әдеби нормаға сай айтылған пікірлердің негізгі желісін түсіну;
радио және телебағдармалардан берілетін шағын жаңалықтар мен оқиғалардың жалпы мазмұнын түсіну;
түрлі жағдайларда айтылған ресми және бейресми сөйленімді түсіну;
баяндамалар мен лекцияларда айтылған ойдың негізін түсіну;
мәтіндер мен хаттардың мазмұнында баяндалған жағдайларды, сонымен қатар сезім иіріміне қатысты ойларды түсіну;
мәтіндерді оқу барысында студенттерді қызықтыратын мәселелерге қатысты жауап беретін ой, кеңестердің мазмұнын түсіну.
мәтін көлемі 120-200 сөз.
|
күнделікті өмір жайлы жеңіл мәтіндердің идеясын түсіну;
қазақ тіліне тән дыбыстарды дәл дыбыстау;
сөздерді анық айтып, интонацияны дұрыс келтіру;
кәсіпке бағытталған бейінді шағын мәтіндерді түсіну;
мәтін көлемі 150-200 сөз;
оқу түрі – таныса оқу, зерттей оқу
|
адам, жер, болған оқиға жөнінде жазбаша баяндау;
құттықтау хат, ресми және бейресми хат жазу;
электронды хат, СМС хабарлама жазу;
сөйлемді қарапайым грамматикалық нормаға сәйкес құру.
ұсынылған тақырыпқа сай шағын эссе жазу.
|
көпшілікке түсінікті, нақты әрі сенімді сөйлеу;
оқуға қатысты әдеби тілмен жазылған хабарламалардың ішінде айтылған негізгі ойды түсіну;
қарым-қатынас барысында мамандыққа қатысты тақырыпта сөйлесу;
жаңалық, болған оқиға туралы талқылауға қатысу;
пікір айта отырып, өз ұстанымын дәлелдеу;
ауызекі және жазба тілде сөздерді дұрыс қолдана алу;
жобалық жұмыстың таныстырылымын айта алу;
айтылым көлемі 12-15 сөйлем.
|