3) өзін-өзі дамыту және басқа мақсаттар үшін кәсіби қызметінің әртүрлі аймағында, ғылыми және
практикалық жұмыстарында заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдысын
қалыптастыру.
6. Бағдарламаны меңгеру нәтижесінде білім алушы келесі оқу нәтижелеріне ие болады:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологияның даму тенденциялары мен мазмұнын, тағайындалуын
түсіндіру, нақты мәселелерді шешу үшін айрықша тиімді технологияны таңдауды негіздеуге;
2) ақпараттық және коммуникациялық процестерді жүзеге асыру тәсілдерін, ақпараттарды жинау,
сақтау және өңдеу әдістерін түсіндіруге;
3) негізгі компоненттер мен функцияларды, компьютерлік жүйелер мен желілер құрылымын
сипаттауға;
4) ақпараттарды сақтау, тарату мен өңдеу, іздеуге арналған мобильдік және бұлтты қызметтерді,
ақпараттық Интернет ресурстарды қолдануға;
5) ақпаратты сақтау, өңдеу, жинау және жіберуге арналған компьютерлік желі мен жүйелердің
аппараттық және бағдарламалық жабдықталуын қолдануға;
6) ақпараттарды қорғау құрылғылары мен әдістерін таңдауды негіздеу және талдауға;
7) сандық технология көмегімен әртүрлі қызметкерлік саласына арналған деректерді басқару және
талдау құрылғыларын жасауға;
8) заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы мамандық бойынша
жобалық қызметтерді қалыптастыруға.
Достарыңызбен бөлісу: