Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы



бет2/98
Дата08.10.2023
өлшемі318,23 Kb.
#113427
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
Байланысты:
@8; 65=85 ;= 5 07 (1)

Пәннің мақсаты – әлемдік тарихи үдерістің мәнмәтініндегі қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның тарихына деген ғылыми көзқарастар жүйесін қалыптастыру.
Күтілетін оқу нәтижелері:
- Қазақстанның қазіргі заман тарихын зерттеудің тұжырымдамалық негіздерін жүйелеу;
- тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастық ұғымдарын, Қазақстанның рухани мұрасының терең тамырларын салыстыру;
- ұлттық басымдықтарға сәйкес тарихи сана мен дүниетанымдық қағидалардың қалыптасуының маңыздылығын анықтау;
- Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының ерекшеліктерін бейнелейтін тарихи деректерді жүйелеу;
- тарихи ерекшеліктерді зерттеуге назар аударып, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын анықтау;
- Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы оқиғаларының себептері мен салдарын тарихи сипаттау мен талдау әдістерін меңгеру;
- тарихи өткен мен дәлелді мағлұматтардың талдауы негізінде қазіргі мәселелерді шешудің жолын болжау;
- қазіргі қазақстандық даму моделінің ерекшеліктерін және маңыздылығын дәлелдеу;
- тарихи тұлғалардың өмірлік белсенділігі мысалында, заманауи қоғамның демократиялық құндылықтары рухында, отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңыздылығын түсіндіру.
Пререквизиттер: жоғары оқу орнымен белгіленеді
Постреквизиттер: жоғары оқу орнымен белгіленеді


ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



1

Отандық тарихты зерттеудің тұжырымдамалық негіздері.

2

Қазақстандағы тәуелсіздіктің құрылуының алғышарттары: ұлт-азаттық көтерілістер мен ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеялары.

3

Саяси күштердің поляризациясы (қайшылықтар) үрдісі.

4

Азаматтық-саяси қайшылықтар.

5

Кеңестік ұлттық-мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы.

6

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары.

7

Қазақстандағы «қайта құрудың» саясаты.

8

Қазақстан Республикасның мемлекеттік құрылымының қалыптасуы.

9

Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі.

10

Әлеуметтік жаңғыру – қоғам амандығының негізі.

11

Этнодемографиялық үрдістер мен ұлтаралық келісімнің күшеюі.

12

Дамудың қоғамдық-саяси келешегі және рухани жаңғыру.

13

Ұлы Дала халқының жаңа тарихи санасының және дүниетанымының қалыптастыру саясаты.

14

Қазақстан – замануи әлем мойындаған ел.

15

Н.Ә.Назарбаев – тарихтағы тұлға.

16

Ортақ болашағы бар ұлттың қалыптасуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет