Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбие үдерісін жүзеге асыру мектепке дейінгі мекемелердің алдына қойлып отырған басты міндеттердің бірі. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі балаларда бұл міндеттерді шешуде, өмір дағдыларын қалыптастыруда сюжеттік-рөлдік ойынның маңызы зор.
Мақсаты
Сюжеттік-рөлдік ойын арқылы баланың бойында тапқырлық, белсенділік, шығармашылық, ойлау қабілеттерін қалыптастыру
Міндеті:
Баланың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту-жетілдіру.
Ойын технологиясының элементерін пайдалана отыра сөздік қорын дамыту
Ұйымдастырылған оқу іс-қызметінде тиімді қолданылған ойын түрлері — тәрбиешінің түсіндіріп отырған материалын балалардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы балалар жас ерекшеліктеріне байланысты сюжеттік-рөлдік ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады.
Бағдарламалық мазмұны: Балалардың дәрігер мамандығы жайлы білімдерін кеңейту:. Медициналық терминдермен балалардың сөздік қорын кеңейту. Топтарда ойынды үйымдастыруға үйрету барысында достық қарым-қатынасты нығайту. Рөлдерге өз қалауларымен бөлуді үйрету. Ұжымдық ойында басқарушылық іскерліктерін қалыптастыра отырып, бірлестікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже
Балалардың өзіндік өмірлік тәжірибесін, олардың ой-өрісін, әлеуметтік өмірге қызығушылығын, өмір жайлы түрлі білімдерді кеңейту негізінде сюжеттік-рөлдік ойындардың мазмұны, сюжеттің ауқымы және рөлдермен байыта отырып, жағдай жасалады. Ойын - бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, атын – түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады
Қорыта келгенде- оқу үрдісінде сюжеттік-рөлдік ойындарды қолданудың маңызы өте зор. Сюжеттік-рөлдік ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарау керек.
Қорыта келгенде- оқу үрдісінде сюжеттік-рөлдік ойындарды қолданудың маңызы өте зор. Сюжеттік-рөлдік ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарау керек.
Оны тиімді пайдалану ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, балалардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.