Әлеуметтік-педагогикалық жобалар

Психология-педагогикалық жобалар

Білім берушілік жобалар.

Педагогикалық құралдармен әлеуметтік жағдайларды өзгерту.

Оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарын қайта жасау.

Білім беруге мемлекеттік- қоғамдық талаптарды қалыптастыру.

Педагогикалық құралдармен әлеуметтік мәселелерді шешу.

Оқыту мен тәрбиелеу амалдарын жасау және модификациялау.

Жобалау білім берудің сапасы.




Педагогикалық іс- әрекетті ұйымдастырудың формасын жасау.

Білім беру институттарын құрастыру.




Педагогикалық қарым-қатынас жүйесін қайта жасау.

Білім беру стандарттарын жасау.

Қазіргі білім беру саласында жобалаудың нәтижесі мен мақсатқа бағытталғаны және объектісіне байланысты негізгі үш түрі белсенді даму үстінде(1-кесте):



  1. Әлеуметтік ортаны өзгертуге немесе әлеуметтік мәселелерді педагогикалық құралдармен шешуге бағытталған әлеуметтік – педагогикалық жобалау,

  2. Мақсаты, білім беру үдерісінің шеңберінде тұлғааралық қарым – қаитынасты және адамды қайта жасау болатын, психология-педагогикалық жобалау.

  3. Институттар мен білім беру жүйесін инавациялық өзгерту мен білім берудің сапасын жобалауға бағытталған білім берушілік жобалар.

Алғашқы кездерде әлеуметтік–педагогикалық жобалар, педагогикалық өзара әрекет барысында, балалар мен үлкендердің күнделікті өмірде кездесетін, қоғам үшін маңызды мәселелерді шешуге тырысуымен көрініс тапқан. Қазіргі таңдағы оның негізгі функциясы адамның әлеуметтенуіне, қалыптасуына, дамуына әсер ететін, сыртқы факторлар мен жағдайларды айқындау және өзгерту негізіндегі қоршаған ортаны түзету болып табылыды. Жиі әлеуметтік педагогикалық жобалар, педагогикалық процестердің потенциялдық мүмкіндігін өзгертуге, мүмкіндік беретін жетекші білім беру жүйесін ұйымдастыруға негіз болады.


Білім берушілік жобалар шеңберінде,тоұтас мемлекет және бөлен аймақтардағы білім беруді дамытудың жобалары жасалады. Білім беруді басқару оргондарының реформалары және оларды қадағалайтын ұйымдармен, білім беру ұйымдарының құрылу жобалары жасалады.Барлық деңгейде білім берудің мазмұны мен білім беру стандарты қалыптасады
Психологиялық-педагогикалық жобалар,тұлға және тұлғааралық қатынасты қайтажасаумен байланысты, мотивация, ақпаратты қабылдау,білімді меңгеру, іс-әрекетте қатысу, қарым-қатынастан шығатын процестердің үлгісін құруды қарастырады. Психологиялық-педагогикалық жобалау, негізінде тиімді оқыту мен тәрбиелеудің шарты, педагогикалық технологиялар; оқушылар мен оқытушылардың өзара әрекеттесулерінің формасы, тұлғаның өзін жобалау амалы ретінде педагогикалық процесті қарастырды.
Көзқарастарды қарастыру, білім беру саласында жобалау кантекстіні құру мен талдаудың негізгі үш нұсқасын анықтайды: әлеуметтік-мәдени, психология-педагогикалық және білімберу саласындағы жобалар.
Әр түрлі оқу құралдарында «педагогикалық жобалар» субъектісі педагог бола алатын, жобалау іс-әрекетінің барлық түрін біріктіруші, құрастырушы ретінде қарастырылады.Олар педагогикалық мақсатта немесе оның нәтижесі педагогикалық болып жүзеге асады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   263




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет