ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
Философияның пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі
Философияның пайда болуы. Философия – даналыққа құштарлық. Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері. Философиялық ойлау түрі – сын және күмәндану. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен ұлттық санасындағы өзгерістер шарты. Философиялық мәселелердің тұлғалық сипаты.
Философия және дүниетаным. Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері. Мифология, дін және философияның қатынасы. Қоғам дамуындағы мифтің рөлі: Қазақстанның жақын онжылдықтағы ұраны – мифтік шығармашылық емес, реализм мен прагматизм. Философия – білім мен рухани қызметтің ерекше түрі.
Философияның негізгі бөлімдері – онтология, гносеология, философиялық антропология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік және саяси философияның қысқаша сипаттамалары.
Философияның анықтамалары, түрлері мен бағыттарының санқырлылығы және философиялық пайымдау тәсілдерінің әртүрлілігі. Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлі. Қазіргі Қазақстанның үшінші жаңаруындағы философияның орны.
Достарыңызбен бөлісу: |