Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы


Қарапайым деңгей бойынша күтілетін нәтижелер



бет48/158
Дата07.01.2022
өлшемі318,23 Kb.
#17390
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   158
Байланысты:
@8; 65=85 ;= 5 07

Қарапайым деңгей бойынша күтілетін нәтижелер:

  1. Күнделікті өмірде жиі кездесетін жеке сөздерді, баяу әрі анық айтылған қарапайым сөйлемдерді түсіну;

  2. Қарапайым синтаксистік құрылымдарды құрастыра алу;

  3. Өзі меңгерген сөйлемдер мен айтылымдарды қолдану арқылы, жеңіл мазмұнды сұхбаттарға қатыса алу;

  4. Өзіне таныс күнделікті тақырыптарға байланысты сұрақтар қойып, сол сұрақтарға жауап бере алу.



II А2 ДЕҢГЕЙІНДЕ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
І. Коммуникативті-сөйлеу құзыреттілігіннің мазмұны

    1. Сөйлеу интенциялары

Базалық деңгейде білім алушы сөйлеу актісіне қатысып, ақпарат алмасуға ұмтылады, бағалау-эмоциялық және коммуникативтік-ақпараттық, ақпараттық сипаттамалық ниеттеріне қатысты жағдаяттар мен тақырыптар көлемінде коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Осы мақсат үшін базалық деңгейге арналған лексикалық, грамматикалық тілдік бірліктерді (қарапайым деңгейдің материалдарын қоса есептегенде) пайдаланады.

Сұхбаттасушымен сөйлеу актісіне қатысып, ақпарат алмасуға бағытталған ниеттер (интенциялар):



  • коммуникацияға қатысу (үйде, көшеде, оқу орнында, қоғамдық орындарда);

  • танысу түрлері (ресми және бейресми жағдайда өзін және басқа адамды таныстыру);

  • сәлемдесу және қоштасу түрлері (сұхбаттасушының жас ерекшелігі мен әлеуметтік орны және сөйлеу әдебіне сәйкеc);

  • алғыс білдіру формалары (ресми және бейресми жағдаяттарда);

  • кешірім сұрау түрлері;

  • құттықтау түрлері (мерекелер, туған күн, халықтық салт-дәстүрлерге қатысты мерекелер).

Сұхбаттасушыға коммуникативтік ықпал жасауға бағытталған реттеуші ниеттер:

  • әртүрлі жағдаяттардағы әрекеттерді жүзеге асыруға қозғау салу формалары (түрткі болу, өтініш беру, кеңес беру, ұсыныс айту, талап ету, бұйрық беру, рұқсат сұрау);

  • келісу/келіспеу формалары;

  • шақыру түрлері (бейресми, ресми).

Бағалау-эмоциялық ниеттер (іс-қимыл, оқиға, зат, адамдарға эмоциялық қатынастың және көзқарастың, бағалаудың берілуі):

  • пікір білдіру, оны дәлелдеу, қатысым жағдаяты мен сөйлеу әдебіне сәйкес бағалау;

  • іс-қимылдың, оқиғаның немесе заттың артықшылығын/кемшілігін көрсету, жағымды/жағымсыз әрекетке баға беру;

  • оқылған, тыңдалған, көрген ақпаратқа қызығушылық таныту;

  • болжам жасау, оны растау немесе жоққа шығару;

  • эмоциялық күй-қалыпты жеткізу (қуану, таңқалу, ренжу, ниет білдіру, қарсылық білдіру).

Коммуникативтік-ақпараттық және ақпараттық сипаттамалық ниеттер:

  • адам, зат, дерек, оқиға, іс-әрекет туралы нақты ақпарат беру және ақпаратты алу және бұл үшін қажетті білік-дағдылар (сұрақ-жауап алмасу, нақты зат, жағдаят, оқиға, кейіпкерді сипаттау; заттың бар/жоқ екендігін, санын, сапасын, кімге тиесілі екендігін анықтау; әрекеттің уақытын, орнын, себебін, мақсатын сұрау; қалауды, қажеттілікті жеткізу формалары);

  • есту, оқу, көру арқылы алынған мәліметтерді сипаттай алу;

  • түсінбеген мәліметті қайта сұрау арқылы нақтылау.

Білім алушының білуі тиіс сөйлеу әдебі:

  • ресми және бейресми танысу, амандасу, қоштасу кезінде қолданылатын сөйлеу әдебі;

  • өтініш айтқанда қолданылатын сөйлеу әдебі;

  • кеңес беру кезінде қолданылатын сөйлеу әдебі;

  • құттықтау кезінде қолданылатын сөйлеу әдебі;

  • келісу, келіспеудегі сөйлеу әдебі;

  • ұсыныс айту, пікір білдіру сөйлеу әдебі;

  • таңдану, күдіктену, сенімсіздік білдіру кезінде қолданылатын сөйлеу әдебі формулалары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет