Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы


Одағай. Одағайдың түрлері. 2.3. Синтаксис



бет41/98
Дата08.10.2023
өлшемі318,23 Kb.
#113427
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   98
Байланысты:
@8; 65=85 ;= 5 07 (1)

Одағай. Одағайдың түрлері.
2.3. Синтаксис
Сөздердің семантикалық тіркесімділігі. Сөз тіркестерінің валенттілігі, сөйлем құрау жүйесіндегі сөз тіркесінің тіркесімділігінің рөлі мен маңызы.
Жай сөйлем мен олардың түрлері, негізгі семантикалық және функционалдық ерекшеліктері.
Құрмалас сөйлемдер.
Салалас құрмалас сөйлемдер, түрлері, мағыналық қарым-қатынаста жұмсалуы.
Сабақтас құрмалас сөйлемдер, түрлері, мағыналық қарым-қатынаста жұмсалуы.
2.4. Лексика
Əлеуметтік - тұрмыстық , əлеуметтік -мəдени жəне мəдени, əлеуметтік, кəсіби салаларда қолданылатын сөздер.
Көп мағыналы сөздер.
Фразеологизмдердің қолданылуы.
Ортадан жоғары деңгейдің лексикалық минимумы 3000 - 4000 тілдік бірлік шамасын құрайды. Оның ішінде – заттың атын білдіретін сөздер (30%), қимылды білдіретін сөздер (30%) және зат пен қимылдың сынын білдіретін сөздер - үстеулер, сын есімдер (30%), қалған бөлігі – есім сөздер орнына жұмсалатын есімдіктер, көмекші сөздер.


Ортадан жоғары деңгей бойынша күтілетін нәтижелер:

  1. Оқу, тұрмыстық, саяси-әлеуметтік тақырыптарға әңгімелесуге дағдылануы тиіс;

  2. Өзінің кәсібі туралы әңгіме құра білу, сипаттау;

3. Диалогтың түрлері: пікір алысу, сұрақ-жауап, әңгімелесу арқылы күнделікті қарым-қатынаста бір-бірінің ойын түсінуі тиіс;
4. Оқығаны туралы өзінің бағасын бере отырып, пікірін, ойын дұрыс айта білу;
5. Өз ойын анықтаушы, сипаттаушы компоненттермен күрделендіріп бере білу.
6. Күрделі емес пікірсайысқа қатысып, өз ойын дәлелдей білу.
7. Теледидар, радио арқылы берілген ақпараттарды түсініп, түсінгенін әңгімелей алуы тиіс.


V С1 ДЕҢГЕЙІНДЕ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ


І. Коммуникативті-сөйлеу құзыреттілігіннің мазмұны



    1. Сөйлеу интенциялары

Жоғары деңгейде білім алушы сөйлеу актісіне қатысып, ақпарат алмасуға ұмтылады, бағалау-эмоциялық және коммуникативтік-ақпараттық, ақпараттық сипаттамалық ниеттеріне қатысты жағдаяттар мен тақырыптар көлемінде коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Осы мақсат үшін жоғары деңгейге арналған қоғамдық-әлеуметтік, қоғамдық-саяси, ресми-іскери және кәсіби, ғылыми-өндірістік, мәдени салалардағы жағдаяттарға қатысты лексикалық, грамматикалық тілдік бірліктерді толыққанды, әдеби нормаларды толық сақтай отырып, сауатты пайдаланады.
Ортадан жоғары деңгейдің стандартында көрсетілген сөйлеу актілері интенцияларын ескере отырып, жоғары деңгейде мына интенциялар қосымша беріледі.
Сұхбаттасушымен сөйлеу актісіне қатысып, ақпарат алмасуға бағытталған ниеттер (интенциялар):

  • коммуникацияға түсу (әлеуметтік-тұрмыстық, қоғамдық-әлеуметтік, қоғамдық-саяси, ресми-іскери және кәсіби, ғылыми-өндірістік, мәдени салаларға қатысты жағдаяттардың барлығында);

  • ақпарат алмасуға бағытталған ниет барысында сөйлеу әдебі формаларын кез келген жағдаятқа сәйкес қолданып, пікірін, эмоциясын білдіру және осы мақсатта қолданылатын сөздердің лингво-мәдени мазмұнын түсіну;

  • қатысым үдерісіне еркін түрде араласу және өз кәсібі мен мамандығына, лауазымы мен қызметіне байланысты лексикалық-грамматикалық бірліктерді (оның ішінде, әсіресе, өз мамандығына қатысты терминдерді, сондай-ақ, бейнелі сөз орамдарын) сұхбат барысында дұрыс қолдана білу.

Сұхбаттасушыға коммуникативтік ықпал жасауға бағытталған реттеуші ниеттер:
Әлеуметтік-тұрмыстық, қоғамдық-әлеуметтік, қоғамдық-саяси, ресми-іскери және кәсіби, ғылыми-өндірістік, мәдени салаларға қатысты жағдаяттарда коммуникативтік актіге қатысатын барлық тарапқа өз пікірін еркін жеткізе алу, өз ойын логикалық түрде дәлелдеу, әртүрлі репликалар арқылы реакция жасау, қорыту және т.б. үшін реттеуші-ықпал етуші формаларын қолдана білу.
Бағалау-эмоциялық ниеттер (іс-қимыл, оқиға, зат, адамдарға көзқарасты, қатынасты) ұстанымды бағалау, сыни тұрғыдан қарау, пікір білдіру):
Әлеуметтік-тұрмыстық, қоғамдық-әлеуметтік, қоғамдық-саяси, ресми-іскери және кәсіби, ғылыми-өндірістік, мәдени салаларға қатысты жағдаяттарда коммуникативтік қарым-қатынастар үшін қажетті бағалау, (іс-қимылдың, оқиғаның немесе заттың артықшылығын/кемшілігін көрсету, жағымды/жағымсыз әрекетке баға беру; оқылған, тыңдалған, көрген ақпаратқа қызығушылық таныту; болжам жасау, оны растау немесе жоққа шығару; есту, оқу, көру арқылы алынған мәліметке баға беру, сараптау, сыни пікір білдіру).
Коммуникативтік-ақпараттық және ақпараттық-сипаттамалық ниеттер:

  • қоғам өмірі, кәсіби, ресми, саяси, қоғамдық-әлеуметтік, ғылыми-өндірістік, мәдени салалар бойынша орындалатын/орындалған іс-әрекет туралы нақты ақпарат беру және ақпарат алу;

  • қажетті білік-дағдылар (өзі білетін ақпараттар мен мәліметтер бойынша пікір алмасу, сыни көзқарас білдіру, қорытынды жасау, баяндау, мазмұнын айту, түсіндіру, дәлелдеу, толықтыру, түзетулер енгізу, ұсыныс жасау; оқиға мен кейіпкерге сипаттама және мінездеме беру; іс-әрекеттің орны мен мезгілін, себебін, мақсатын нақтылау; қалау, қажеттілік, ықтималдық және эмоциялық күй-қалыпты жеткізу формалары).

Сөйлеу әдебі формулалары және олардың варианттары мен лингво-мәдени ерекшеліктері:

  • ресми/бейресми танысу кезінде;

  • амандасқанда, қоштасқанда;

  • алғыс айту, тілек білдіру, кешірім сұрау кезінде;

  • өтініш айтқанда;

  • кеңес беру, ұсыныс жасау кезінде;

  • келісу/келіспеу, қарсылық білдіру/бас тартуда;

  • ресми/бейресми шақыру және құттықтау кезінде;

  • сөзді/сұхбатты бастау/аяқтау кезінде;

  • таңдану/қуану, күдіктену, өкіну, сенім/сенімсіздік білдіру жағдайында;

  • өзіне назар аударту немесе айтылған тілекке реакция жасауда;

  • ресми-іскери коммуникативтік акт кезінде қолданылатын сөйлеу әдебі формулалары мен олардың лингвомәдени мазмұндағы нұсқалары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет