Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы



бет91/98
Дата08.10.2023
өлшемі318,23 Kb.
#113427
түріБағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   98
Байланысты:
@8; 65=85 ;= 5 07 (1)

ПСИХОЛОГИЯ

АЛҒЫ СӨЗ

Пәннің бағытталуы. «Психология» пәні адамның жалпы психологиялық мәдениетінің қалыптасуына, өзінің өткенін, қазіргісін және болашағын психологиялық тұрғыдан саналауға, сонымен бірге, тұлғааралық қарым-қатынастағы әлеуметтік-психологиялық заңдылықтар туралы білімдерді меңгеруге ықпал етеді.
Пәннің мақсаты – студенттерде кәсіби іс-әрекетте қажет болатын тұлғааралық қарым-қатынастың психологиялық теориялары мен практикасы аймағындағы әлеуметтік-тұлғалық және құралдық құзыреттіліктерді қалыптастыру.
Күтілетін оқу нәтижелері. Курсты оқығаннан кейін студент мыналарды жасай білуі қажет:
- адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологиялық білімнің рөлі мен орнын түсіну;
- ұлттық сананы қалыптастыру және модернизациялау контекстінде тұлға және тұлғааралық қарым-қатынас түсініктерін сипаттау;
- тұлғаның құндылықты-мағыналық құрылымын талдау және сананы модернизациялау аясында өзін-өзі анықтау және тұлғалық өсу мақсатында негізгі приоритеттерін бөліп көрсету;
- мансапты жоспарлау және кәсіби жолды құру үшін психологиялық білімдерді қолдану;
- жеке психологиялық қасиеттерін, ресурстары мен мүмкіндіктерін бағалау;
- үйлесімді тұлғаның даму факторы ретінде тұлғааралық қарым-қатынастың орны мен мәнін негіздеу;
- жеке және кәсіби тиімділігін арттыру үшін өзін-өзі презентациялау дағдыларын, стресс-менеджмент пен тайм-менеджмент дағдыларын қолдану, тиімді тұлғааралық қарым-қатынастағы өзінің стратегияларын жасау;
- жеке және кәсіби өзара әрекеттестікте болатын конфликтілік жағдайларды шешуде әр түрлі стратегияларды қолдана алу.

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ




Ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға психологиясы

1

Тұлға психологиясы және адам туралы ғылымдар жүйесіндегі оның орны

2

Тұлғаның мотивациялық-қажеттілік аймағы

3

Эмоциялар және эмоциялық интеллект

4

Еріктік процестер және өзін-өзі реттеу психологиясы

5

Темперамент және мінез

6

Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізі ретінде

7

Өмірдің мағынасы және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы

8

Мансаптық өсу психологиясы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет