Редакциялау күні
31.10.2018
Сақтау күні
15.01.2019
Дата редакции
31.10.2018
Дата скачивания
15.01.2019
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в
электронном виде
5. Бағдарламаның міндеттері:
1) білім алушылардың компьютерлік жүйелер, операциялық жүйелер және
желілер құрылымының тұжырымдамалық негіздерін меңгеруі;
2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары жайлы, желілік және
веб қосымшаны құру тұжырымдамасы жайлы білімін қалыптастыру;
3) өзін-өзі дамыту және басқа мақсаттар үшін кәсіби қызметінің әртүрлі
аймағында, ғылыми және практикалық жұмыстарында заманауи ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану дағдысын қалыптастыру.
6. Бағдарламаны меңгеру нәтижесінде білім алушы
келесі оқу нәтижелеріне
ие болады:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологияның даму тенденциялары мен
мазмұнын, тағайындалуын түсіндіру, нақты мәселелерді шешу үшін айрықша
тиімді технологияны таңдауды негіздеуге;
2) ақпараттық және коммуникациялық процестерді жүзеге асыру тәсілдерін,
ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу әдістерін түсіндіруге;
3) негізгі компоненттер мен функцияларды, компьютерлік жүйелер мен
желілер
құрылымын сипаттауға;
4) ақпараттарды сақтау, тарату мен өңдеу, іздеуге арналған мобильдік және
бұлтты қызметтерді, ақпараттық Интернет ресурстарды қолдануға;
5)
ақпаратты сақтау, өңдеу, жинау және жіберуге арналған компьютерлік
желі мен жүйелердің аппараттық және бағдарламалық жабдықталуын қолдануға;
6) ақпараттарды қорғау құрылғылары мен әдістерін таңдауды негіздеу және
талдауға;
7) сандық технология көмегімен әртүрлі қызметкерлік саласына арналған
деректерді басқару және талдау құрылғыларын жасауға;
8) заманауи ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды қолдану
арқылы мамандық бойынша жобалық қызметтерді қалыптастыруға.
Достарыңызбен бөлісу: