Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы



бет33/98
Дата08.10.2023
өлшемі318,23 Kb.
#113427
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   98
Байланысты:
@8; 65=85 ;= 5 07 (1)

1.2. Коммуникативтік жағдаяттар
Күнделікті-тұрмыстық және әлеуметтік-тұрмыстық жағдаяттар
- отбасы (өзі және отбасы туралы біршама толық мәлімет);
- оқу орны, қоршаған орта жайлы мәләмет;
- қоғамдық орындар (дүкен, касса, әуежай, вокзал, пошта, асхана, дәмхана, мейрамхана, көлік, көше, театр, кинотеатр, мұражай, емхана, дәріхана, банк, кітапхана, көрме, сауда орталықтары, халыққа қызмет көрсету орталығы);
- өмірбаян (өзі, білімі, мамандығы мен кәсібі, қызметі, оқу орны, қызығушылығы, отбасы жағдайы, болашаққа жоспары туралы біршама толық мәлімет);


1.3. Қатысым тақырыптары



  1. Сәлем – сөздің анасы.

  2. Отбасы – шағын мемлекет. Отбасы және ұлттық дәстүрлер.

  3. Мінез және келбет. Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті.

  4. Адамның қасиеттері (мінез-құлық, дағдылары).

  5. Уақыт және адам. Студенттің бос уақыты.

  6. Біздің өміріміздегі әдебиет пен өнер. Сүйікті жазушыларым және кітаптарым (отандық және шетелдік).

  7. Қоршаған орта. Бізді қоршаған орта(техникалық даму және оның салдары). Қоршаған ортаға деген қарым-қатынас.

  8. Климат және жыл мезгілдері. Көрнекті жерлер.

  9. Дені саудың – жаны сау.

1.4. Сөйлеу дағдыларына қойылатын талаптар





Тыңдалым

Оқылым

Жазылым

Айтылым

  • тыңдалған мәтіннің жалпы мазмұнын түсіну;

  • өтілген тақырыптар аясында айтылған жеке фразалар мен ойды түсіну;

  • хабарлау, сипаттау, баяндау мәтіндері;

  • жай сөйлемдермен баяндалған, базалық дейгейге сәйкес мәтіндерді тыңдап, ондағы негізі және қосымша ақпараттарды түсіну;

  • мәтін көлемі 80-100 сөз.




  • күнделікті өмір жайлы жеңіл мәтіндердің идеясын түсіну;

  • қазақ тіліне тән әріптерді дәл дыбыстау;

  • сөздерді анық айтып, интонацияны дұрыс келтіру;

  • кәсіпке бағытталған бейінді шағын мәтіндерді түсіну.

  • мәтін көлемі 100-150 сөз;

  • оқу түрі – таныса оқу, зерттей оқу




  • адам, жер, болған оқиға жөнінде жазбаша баяндау;

  • құттықтау хат, қысқаша бейресми хат жазу;

  • электронды хат, СМС хабарлама жазу;

  • базалық деңгейге сәйкес келетін лексика-грамматикалық материал негізінде шағын мәтіндер құрастыру;

  • ұсынылған тақырыпқа сай шағын эссе жазу.




  • екпін, дыбыс, интонацияны дәл ажыратып, анық сөйлеу;

  • өтілген тақырыптар бойынша сұхбатқа қатысу;

  • күнделікті өмір тақырыбына шағын пікір айту;

  • жеке өзі және өзгелер туралы ақпарат бере алу;

  • оқылған мәтіннің негізгі идеясын жеткізу;

  • шағын әңгіме айту не шағын кітап, фильм сюжетін баяндау;

  • өтілген тақырыптар бойынша айтылған ойды түсіну;

  • мәтіннің негізгі идеясын түсіну.

  • айтылым көлемі 8-10 сәйлем.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет