Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы


Курстың деңгейлер бойынша пәндік мазмұны



бет78/158
Дата07.01.2022
өлшемі318,23 Kb.
#17390
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   158
3. Курстың деңгейлер бойынша пәндік мазмұны

Әр деңгейдің пәндік мазмұны жаңа танымдық-лингвомәдени кешенде (ТЛК) ұйымдастырылады, оның құрамына төмендегілер енеді:

- оқытудың осы деңгейінің мазмұнын бейнелейтін қарым-қатынас саласы;

- осы салада жүзеге асырылатын қарым-қатынастың сөйлеу тақырыптары мен тақырыпшалар жиынтығы;

- қарым-қатынастың типтік жағдаяттары.

Жеткілікті (А2) деңгейінде төмендегі ТЛК жүзеге асады:

I. Қарым-қатынастың әлеуметтік-мәдени саласы келесі тақырыптардан көрініс табады:

1. «Уақыт». Бұл келесі тақырыпшаларда кеңінен ашылады: «Жыл мезгілдері»; «Жұмыс күні»; «Күн тәртібі»; «Менің демалысым, бос уақытым, қызығатын ісім және спорт». Аталмыш тақырыпшалар типтік жағдаяттар, рөлдік ойындар секілді мәдениаралық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылады.

Қарым-қатынастың ауызша түрін жетілдіру үшін келесі типтік жағдаяттар ұсынылады:

1. Жыл мезгілдері туралы ой бөлісіңіздер. Жылдың қай мезгілі сізге көбірек ұнайды. Ол туралы серіктесіңізден сұраңыз. Қалған жыл мезгілдері Сізге неліктен ұнамайтындығын дәлелдеңіз.

2. Өзіңіздің күн тәртібіңізді серіктесіңіздің жұмыс режимімен салыстырыңыз. Өзіңіздің күн тәртібіңізде нені өзгертуді қалар едіңіз? Сіздің серіктесіңіз ше?

3. Бірге оқитын студенттен қызығатын істері және хоббиі туралы сұраңыз. Оған өзіңіздің қызығатын істеріңіз туралы айтып беріңіз. Сіздердің ортақ қызығушылықтарыңыз бар екендігі анықталады. Уақытты бірге өткізу туралы шешім қабылдаңыз.

4. Сізді қандай спорт түрлері қызықтыратындығы туралы әңгімелеңіз; сіз олармен өзіңіз айналысасыз ба? Сіздің серіктесіңіз басқа спорт түрлерін қалайды, бірақ ол олармен айналыспайды. Оған немқұрайлы жанкүйер болмауға кеңес беріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет