Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы


«Неке беріктігінің негізгі шарты неде?»; «



бет52/98
Дата08.10.2023
өлшемі318,23 Kb.
#113427
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   98
Байланысты:
@8; 65=85 ;= 5 07 (1)

«Неке беріктігінің негізгі шарты неде?»; «Дөңгелек үстелге қатысушылар «Салауатты отбасы – салауатты ұлт» бағдарламасын жасау мақсатында салауатты отбасының тіршілік ету шарттарын талқылайды».

Қарым-қатынастың жазбаша түрін жетілдіру үшін жеке электронды хат, хабарлама, шақыру, ашықхат, өмірбаян жаздыру ұсынылады.
2. «Заманауи тұрғын үй» тақырыбы: төмендегі тақырыпшаларда кеңінен ашыла түседі: «Тұрғын үй түрлері (қала, ауыл үйі, пәтер)», «Тұрғын үй салу», «Заманауи безендіру». Аталмыш тақырыпшалар типтік жағдаяттар, рөлдік ойындар секілді мәдениаралық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылады.
Қарым-қатынастың ауызша түрін жетілдіру үшін келесі типтік жағдаяттар ұсынылады:

  1. «Оқу кезеңінде тұрғын үй сатып алу/жалға алу мүмкіндігі туралы ақпарат алынады»,

  2. «Сіз шетелдік жоғары оқу орнына стажировкаға келдіңіз. Пәтерді жалға алу туралы хабарландыру беріңіз»,

  3. «Қалаландырудың адамға деген жағымсыз ықпалын қандай тәсілдермен азайтуға болады деген сұрақ талқыланады»,

  4. «Сіз қала сыртынан үй салып бітірдіңіз. Қала сыртындағы үйді жайластыру туралы дизайнерден кеңес сұраңыз».

Қарым-қатынастың жазбаша түрін жетілдіру үшін жеке электронды хат, хабарлама, хабарландыру, жоба-жоспар, «Менің арманымдағы үй» тақырыбына шығарма жазу ұсынылады.

II. Қарым-қатынастың әлеуметтік-мәдени саласы
төмендегі тақырыптарда берілген:
1. «Демалыс. Саяхат», төмендегі тақырыпшаларда кеңінен ашыла түседі: «Бос уақыт: оны өткізу тәсілдері», «Сіздерді қызықты саяхатқа шақырамыз!». Олар келесі мәдениаралық-коммуникациялық технологиялар: типтік жағдаяттар, рөлдік ойындар арқылы жүзеге асырылады.
Қарым-қатынастың ауызша түрін жетілдіру үшін келесі типтік жағдаяттар ұсынылады:

  1. «Сіз тілін оқып жатқан елге саяхат жасағыңыз келеді. Туристік агенттіктен саяхаттың шарттары туралы сұраңыз».

  2. «Қазақстанға келгісі келетіндерге жарнамалық буклеттер жасаңыз».

  3. «Сіз тілін оқып жатқан елге барғысы келетіндер үшін жарнамалық буклеттер жасаңыз».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет