1.«Дене шынықтыру» қазіргі заңнаманың нормаларын іске асыратын (2014 жылдың 3 шілдесінен №228-V ҚРЗ өзгертулер мен қосымшалар) «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңы) және ЖОО-ның білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларына міндетті түрде енгізілетін пәндерге жатады. «Дене шынықтыру» жалпы білім беретін пәндер (ЖБП) циклының міндетті компоненті болып табылады.
2. «Дене шынықтыру» пәнінің типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы оқытушылар мен студенттердің өз іс-әрекеттеріне басшылық етуге арналған. Болашақ маманның дене шынықтыру тұлғасын қалыптастыру және пәнді меңгеру деңгейінің талаптары бойынша бұл бағдарлама дене шынықтыру үрдісінде оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынасын, бірлесуін анықтайды.