«Мәңгілік ел» және «Рухани жаңғыру» – жаңа Қазақстан философиясы Заманауи жаһандық талаптарды философиялық зерделеу. Қазіргі заманның жаһандық мәселелерінің сипаттамасы. Рим клубының құрылуы – жаһандық мәселелерге назар аудару және оларды шешу жолдарын іздеу талпынысы. Қазіргі заманғы жаһандық сананың ерекшелігі.
Қазіргі Қазақстандағы жаңғыру үдерісі: әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени қырлары. Қоғамдық сананы жаңартудың негізгі бағыттары. Рухани жаңғыру. XXI ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мәселесі.
Еуразияшылдық және Қазақстан дамуы. Еуразияшылдықтың әлеуметтік-мәдени, идеологиялық және геосаяси негіздері.
Жаһандық әлемдегі Қазақстанның өркениеттік идентификациясы. «Мәңгілік ел» идеясы. Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және «Рухани жаңғыру» жобасы – ХХІ ғасырдағы Қазақстан дамуы болашағын айқындайтын маңызды құжат. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық және патриоттық идеясының ұйыстырушы құндылығы. Қазақстандық бірегейлік және оның ерекшеліктері. Қазақстанның қоғамдық санасын жаңғыртудың негізгі бағыттары.
СЕМИНАР (ТӘЖІРИБЕЛІК) САБАҚТАРЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАР ҮЛГІСІ
Қазақстан Республикасының президенті Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында философияның пәні, қызметтері мен міндеттері.
Дүниетанымның тарихи типтерін (миф, дін, философия) салыстырмалы талдау. Қазақстанның үшінші жаңғыруындағы дүниеге прагматикалық және реалистік қатынастың рөлі.
Қазақтың философиялық дәстүрінің генезисі мен мазмұнын талдау. Қазақ халқының философиялық дүниетанымының негізгі категориялары.
Болмыстың субстанциялық концепцияларын бағалау және онтологияның базалық категорияларын талдау.
Сана және бейсана: философиялық концепцияларды салыстырмалы талдау .
Тіл мен ойлаудың арақатынасын бағалау. Латын графикасына көшу және қазақ тілінің дамуы.
Эмпиризм мен рационализмнің қазіргі заманғы түсініктемесі.