Үйлесімді деңгей:
Осы деңгейдегі мәтін авторларының, серіктесінің коммуникативтік ниетін түсіну;
осы деңгейдегі өз коммуникативтік ниетін түсінікті түрде білдіре алуы;
осы деңгейдегі сөйлеу/коммуникация формаларын сөйлеудің логикалық құрылымына барабар таңдай алуы;
коммуникативтік ниетін нақты деректер мен сілтемелерді пайдалана отырып жеткілікті түрде толық баяндауы;
Жоғары деңгей:
серіктесінің коммуникативтік ниетін дәлелдерді пайдалана отырып жалпы түсінуі;
өз коммуникативтік ниетін оқып жатқан тілдің әлеуметтік-мәдени нормаларына сәйкес дұрыс білдіре алуы;
сөйлеудің логикалық құрылымының жеткіліксіз түрінің сөйлеу/коммуникация формаларын таңдау;
кейбір деректер мен сілтемелерді пайдалануда коммуникативтік ниетін білдірудің толық еместігі;
Орташа деңгей:
серіктесінің коммуникативтік ниетін тек жорамалдай түсінуі;
өз коммуникативтік ниетін шектеулі лексикалық бірліктерді пайдалана отырып жеткілікті түрде барабар білдіруі;
сөйлеу/коммуникация түрлері мен формаларын таңдау коммуникативтік ойға үнемі сәйкес келе бермейді;
кейбір деректерді пайдалануда интерференция салдарынан коммуникативтік ниетін білдірудің толық еместігі;
талап етілген деңгейде талқыға түсуге қабілетсіздігі. Сөйлеу мінез-құлқы коммуникативтік және когнитивтік тұрғыдан жеткіліксіз.
4.3. Базалық жеткілікті деңгей - (біліктіліктің жалпыеуропалық шкаласы бойынша В1 деңгейіне сәйкес)
4.3.1. Базалық жеткілікті деңгейде қалыптасатын біліктіліктер құрамы лингво-когнитивтік, әлеуметтік мәдени, когнитивтік және коммуникативтік біліктіліктер болып табылады.
4.3.2. Базалық жеткілікті деңгейде жиі қолданылатын сөйлеу формалары мен коммуникация түрлері : диалог-сұрастыру, ой бөлісу диалогы; диалог - әңгіме;
Ауызша және жазбаша коммуникация түрлері: сипаттама, хабарлама, ой-пікір, ой - пікір элементтері бар хабарлама, түсіндіру, анықтау, бағалау.
Жазбаша сөйлеу туындылары түрлері: жеке тұлғалық сипаттағы электронды хат, мәтін, хабарлама, мазмұндама, өмірбаян, түйіндеме.
4.3.3. Базалық жеткілікті деңгей дескрипторлары :
- тіл жүйесін және оны мәдениаралық-коммуникативтік әрекетте қолдану тәсілдерін білу;
- сөйлеу және коммуникация жүйесін меңгеру төмендегі коммуникативтік актілерді жүзеге асыруға дайындық пен қабілеттілік ретінде:
- оқып үйренген қызметтер мен тақырыптар шеңберінде баяндау, сендіру, дәлелді түрде ақпаратты жеткізу, өнер және мәдениет (театрлар, фильмдер, кітаптар, әуендер және т.б.) мәселелері бойынша өз көзқарасын білдіру;
- өзінің қабылдау тәжірибесі, бағалау жүйесі елегінен өткізу және талқылау арқылы оқу тақырыбы бойынша өз көзқарасын білдіру (әлеуметтік тұрмыстық, әлеуметтік мәдени салалар);
- әңгімені немесе пікірталасқа белсенді қатысу (нақты жағдаятта таныс тақырып төңірегінде өрбіген әңгімеге еш дайындықсыз қатысу, әңгіме барысын түсініп тыңдау және өзіне қаратылып, анық айтылған сөзді түсіну, қажет болған жағдайда, қайтадан сұрау, өзінің жеке эмоцияларын білдіру және оларға жауап беру (ашу, қайғы, қызығушылық, қызықпаушылық және т.б.).
- Коммуникацияның ауызша және жазбаша формалары саласында:
- әңгімелесушіге мәлімет беру, ақпарат беру, қызығушылық білдіру, ақпарат сұрау, сұрастыру, кеңес беру, ұсыныс жасау, сендіру, сақтандыру, бағалау сөздерінің көмегімен сипаттау, мейірім білдіру және жақтырмау, қызығу және қызықпау, үміттену, жанын түсінушілікті білдіру қабілеті мен даярлығы.
- Диалог барысында: серіктестік назарын өзіне аударып, ұстай білу, қызығушылық білдіру, сөздік қоры жетпей қалғант кезде мағыналас сөздермен ауыстыру, ым-ишаралар,дене қимылдары арқылы шеше білу, қате айтқан кезде өзін өзі түзету, анық және баяу айта білу, қажет болған жағдайда, айтылғанды қайталау, жалғаулықтардың көмегімен сөздердің қарапайым топтарын тіркестіру арқылы фразалар құрастыру іскерлігі;
- Монолог барысында:
- өзінің жеке тәжірибесіне сүйене отырып, қарым-қатынастың әлеуметтік - тұрмыстық, әлеуметтік - мәдени және оқу-кәсіби салаларының базалық тақырыптары шеңберінде жағдаяттарды немесе оқиғаларды бірізді тұжырымдар түрінде сипаттау;
- кітаптың немесе фильмнің сюжетін баяндау және өз көзқарасын дәлелдей отырып, ол туралы өз пікірін білдіру;
- берілген тақырып бойынша алдын ала даярланған, күрделі емес баяндама жасау.
Жазбаша коммуникация барысында:
қарапайым байланысқан мәтін жазу;
немесе шынайы оқиғаларды сипаттау;
қызықтыратын тақырыптарға қысқа оңай эссе жазу;
күнделікті деректі ақпараттар мен қажетті әрекеттерді түсіндіре отырып, формасы мен мазмұны онша күрделі емес қысқа баяндамалар жазу;
Тыңдап түсіну барысында мыналарды түсіне алады:
кәсіби өмір тақырыптарына қатысты қарапайым ақпараттық хабарламаларды ;
анық нормативті айтылу жағдайында оқып үйренген тақырып бойынша әңгімені ;
әңгімелесушінің айтып отырған сөзін;
анық нормативті айтылу жағдайында жазылған радио және телебағдарлама ақпараттарын;
радиодан берілген жаңалықтар жиынтығының негізгі тұстарын және таныс тақырыптағы таспада жазылған, баяу айтылатын қарапайым мәтіндерді түсіну;
қызықтыратын тақырыптағы теледидар бағдарламаларының (сұхбат, қысқаша дәрістер, репортаждар) көп бөлігін түсіну;
Оқу барысында:
мәтіндерді электронды және қағаз жазбалардан қарау және қажетті ақпаратты табу;
күнделікті материалдардан (хат, брошюралар, қысқа ресми құжаттар) қажетті ақпаратты табу және түсіну;
егжей-тегжейлі нақтылаусыз мәтін тақырыбы бойынша ой-пікір білдіру;
таныс тақырыптағы қарапайым газет мақаласының негізгі қағидаларын анықтау;
қызықтыратын тақырыптағы деректі ақпараты бар қарапайым мәтіндерді оқып түсіну;
күрделі емес тілмен баяндалған техникалық ережелерді түсіну (қауіпсіздік ережелері);
буклеттерден, каталогтардан, аңдатпалардан, мәзірлерден, кестелерден қажетті ақпаратты іздеп табу және оларды қолдана білу немесе мәлімет алу.
4.3.4. Базалық жеткілікті деңгейде біліктіліктердің қалыптасуын бағалау өлшемдері:
1. Коммуникативтік ойды жүзеге асыру;
2. Логика-құрылымдық тұтастық;
3. Сөйлеудің пәндік мазмұнын игеру;
4. Тіл иелерінің лингвомәдени нормаларына сәйкестік;
5. Сөйлеудің лингвистикалық дұрыстығы; метатілді білу.
Достарыңызбен бөлісу: |