Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы


Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізі ретінде



бет94/98
Дата08.10.2023
өлшемі318,23 Kb.
#113427
түріБағдарламасы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   98
Байланысты:
@8; 65=85 ;= 5 07 (1)

Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізі ретінде
Өмірлік бағдарлану және құндылықтарды қабылдауға дайындық. Жекелік арақашықтық. Тұлғаның субъективті кеңістігі. Психологиялық кеңістік және жалғыздық. Тұлғаның өзін жүзеге асыруы. Объективті және субъективті уақыт. Е.И. Головахи мен А.А. Крониктің оқиғаға негізделген бағыты. Тұлғаның хронологиялық, биологиялық, әлеуметтік және психологиялық жасы. Дамудың жасқа байланысты дағдарыстары. Уақытша перспектива, өмірлік талпыныс және жасқа байланысты күтулер.

Өмірдің мағынасы және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы
Өмірдің мағынасы, өмірлік мақсаттар және бағдарламалар. Қазақстанның дамуының қазіргі кезеңіндегі кәсіби тұлғаның құндылықтары мен бағыттары: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, сананың ашықтығы, ұлттық сәйкестік. Кәсіби өзін-өзі анықтаудағы жеке құндылықтар мен мағыналар. Кәсiби өсудегі кедергiлер, оларды болдырмау және жеңу жолдары. Кәсіби сәйкестілік дағдарысы және эмоциялық жану синдромы.

Мансаптық өсу психологиясы
Психологиядағы мансап және жетістік түсінігі. Мансаптық өсудің әлеуметтік-психологиялық теориялары. «Кәсіби бейімделу» және «кәсіби даму» ұғымдары. Кәсіби бейімделу шарттары. Кәсіби дамуға өзін-өзі бағалау, өзіндік қатынас, бақылау локусының әсері. Мансапты ынталандыру. Мансаптық өсудегі жеке ресурс түсінігі. Кәсіби тұлғаны қалыптастырудағы білім беру мен өзін-өзі тәрбиелеудің рөлі.

ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫ ҮЙЛЕСІМДІ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

Қарым-қатынас психологиясы
Қарым-қатынас. Қарым-қатынастың түрлері, формалары, қызметтері. Тұлғааралық қарым-қатынас ғылыми білімнің пәні ретінде. Тұлғааралық қарым-қатынастың сипаттамалары. «Тұлғааралық коммуникация», «өзара әрекеттесу», «тұлғааралық қабылдау» түсініктері. Тұлғааралық қарым-қатынас теориялары.
Қарым-қатынастың перцептивті жағы
Тұлғааралық қабылдаудың әсері. Іскерлік қарым-қатынастың перцептивті механизмдері: эмпатия, сәйкестендіру, лайықтау, аттракция, толеранттылық, рефлексия, кері байланыс. Тұлғааралық өзара әрекеттесу кеңістігі. Қарым-қатынас кезіндегі қабылдау және түсіну. Қарым-қатынас кезіндегі тұлғааралық қабылдау түсінігі. Іскерлік қарым-қатынастағы қабылдау әсерлерінің рөлі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет