Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары


-тарау. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері



Pdf көрінісі
бет36/48
Дата11.10.2024
өлшемі1,24 Mb.
#147640
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48
Байланысты:
603 приказ

2-тарау. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты – «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың 
жаңғыруы» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы 
жаңғырту міндеттерін шешу мәнмәтінінде (контекстінде) білім алушылардың 
әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру болып табылады.
5. Бағдарламаның міндеттері:


Редакциялау күні
31.10.2018
Сақтау күні
15.01.2019
Дата редакции
31.10.2018
Дата скачивания
15.01.2019
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
1) негізгі әлеуметтанулық, саяси, гуманитарлық ұғымдарды, қоғам мен 
оның кіші жүйелерін зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдерді меңгеру;
2) қазіргі қоғамның және оның әлеуметтік институттарының жұмыс 
істеуінің негізгі принциптері туралы идеяларды қалыптастыру;
3) заманауи қоғамның әлеуметтік мәселелерін сипаттау және талдау 
дағдыларын дамыту, әлеуметтік процестер мен механизмдердің мәнін өзара 
байланысын қалыптастыру;
4) студенттердің әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ақпарат алудың 
негізгі көздері мен әдістерін игеру;
5) әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық білімді кәсіптік қызметте 
пайдалану дағдыларын үйрету;
6) сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны практикада қолдану 
мүмкіндігі.
6. Бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу 
нәтижелеріне ие болады:
оқу пәнінің модулін құрайтын барлық ғылымдар саласының (әлеуметтану, 
саясаттану, мәдениеттану, психология) пәндік білімін түсіндіре және жеткізе алуы 
(ұғым, ой, теория);
1) әлеуметтік-саяси модуль пәнінің базалық ілім жүйелерінде біріктіру 
үдерістерінің өнімі ретінде қоғамның әлеуметтік-этикалық құндылықтарын 
түсіндіру;
2) нақты оқу пәні мен модуль пәнінің мәнмәтінінің өзара әрекеттесу 
нәтижесінде ғылыми әдістер мен зерттеу тәсілдерін пайдалана білу;
3) оқытылатын пәннің аясында ғылыми ой мен теория мазмұны негізінде 
әртүрлі саладағы әлеуметтік қарым-қатынастың жағдайын түсіндіру;
4) әлеуметтік және тұлғаралық қатынастар, тіл, мәдениет, саяси 
бағдарламалар, қазақ қоғамының әртүрлі кезеңде дамуы туралы ақпаратты 
нақтылау және негіздеу;
5) қазақстандық қоғамда жаңарудағы әлеуметтік, саяси, мәдени, 
психологиялық институттардың мәнмәтінінде олардың рөлінің ерекшеліктеріне 
талдау жасай алу;


Редакциялау күні
31.10.2018
Сақтау күні
15.01.2019
Дата редакции
31.10.2018
Дата скачивания
15.01.2019
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
6) қазақстандық қоғамдағы этикалық және құқықтық нормалар, қоғамдық, 
іскерлік, мәдени құндылықтар жүйесіне тең келетін түрлі қарым-қатынастағы 
әртүрлі жағдайларды сараптау;
7) нақты мәселелерді талдау үшін әдіснамалық таңдауды негіздеу және 
қоғамды зерттеудің әртүрлі жолдарын айыра білу;
8) ғылымның әлеуметтік-гуманитарлық түрі немесе басқа да ғылымдар 
саласында қоғамдағы нақты жағдай қатынасын бағалау, болатын қауіп-қатерді 
ескере отырып оның даму болашағын жобалай алу;
9) кәсіби әлеуметтегі, сонымен қатар, қоғамдағы шиеленістерді шешуде 
бағдарламалар жасай алу;
10) түрлі қарым-қатынас аясында зерттеу жобалық қызметтерін жүзеге 
асыра алу, қоғамдық бағалы ілімді түрлендіру (генерациялау), оны жобалау;
11) әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дұрыс білдіре 
және дәлелді түрде қорғай білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет