Бағалау деңгейлері: үйлесімді, жоғары, орташа, төмен.
Бағалау деңгейлері өлшемдерінің мазмұны: Басқа тілдегі мәтінді ұйымдастырудың ережелерін сақтау. Жазбаша мәтіннің мазмұны мен көлемі (берілетін ақпараттың дәлдігі, нормативтік талаптарға сәйкестігі). Лексикалық қанықтығы,грамматикалық безендірілуі (этикет сөздердің дұрыстығы,орфография мен емле ережелерін сақтау).
Үйлесімді деңгей: серіктесінің осы деңгейдегі коммуникативтік ниетін ым, ишара арқылы түсіну;
осы деңгейдегі өз коммуникативтік ниетін сөздік қоры жетпей қалған жағдайда көрнекіліктерді пайдалана отырып білдіру;
осы деңгейдегі сөйлеу/коммуникация формаларының авербалды және визуалды түрлерін таңдап алу;
коммуникативтік ниетін фото немесе суретте бейнеленген нақты деректерді пайдалана отырып баяндау;
Жоғары деңгей: серіктесінің коммуникативтік ниетін дәлелдерді пайдалана отырып жалпы түсіну;
өз коммуникативтік ниетін оқып жатқан тілдің әлеуметтік-мәдени нормаларына сәйкес дұрыс білдіре алуы;
сөйлеудің логикалық құрылымының жеткіліксіз түрінің сөйлеу/коммуникация формаларын таңдау;
кейбір деректер мен сілтемелерді пайдалануда коммуникативтік ниетін білдірудің толық еместігі;
Орташа деңгей: серіктесінің коммуникативтік ниетін тек жорамалдай түсінуі;
өз коммуникативтік ниетін шектеулі лексикалық бірліктерді пайдалана отырып жеткілікті түрде барабар білдіруі;
сөйлеу/коммуникация түрлері мен формаларын таңдау коммуникативтік ойға үнемі сәйкес келе бермейді;
кейбір деректерді пайдалануда интерференция салдарынан коммуникативтік ниетін білдірудің толық еместігі;
талап етілген деңгейде талқыға түсуге қабілетсіздігі. Сөйлеу мінез-құлқы коммуникативтік және когнитивтік тұрғыдан жеткіліксіз.
4.2. Жеткілікті деңгей- (біліктіліктің жалпыеуропалық шкаласы бойынша А2 деңгейіне сәйкес) 4.2.1. Жеткілікті деңгейде қалыптасатын біліктіліктер когнитивтік, әлеуметтік мәдени және коммуникативтік біліктіліктер болып табылады.
4.2.2. Жеткілікті деңгейде жиі қолданылатын сөйлеу формалары мен қатысым түрлері :
- әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-кәсіби салаларында ақпарат алмасу жөніндегі диалог;
- іс-әрекетте түрткі болатын диалог.
Ауызша және жазбаша коммуникация түрлері: ой - пікір элементтері бар сипаттама, хабарлама.
Жазбаша сөйлеу туындылары түрлері: толық хат, жеке хат, құттықтау хаты, сауалнама, формуляр, кеден декларациясы, ой-пікір элементтері бар баяндама жоспары.
4.2.3. Жеткілікті деңгей дескрипторлары : - Коммуникацияның ауызша және жазбаша формалары саласында: - бағдарламада көзделген қарым-қатынастың ең кең таралған стандарттық жағдаяттарындағы нақты коммуникативтік міндеттерді шешуге сүйене отырып, тілдік материалды өзгерту, құбылту және байланыстыру қабілеті мен даярлығы;
- Диалог барысында: - оқытушымен, курстастарымен және басқа да адамдармен қарым-қатынаста күнделікті қарапайым жағдаяттарда ешқандай ерекше күш-жігер жұмсамай –ақ әңгімелесуді жүзеге асыра алады;
- әлеуметтік - тұрмыстық, әлеуметтік - мәдени және оқу - кәсіби салаларында ақпарат алмасу үшін қарапайым фразалар мен сөйлемдерді диалогта қолданады;
- айтылған ұсынысқа жауап беру және өз бастамашылық көрсету және әңгімелесушінің әрекет етуіне ұйытқы болу, серіктеспен келіспеу немесе келісу.
- Монолог барысында: - бірқатар фразалар мен сөйлесімдерді қолдана отырып, өз достарын, тұрғылықты орын жағдайларын, тамаққа қатысты қалауларын, өзінің бос уақытын, қаладағы бағыт-бағдарларды, отбасылық және ұттық мейрамдарды және т.б. толығырақ сипаттау;
- сюжеттік суретті өз бетінше сипаттау;
- оқыған мәтіннің мазмұнын өз ұстанымын білдіре отырып элементарлы деңгейде қысқаша баяндау;
- өткен тақырыпқа қатысты 10-15 фраза көлемі бойынша шағын хабарлама жасау.
Жазбаша коммуникация барысында: қарапайым қысқа хат, қысқа жеке хат жазу, рәсімдеудің нормативтік талаптарын сақтай отырып формулярды толтыру, өзінің күн тәртібін құрастыру және жазу, өзінің қалауларын, өмірбаянын, ағымдағы оқиғаларды және т.б. қарапайым түрде сипаттау;
оқыған мәтінге жоспар және мәтін, тақырып бойынша өзінің сөйлейтін сөзінің қысқаша тезисін құрыстыру және жазу және т.б.
Тыңдап түсіну барысында: таныс тақырыпта сөз болған жағдайда, тікелей қарым-қатынаста өзге адамның айтқан сөзінің жалпы мазмұнын түсіну;
фондық әлеуметтік мәдени білімдерге, оқыған лексикалық және грамматикалық материалға, сонымен қатар мағыналық контекстік болжамға сүйену;
өзінің жеке қарым-қатынас салаларына тікелей байланысты, мысалы жеке тұлғалық және отбасылық деректерге, дүкенде сауда жасау, атқаратын іс және т.б. қатысты жиі қолданылатын лексика мен фразаларды түсіну;
қысқа, анық және қарапайым хабарламалар мен хабарландырулардағы негізгі ақпаратты түсіну.
Оқу барысында: өткен тақырыптар шеңберінде әрекеттік күрделіліктің жоғары емес деңгейінің міндеттерін орындау бойынша нұсқауларды қамтитын мәтіндерді оқу;
қос тілді сөздіктермен және басқа да анықтамалармен жұмыс істеу, оларда жұмыста дұрыс бағыт-бағдар таба білу;
өзінің оқу тәжірибесіне, соның ішінде ана тілінде оқу тәжірибесіне сүйену;
тілдік және мағыналық болжамды дамыту;
өз бетінше оқу дағдыларын дамыту.
4.2.4. Жеткілікті деңгейдебіліктіліктердің қалыптасуын бағалау өлшемдері: